Төмен температураға жедел бейімделу механизімі:
1.Бірінші деңгейі - бұл дене деңгейінің терморегуляциясына байланысты. Дене үсті аумақтарында перифериялық тамырларының тартылуы және ишемиясы байқалады.Жылу беру үдерісі төмендейді. Содан кейін жиырылғыштық термогенез үдерісі қосылады: 1 сатысы – алдымен бұлшық ет тонусын ұлғаяды, 2 - бұлшық ет дірілі - рефлекторлы іске қосылады, бір топ бұлшық еттердің изотоникалық және изометриялық үйлесімі қысқартылады, көбінесе жақтың немесе мойын бұлшық еттері. 3- содан кейін еркін бұлшық еттерінің жиырылуы басталады. Алайда, осы реакциялардың тиімділігі жоғары емес, өйткені қан - жұмыс істейтін бұлшық еттерінде көбейеді, бұл жылудың шашырауына әкеледі. 2.Декомпенсация сатысы. Бұл адамдарда мас күйінде тез туындайды, өйткені алкоголь перифериялық қан тамырларын кеңейтеді және қозғалыс орталықтарына уытты әсер етеді. Оларқозғыштықты азайта отырып, компенсация кезеңін баяулатады.Қанайналымының белсенділігін төмендетеді. Салдану әсерінен перифериялық қан тамырлары кеңейеді, миопаралитикалық артериялық гиперемия периферияда веноздыға айналады, сана қабілеті нашарлайды, бұлшық ет қатаяды, адам ұйықтапқалады. Күш қайраттылығын жоғалтады. Сопақша мидың өмірлік орталықтарындағы жауапты рецепторлардың салдануы салдарынан өлімге ұшырайды.
Гипертермия. Компенсация сатысында перифериялық тамырлардың кеңейюі бірінші пайда болады. Артериялық гиперемия туындайды. Қоршаған орта температурасы дене температурасынан жоғары болғанда гиперемия тері есебінен өз деңгейін сақтайды. Гипоксия газ алкалозына әкеледі. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің және тыныс алу орталықтарының реттелуі нәтежиісінде жануар өлімге ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |