Жануарлар ойлай ала ма? Жануарлар тілі
Жоспар:
І. Жануарлар психикасының ерекшеліктері, олардың адам психологиясынан айырмашылығы
1.1 Адамзат қоғамында және жануарлар дүниесінде психиканың дамуы
1.2 Жануарлардың интеллект мәселесі
1.3 Жануарлар психологиясына еңбек сіңірген ғалымдар
ІІ. Жануарлар тілі
2.1 Адами емес тіл дегеніміз не?
2.2 Құстар және аралар
2.3 Жануарлар адам тілін меңгере ала ма?
І. Жануарлар психикасының ерекшеліктері, олардың адам психологиясынан айырмашылығы
1.1 Адамзат қоғамында және жануарлар дүниесінде психиканың дамуы
Академик Орпореннің теориясы бойынша тірі материяның пайда болуы үшін органикалық заттар бір-бірімен қосылуы керек болады. Органикалық қоспалардың дамуы нәтижесінде молекулалар пайда болады. Молекулалардың зат алмасу процесінде сыртқы әсерлерге жауабы тітіркенушілік деп аталады. Тірі организмдерге тән ерекшелік бұл – тропизм. Өсімдіктер мен жәндіктердің түрлі сыртқы ортаға бейімделу формасы тропизм деп аталады. Тропизмнің түрлері:
1)Фототропизм – жарықтың әсерінен органиканың өзгеруі;
2)Термотропизм – температураның әсерінен органиканың өзгеруі;
3)Хемотропизм – органиканың белгілі бір физикалықжәне химиялық ортаның берілуі;
4)Топотропизм – механиканың тітіркендіргіштердің әсерінен органиканың қозғалуы.
Жәндіктерде бірінші сезімталдық қасиет пайда болады. Сосын нерв системасы пайда бола бастайды. Ол ганглитүйіндері деп аталады және құрттар мен құмырсқаларға тән. Біртіндеп жәндіктердің іс-әрекеті де күрделене бастайды. Құрт-құмырсқалардың мінез-құлқы туа пайда болады, яғни инстентивтік мінез-құлық ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.
Инстинг – органиканың белгілі бір тіршілік ортасына әбден көніккендігін көрсететін мінез-құлықтың түрі. Оның үш түрі бар: 1) қорғаныс; 2) тамақтану; 3) жыныстық.
Жануарларды түрлі иіс сезу, дәм сезу қабықтары біртіндеп пайда болады. Ми қабығының құрылымы негұрлым үлкен болса, жануарларда дағдының қалыптасуы да тез әрі оңай болады. Дағды дегеніміз бір әрекеттің қайталана беруінің нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет. Инстинкттің физикалық негізі шарттсыз рефлекс, дағдынікі шартты. Сондай-ақ бұл екеуі барлық жануарларға тән. Ал жоғарғы сатыдағы жануарларға бұлармен қатар интеллектуалдық мінез құлық тән. Мысалы, Жоғарғы сатыдағы жануарларға тән қасиеттің бірі – еліктеушілік. Сана – тек адамға тән дара қасиет. Ол жануарларға тән емес. Сондай-ақ жануарлар психологиясының адам психологиясынан бірнеше айырмашылықтары бар. Олар:
Жануарлардың мінез-құлқы барлық уақытта биологиялық мотивтермен байланысты, яғни олардың мінез-құлқы негізінде биологиялық қажеттілік жатыр
Жануарлардың мінез-құлқы барлық уақытта тікелей қабылданған стимулдармен ғана анықталады.
Жануарларда біреудің тәжірибесін ұғынып оны басқаларға жеткізу қасиеті болмайды. [2]
Достарыңызбен бөлісу: |