«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет11/35
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92100
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Бақылау сұрақтары:

  1. Ферменттер дегеніміз не?

  2. Ферменттер қалай жіктеледі және қалай аталады?

  3. Кофермент, апофермент деген не?

  4. В1, В2, В5, В6, В12 витаминдері қандай коферменттердің құрамында болады?

  5. Ферменттер қалай жіктеледі?

  6. Ферменттер қалай аталады?

  7. Субстрат дегеніміз не?

  8. Ферменттердің активті орталығы дегеніміз не?

  9. Ферменттер әсерінің теориясын айтыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейітов З.С. Биологиялық химия. – Алматы:«Қайнар», 1992.

  2. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.

  3. Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994.

  4. Чечеткин А.В. и др. Биохимия животных. – М.: «ВШ», 1982.

  5. Малахов А.Г., Вишняков С.И. Биохимия сельскохозяйственных животных.– М.:«Колос», 1984.

  6. Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.



Дәріс 4
Тақырыбы: «Гормондар, химиялық табиғаты»
Дәріс мақсаты: Гормондардың түзілуі және химиялық табиғаты, организмдегі зат алмасу процесіне әсері жөнінде толық мағлұмат беру.
Негізгі терминдер: Эндокринология, гипофиз, гипоталамус, инсулин, тироксин, глюкагон, адреналин, норадреналин паратгормон, стероидты гормондар.
Жоспары:
1. Эндокринологияға кіріспе.
2. Гормондар түзілетін мүшелер және олардың қызметі.
3. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары.
4. Ұйқы безінің гормондары.
Жоғары сатыдағы жануарлар организмінің миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан да ол тірі организм денесі біртұтас болып табылады. Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады.
Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Жүйке жүйесі арқылы хабар беру өте тез - миллисекунд ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бір-бірімен бірі өзара тікелей байланысқан.
Эндокрин (гректің еndokrin - ішке шығарамын деген сөзінен шыққан) бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысана - клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзақ болады.
Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады. Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршілік әрекетін, организмдегі зат алмасуын орталық жүйке жүйесі басқарып отырады.
Сонымен, гормон дегеніміз — биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық зат.
«Гормон» деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hormao - қоздырамын, қозғалтамын), оны ғылыми ұғым ретінде 1904 жылы У. Бэйлисс пен Э. Стерлинг енгізген.
Гормондар тек нысана-клетка деп аталатындарға ғана әсер етеді, ол клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (rесерtor - қабылдаушы деген латын сөзінен шыққан) болады, ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка ішіне орналасқан және олармен байланысқан. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық процестерге әсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның жарты өмірі ұзақ емес, әдетте ол бір сағаттан кем.
Гормондар организмде аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады:
1) физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі;
2) физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді;
3) бірқатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық қысымның, қандағы глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездерінің, гипофиздің гормондары және гипоталамустың гормондары жақсы зерттелген. Гипоталамус эндокрин жүйесін негізгі реттеуші болып табылады және мұнда «өте күшті гормондар» немесе «нейрогормондар» түзіледі. Олар басқа клеткаларда да гормонның түзілуіне әсер етеді.
Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметін, одан бөлініп шығатын секреттерді және зат алмасуды гормондардың реттеу механизмін зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.
Қалқанша бездің негізгі де әсіресе активті гормоны тироксин мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Йодидтер ерекше пероксидаза ферментінің әсер етуімен тиреоглобулин белогы құрамындағы тирозин қалдығымен реакцияласады. Мұнда тирозиннің бүйірлік тобы йодтанады және монойодтирозиндер мен дийодтирозиндер түзіледі. Тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары және басқа да амин қышқылдары босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласының тотыға конденсациялану жолымен түзіледі, бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі.
Қалқанша маңындағы бездерде екі пептидтік гормон-паратгормон (паратирин) және кальцитонин түзіледі. Бұл екі гормон да бірқатар жануарлардың және адамның қалқанша маңындағы бездерінен таза күйінде бөлініп алынған. Олардың біріншілік құрылымы анықталған. Паратгормон дегеніміз-полипептид.
Лангерганс аралшығында екі түрлі клетка типі - α- және β-клеткалары бар. Олар екі түрлі гормон бөліп шығарады. Ол екеуі инсулин және глюкагон деп аталады және олар біріне-бірі қарама-қарсы қызмет атақарады. Лангерганс аралшығының β-клеткаларында инсулин жасалып шығады, алғаш ол проинсулин түрінде бір полипептидтік тізбек болып құрылады; ондай тізбек жануарлар түріне байланысты 78—86 амин қышқылы қалдықтарынан тұрады. Ұйқы безінің екінші гормоны - глюкагон. Ол Лангерганс аралшықтарының α-клеткаларында жасалып шығады. Глюкагон дегеніміз-29 амин қышқылынан құралатын, М 3500, бір тізбекті полипептид.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет