«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж


«Простагландиндер. Гормондардың әсер ету механизмі»



бет12/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
лек. биохим

«Простагландиндер. Гормондардың әсер ету механизмі»
Простагландиндер (ПГ)—жоғары активті органикалық заттар, олар бір жерде әсер ететін гормондар. Бұл гормондарды 30-жылдары ең алғаш швед ғалымы У. Эйлер адам спермасынан тапты. Бұлшық еттің жиырылуына жағдай жасай алатын және қан қысымын төмендететін зат бар екенін анықтады. Өзінің простагландин деп аталу себебі ол ең алғаш қуық түбі безінің (простаттың) ұрықтық сұйық затынан бөліп алынды.
Қазір ПГ сүтқоректі жануарлардың эритроциттерінен басқа, барлық клеткаларынан табылды, бірқатар өсімдіктерден де алынды.
ПГ затының мүшелердегі, ұлпадағы мөлшері шағын, 10-9 г шамасындай. Осындай аз мөлшерінің өзі организмге өте күшті әсер етеді. Олар организмде жиналып қалмайды, клетка аралығына үздіксіз шығып отырады. Гормондардан айырмасы ПГ өзі бөлініп шыққан жердің маңына әсер етеді және клеткадан тыс жағдайда тез бұзылады (секундтың, бірнеше бөлігінен — 2 минут аралығында).
Химиялық табиғаты. Қазіргі кезде 20 шамасындай простагландиндер белгілі. Олардың бәрі — полиқанықпаған арахидон қышқылының туындысы.
Сонымен, ПГ дегеніміз — полиқанықпаған гидроксимай қышқылы. Төменде ПГ—ПГЕ2-нін, біреуінің құрылымдык формуласы берілген:

ПГ клеткалардағы зат алмасуды белсенді түрде реттеуші қызметін атқарады. Тәжірибе жүзінде мыналар дәлелденген:


1) ПГ-ның жылтыр бұлшық етті, әсіресе жатыр бұлшық етін және жұмыртқа жолының бұлшық етін жиырылдыратыны:
2) қан тамырын кеңейтетіні, қанның ұюын баяулататыны (тромбоциттар бірігуін баяулату арқылы);
3) асқазан сөлінің бөлінуін тежейтіні дәлелденді;
4) ішек-қарын, өкпе мен қолқа жұмысын жақсартады;
5) жүрек қызметінің ырғақтылығын өзгертеді;
6) әйелдердің жыныс циклына әсер етеді;
7) орталық жүйке жүйесінің жұмысын активтендіреді;
8) қабыну процестеріне жауапты, т.с.с. Жақында аспириннің және басқа да бірқатар қабынуға қолданылатын дәрілердің әсері, сірә, ПГ биосинтезін тежеуге негізделген болса керек деген мәлімет алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет