«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет28/35
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92100
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993.

  2. Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.

  3. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.

4. Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.
5. Бохински Р. Современные воззления в биохимии. М.Мир. 1987.
6. Зенгбуш П. Молекуларная клеточная биохимия 3 томдық. М.Мир. 1982.


Дәріс 12. Дәріс 10 Майлардың биосинтезі. Май қышқылдарының ß-тотығуы. Кетоз құбылысы. Майлардың ұлпада ыдырауы
Дәріс жоспары:

  1. Майлардың ұлпада ыдырауы

  2. Кетондық денелердің түзілуі

  3. Ацетил-А-коферментінің түзілуі және оның биологиялық маңызы.

Фосфолипидтер мен сфинголипидтер клетка мембранасының құрылымдық негізін құрайды. Сондықтан олар биологиялық маңызды қызмет атқарады. Фосфолипидтер амфипатиялық қосылыс. Олардың гидрофобтық ұзын тобы және гидрофильдік шағын «басы» бар. Осының арқасында бір жағынан полярсыз қосылыстармен, екінші жағынан полярлы қосылыстармен көршілес отырып, қатарласа жақсы орналасады.
Фосфатидилхолин (лецитин) - негізгі фосфолипидтердің біреуі, ол екі жолмен түзіледі. Оның бір жолын de novo («басынан бастап»), екіншісін «құтқарушы» деп атайды. (А. Ленинджер, 1985). Фосфолипидтердің анаболалық реакцияларына цитидинтрифосфат (ЦТФ) қатысады. Оның көмегімен фосфохолин мен фосфоэтаноламин активтенеді. Бұл екі жағдайда да синтез диацилглицерол арқылы жүреді. Диацилглицеролдың түзілу механизмі жоғарыда қарастырылды.
1) Этаноламинкиназа ферментінің әсер етуімен және Мg2+ иондарының қатысуымен фосфоэтаноламин түзіледі:

Фосфоэтаноламин
2) Фосфоэтаноламин мен ЦТФ реакцияласады да, цитидиндифосфат-этаноламиннің (ЦДФ-этаноламнннің) активті молекуласы түзіледі, бұл реакцияны фосфоэтаноламинцитидилтрансфераза ферменті катализдейді:
Фосфоэтаноламин + ЦТФ → ЦДФ—этаноламин + пирофосфат
3) Бұдан кейін ЦДФ - этаноламин мен диацилглицерол өзара әрекеттеседі. Бұл реакцияға этаноламинфосфотрансфераза ферменті қатысады.

Диацилглицерол ЦДФ-этаноламин Фосфатидилэтаноламин (кефалин)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет