«жануарлар мектебі» жобалау әдістемесі мақсаты



Дата24.04.2023
өлшемі36,5 Kb.
#86327

«ЖАНУАРЛАР МЕКТЕБІ» ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ


Мақсаты: Оқу әрекетінде және сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасында туындаған қиындықтарды анықтау, қызығушылығын, ой- өрісін, тұрақтылығын дамыту, балаларды өзара жақсы қарым- қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: қағаз, түрлі – түсті қарындаштар.
(Мектепке оқушылардың бейімделуін диагностикалау)
Көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Бала өзі шеше алмайтын көптеген мәселелермен кездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын ерте диагностикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейкесті және маңызды мәселе болып табылады. Бұл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен, психологиялық қорғаныстың әр түрлі формаларымен кездеседі. Психологиялық қорғаныс бейсаналы деңгейде қалыптасқандықтан бұл жағдайдың механизмдерін жобалау әдістеменің көмегімен зерттеуге болады. Мұндай әдістемелердің бірі – «Жануарлар мектебі». Бұл әдістеме мектеп неврозы дамуының алғашқы сатысын, себебін және түзету жұмысын анықтауға мүмкіндік береді. Жақсы атмосфера және бағалау пікірінің жоқтығы баланың еш кедергісіз сурет салуына жағдай туғызады.
I. Қазір біз сіздермен бірге сиқырлы орманға қызықты саяхат жасаймыз. Ыңғайлы отырыңыздар, денелеріңізді бос ұстаңыздар, көздеріңізді жұмыңдар. Ашық күнді орманды алқапта жүрміз деп елестетіңдер. Басымызға жапырақтар, аяғымызға жұмсақ шөптер шайқалып тиеді. Алқапта сендер «Жануарлар мектебі» деген жазуды көрдіңдер. Айналаға қараңдар! Қандай жануарлар бұл мектепте оқиды екен? Ал қандай жануар мұғалім? Сендер қандай сезімде болдыңдар? Осы сезімді ары қарай дамытыңдар. Мен онға дейін санағанша сендер біраз уақыт осы «Жануарлар мектебінде» болыңдар, содан кейін көздеріңді ашасыңдар!
II. Нұсқау:
Сіздер «Жануарлар мектебінде» болдыңдар. Ал енді қарындаш пен қағаз алып, не көргендеріңнің суретін бейнелеуді өтінемін.
Тапсырма орындалды.
Өз суреттеріне мұқият қарап, «мен» өзім деген жануарды тап. Оның жанына «Х» немесе «У» әрпін қой.
Интерпретация.

  1. Суреттің қағаздың жоғарғы жағына жақын орналасуы өзін жоғары бағалаушылықты, ұжымдағы еркін жағдайға қанағаттанбаушылықты, айналасындағылар жағынан жеткіліксіз қызметтілікті білдіреді. Суреттің төменгі бағалауды білдіреді. Егер сурет ортада өзіне сенбеушілікті, өзін төмен бағалауды білдіреді. Егер сурет ортада бейінеленсе, онда балада барлығы нормада деп есептеуге болады.

  2. Фигураның контурлары. Фигураның контурлары суреттегі шығыңқы жерлердің көріну немесе көрінбеуімен талданады (кедергілердің, тікендердің типтері арқылы), жолды күңгірт салу – мұның барлығы қоршаған ортадан қорғану болып табылады. Егер үшкір бұрыш салса – агрессиялықты, ал егер контурлы жол күңгірт болса – қорғыныш пен мазасыздықты, тікен, қоршау қойылса – қорғаныс пен күдіктілікті білдіреді.

  3. Карындашты басып салуы. Суреттерді бағалау кезінде басып салуының тұрақтылығына көңіл аудару керек. Ол тұрақтылықты білдіреді. Жай, әлсіз басып салу – мазасыздықтың пайда болуын, қатты басып салу – қысымды білдіреді. Мазасыздануды сонымен бірге сызықтың бөлінуі, өшіргені көрсетеді.

  4. Көз, құлақ, ауыз т.б. бөлшектердің болуы. Көздің бейнеленуі мәліметтің жағымсыздығын, құлақтың бейнеленуі (үлкен немесе әрбір бөлшегін мұқирят салу) өзіне деген айналасындағы адамдардың пікіріне деген қызығушылығы. Ашық штрихталған ауыз – қорқыныштың пайда болуын көрсетеді. Тістер –вербальды агрессияның белгісі.




  1. Адамдарды алу комуникативті қарым – қатынас еркшеліктерін білдіреді. Бір – бірімен әртүрлі қарым қатынастағы балалар (ойнау, оқу әрекеті және т.б.) және олардың араларын бөлетін сызықтың болмауы кластастар арасындағы жағымды қарым – қатынасты көрсетеді. Кері жағдайда оқушылармен қарым – қатынас жасауы қиынға соғатынын айтуға болады.

  2. Баланың бейнеленген мұғалім мен жануар арасындағы қарым – қатынас сипаты. Олардың арасында қарама – қайшылық жоқ па, соны бақылау керек. Мұғалім мен оқушы фигуралары бір – біріне деген қарым – қатынаста қалай орналасқан?

  3. Оқу іс — әрекетінің бейнеленуі. Оқу іс — әрекеті бейнеленбеген жағдайда баланы мектептің оқудан тыс жақтары қызықтырады. Егер оқушылар мұғалім оқу немесе ойын іс — әрекеті жоқ болып, жануарлар мектебін бейнелемесе онда балада оқушы позициясы әлі қалыптаспаған және өзінің мектептік міндеттерін мойындағысы келмейтінін көрсетеді.

  4. Түстік гаммалар.Ашық, өмірді қуантатын түстер баланың мектептегі жағымды эмоциялық жағдайын көрсетеді. Күңгірт, бұлыңғыр түс жағымсыз және түсіңкі жағдайды білдіреді.

III. Суретте мектеппен байланысты жағымсыз ассоциация бейнеленбеген, оның қолданған түстік гаммалары бояулары да баланың мектепке деген жағымды қарым – қатынасын білдіреді.
Суретте жағымсыз ассоциация жоқ, түстік гаммалары ашық бейнеленген. Бірақ та, оқушылардың бір – бірін сызықпен бөлу сыныптастары арасындағы қарым – қатынастың қиыншылығын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет