«Жануарлар патологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Оқытушыларға арналған



бет1/15
Дата06.01.2022
өлшемі34,99 Kb.
#14275
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
умк паталогия




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ


4-ші дәрежелі СМЖ құжаты


ОӘК


П 042-14-4-03-1.20.17/02-2015


«Жануарлар патологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені. Оқытушыларға арналған

1 басылым





«Жануарлар патологиясы-II»

пәнінің 5В120200 және 5В120100 мамандықтарына

арналған (студентер силабусы)

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

С Е М Е Й

2015

Алғы сөз
1. Құрастырды:

Доцент Оразалиева С.Б. құрастырып, дайындаған.

Жануарлар патологиясының зертханалық- тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелек ұсыныстар мына мамандықтарға:

5В120100- ветеринариялық медицина

5В120200- ветеринариялық санитария

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2015 жыл, 30 бет.


2. Талқыланды:

Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық санитария» кафедра отырысында

Хаттама № «____» _________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі, доцент Серикова А.Т.

Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды

Хаттама № «____» _________ 2015 ж

Төрағасы Джаманова Г.И.


3. Бекітті:

Шәкәрім атындағы СМУ

бірінші проректоры Искакова Г.

Мазмұны


1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Зертханалық сабақтар

4. Курстық және дипломдық жұмыстар

5. Студенттердің өзіндік жұмыстары

1. Глосарий НЗ-Некроз

2. ДС-Дистрофиялар

3. РГ-Регенерация

4. АГ-Атрофиялар

5. ҚБ-Қабыну

6. АБ-Өлім белгілері

7. КІ-кемелденген ісіктер

8. КДІ-кемелденбеген ісіктер

9. МЦА-Микроциркуляторлық арна

10. ГДБ-Гемодинамикалық бұзылыс

11. ЖҚП-жіті қабыну процесі

12. СҚП-созылмалы қабыну процесі

13. ПАЗ-патологиялық анатомиялық зерттеу

Мал дәрігерлеріне патологиялық анатомияны терең, жан-жақты білу өте қажет, өйткені ол жануар денесіндегі түрлі аурулардың салдарынан туған морфологиялық өзгерістерді даму барысында зерттейді. Осыған орай мал өлімдерінің себебін патоморфологиялық зерттеулер арқылы уақытын да анықтап, мал шығынын дер кезінде тоқтатуға болады.

Жалпы патологиялық процесстерді, жұқпалы және де жұқпайтын ауруларда кездесетін патоморфологиялық өзгерістерді білмейінше ауру малды тез және дұрыс комплексті емдеу, аурудың алдын алу шараларын уақытында ұйымдастыру мүмкін емес.

Осы ұсыныстар жалпы патологиялық процесстерді оқитын мал дәрігерлік факультетінің III курс студенттеріне арналған. Мұнда патологиялық анатомия кафедрасының лабаториясы мен өлекселер соятын жердегі (прозектория) жұмыс тәртібі жөнінде жалпы мәліметтер берілген және де өлек седе кездесетін өзгерістерді патологиялық материалдың алыну әдістері, оны лабараторияға патогистологиялық зерттеулерге жөнелту тәртіптері баяндалады. Сонымен қатар көптеген гистологиялық препараттардағы патоморфологиялық өзгерістер берілген, айталық мына темалардан: өлі еттену (некроз), нәр жетіспеу ( дистрофии), қан айналасының бұзылуы, бейімделу және қайтадан қалпына келу, қабыну.

Айта кететін бір жәй: гистологиялық препараттардағы патоморфологиялық өзгерістер жөнінде студент күні бұрын теориялық тиісті мәліметтер алған болса, оқулықтарды, методикалық тиісті мәліметтер алған болса, оқулықтарды, методикалық кітап-құралдарды пайдаланып, сонда ғана оның патологиялық анатомиядағы зерттеу жұмысы нәтижелі болады.

Патоморфологиялық өзгерістерді гистологиялық препараттар арқылы анықтау үшін, оқырман студент қауымға ұсынылып отырған методикалық ұсыныстармен терең творчестволық жұмыс жасау қажет, сонда ол зерттеушілік қабілетіне ие болады.

Гистопрепаратты зерттеу нәтижесінде студент патогисто-логиялық диагноз құруға тиісті, сонымен қатар анықталған негізгі патоморфологиялық өзгерістерді түсінігімен дәптеріне салады, ол үшін түсті қарындаштарды пайдалану қажет және де препараттарды зерттеу, олардың суреттерін салу процесстерінде оқу құралдарын, таблицалар мен плакатттарды негізге алады.

Тағы да айта кететін бір жәй патогистологиялық диагнозды патологиялық анатомияда қолданатын арнайы терминдермен көрсеткен жөн. Мысалы: «бүйректегі қанталанған инфаркт», «бауырдың гемосидерозы», «түйіршіктенген миокардоз». Естеріңізде болсын! Әрбір гистопреиараттың орнын толтыру кафедра үшін өте күрделі мәселе. Сондықтан да олармен өте ұқыпты жұмыс жасау керек.

1.Паталогиялық анатомия кафедрасының лабароториясы мен өлекселер соятын жерде жұмыс істеу тәртіптері. Өлек седегі пайда болатын өзгерістерді зерттеу. Патогистологиялық зерттеуге арналған материалды алу, консервілеу және жөнелту.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет