Жануарлар



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Сусиырлардың қорегі
Сусиырлар – шөпқоректі жануарлар. Олардың 
ең бірінші азығы – шөп. Олар күн сайын түнде 
өздеріне белгілі жолдармен жайылымдарға азық 
іздеп шығады. Әрбір түн сайын шамамен 40 кг 
азық жейді. Олар шөпті жұлып, өсімдіктерді 
жұту үшін өздерінің қатты жалпақ еріндерін 
пайдаланады.  Кей кездері олар белгілі бір 
аймақтағы барлық шөпті жеп тауысқанда 
бірнеше сағат ішінде келесі алқапқа көшіп 
шығады. 
Өмір кезеңдері
Ұрғашы сусиыр әрбір екі жыл сайын бір ғана кіші 
сусиырды дүниеге әкеледі. Сусиырлардың баланы 
көтеру мерзімі сегіз ай. Сусиырлар баласын 
суда дүниеге әкеледі, баласы туыла салып жүзе 
алатын болады. Олар аналарының сүтімен суда 
жүріп-ақ қоректене бастайды. Олар туылғаннан 
соң алты-сегіз айға дейін аналарының сүтімен, 
одан соң шөппен қоректенеді. Жас сусиырларға 
қолтырауындар, арыстандар және гиеналар жиі 
шабуыл жасайды.
Сусиырлардың араласу топтары
Сусиырлар еркін байланысқан әлеуметтік 
топтарда өмір сүреді. Бір топтың 10­нан 
15­ке дейін мүшесі болады. Топтың мүшелері 
мәңгілікке байланыспаған. Еркек сусиырлар 
өз аймақтарын нәжістермен белгілеп, осы 
аймақты қорғайды. Сонымен қатар олар 
топтағы ұрғашы сусиырларды да қорғайды.
Өзен сусиырлары
Өзен сусиырының денесі алып және аяқтары қысқа 
болып келеді. Бұл сусиырдың басы үлкен, құйрығы 
қысқа және әрбір аяғында төрт саусақтан болады. 
Әрбір саусағы тырнақ секілді тұяқпен аяқталады. 
Бұлардың қабыршақты саусақтары олардың жүзуіне 
көмектеседі. Еркек өзен сусиырларының биіктігі 
1,7 м­дей, ал ұзындықтары 3­4,5 м­дей болады. Өзен 
сусиырлары өздерінің өте үлкен ауыздарын 150°­ге 
дейін ашып, үшкір және алып тістерін көрсете алады.
Азық іздеп үйреншікті 
жолмен кетіп бара жатқан 
сусиырлар
Ергежейлі сусиырлар
Ергежейлі сусиырлардың өлшемі үй шошқасының 
өлшеміндей­ақ. Олардың салмағы 125­тен 225 кг­ға 
дейін, бойлары шамамен 75­80 см болып келеді. 
Олар табиғатта сирек кездеседі, уақыттарын өзен 
сусиырларына қарағанда құрғақта көбірек өткізеді. 
Оларды Либерия, Кот­д ´Ивуар, Сьерра­Леоне және 
Гвинеяның ормандарында ағыстар мен батпақтар 
жанынан кездестіруге болады.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
27

Мүйізтұмсықтар – пілдер мен бегемоттардан кейінгі құрлықтағы ең үлкен жануарлардың 
бірі. Мүйізтұмсықтардың бес түрі белгілі, олар: суматралық, явалық, үнділік қара және ақ 
мүйізтұмсықтар. Суматралық, үнділік және явалық мүйізтұмсықтар Азияны мекендесе, ақ 
және қара мүйізтұмсықтар Африканы мекендейді.
мүйізтұмсықтар
Тұяқты сүтқоректілер
Мүйізтұмсықтар тұяқты сүтқоректілерге жатады. 
Олардың аяқтарының басында үш саусағы 
болады, әрбір саусағы бөлек тұяқпен аяқталады. 
Ортаңғы саусағы – ең үлкені. Бұл саусақ мүйіз-
тұмсықтың ауыр денесінің ең басты тірегі. 
Мүйізтұмсық әрдайым аяқтарының ұшымен 
жүреді. Мүйізтұмсықтардың денесі үлкен және 
аяқтары қысқа болады. Олардың биіктіктері иық 
тұсында 1 м-ден 2-ге дейін жетеді, ал салмақтары 
1 тоннадан асады. Олардың денесін қатпарланған 
қалың терісі жауып жатады.
Мүйіздері
Мүйізтұмсықтардың мұрнынан 
басталатын бір немесе екі 
иілген тұмсықтары болады. 
Олар – тұмсықтарында 
мүйіздері бар жалғыз 
жануарлар. Явалық және 
үнділік мүйізтұмсықтарда 
тек бір ғана мүйіз болса, 
суматралық, ақ және қара 
мүйізтұмсықтарда екі мүйізден 
болады. Мүйіздердің құрамы 
кератиннен тұрады. Мүйіздің 
ұзындығы 35 см-ден 1 м-ге дейін жетеді. 
Мүйізтұмсықтардың қорегі
Мүйізтұмсықтар – шөпқоректі жануарлар. 
Қара, үнділік, суматралық және явалық 
мүйізтұмсықтар бұтақтармен қоректенетін болса, 
ақ мүйізтұмсықтар ашық жерлерде жайылып 
жүреді. Қара және үнділік мүйізтұмсықтардың 
үстіңгі еріндері үшбұрыш пішінді, ол заттарды 
ұстап, көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ ағаштар 
мен бұтақтардың жапырақтарын, бүршіктері 
және жемістерін іздеуге және жинауға мүмкіндік 
береді. Ақ мүйізтұмсықтар шөбі мол жерде 
жайылады.
Қара 
африкалық 
мүйізтұмсық
28

Мүйізтұмсық тар дың 
балшыққа малынып 
жатуы
Мүйізтұмсықтар 
балшыққа малынып 
жатқанды ұнатады. 
Бұл олардың терілерін 
күннің күюінен 
және де жәндіктер 
мен паразиттерден 
қорғайды. Олардың 
терілері көп жағдайда 
шағатын шыбындар мен 
кенелердің нысаны болып 
табылады. Балшыққа 
малынып болған соң, 
мүйізтұмсықтар әдетте 
бағаналарға, ағаштарға 
не тастақтарға денелерін 
үйкеп тазалау үшін 
беттейді. Үйкеген кезде 
балшықтармен бірге 
шыбындар мен кенелер де 
түсіп қалады. 
Жойылу алдында 
тұрған жануарлар
Мүйізтұмсықтарға 
жойылу қаупі төніп 
тұр. Бес түрінің ішінде 
явалық, суматралық және 
қара мүйізтұмсықтар 
жойылудың нақ алдында 
тұр, ал үнділік мүйізтұм-
сықтың да жойылу қаупі 
бар, ақ мүйізтұмсық 
та осы топқа енуі әбден 
мүмкін.
Заңсыз аңшылық
Мүйізтұмсықтардың мүйіздері медициналық жағынан 
құнды деген оймен көптеген адамдар оларға заңсыз түрде 
шабуылдап, аңшылық етеді. 
Йемен мен Оманда олардың 
мүйіздерінен қанжар 
саптарын да 
жасайды.
Суматралық және явалық 
мүйізтұмсықтар
Суматралық мүйізтұмсық – барлық 
мүйізтұмсықтардың ішіндегі ең кішісі 
және түктісі. Оны Батыс Индонезиядағы 
Суматра аралынан кездестіруге 
болады. Явалық мүйізтұмсық – барлық 
мүйізтұмсықтардың ішіндегі ең сирек 
кездесетін түрі. Бұлар – жойылудың 
алдында тұрған аңдар. Қазіргі таңда 
небәрі 60­тай ғана явалық мүйізтұмсық 
қалған.
Үнділік 
мүйізтұмсық
Суматралық мүйізтұмсық 
балшыққа малынып жатыр
Африкалық мүйізтұмсықтар
Африкалық мүйізтұмсықтардың екі 
мүйізі болады және де олар азиялық 
мүйізтұмсықтарға қарағанда үлкенірек 
келеді. Африкалық мүйізтұмсықтардың 
ағы да, қарасы да бір түсті, яғни сұр түсті 
болады. Ақ мүйізтұмсықтар (шаршы ерінді 
мүйізтұмсықтар) – мүйізтұмсықтардың 
ішінде ең кең тарағаны. Олардың ұзын 
беттері, шөпті алуға ыңғайлы жалпақ және 
шаршы тәрізді еріндері, сонымен қатар 
арқасы бүкір болып келеді. 
Үнділік мүйізтұмсықтар
Үнділік мүйізтұмсықтар Непал мен 
Үндістандағы Ассамның жайылымдары 
мен ормандарында кездеседі. Үнділік 
мүйізтұмсықтарды африкалық 
мүйізтұмсықтардан олардың жалғыз 
мүйіздері мен буын тұстарындағы терең 
қатпарлы терілері арқылы ажыратуға 
болады.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
29

Түйелерді қолға үйрету
Түйелер көлік ретінде қолданылып, олардың 
сүтін, көңін, жүнін және қанын пайдалану үшін 
қолға үйретілген. Оларды б.з.д. 2000 жылдарға 
дейін-ақ қолға үйреткен. Дромедар түйелерін 
б.з.д. 3000 және 2500 жылдары Арабия 
түбегінде қолға үйретсе, бактриан түйелерін 
Иранда шамамен б.з.д. 2600 жылдары қолға 
үйреткен. 
Жалғыз өркешті түйе (дромедар)
Дромедар түйесі немесе арабиялық түйе – 
түйелердің ішіндегі кең тараған түрі. Бұл түйе 
сарғыш  қоңыр не қара түсті, жалғыз өркешті, 
ұзын аяқты және ұзын иілген мойынды болып 
келеді. Жүндері басында, мойын, тамақ, 
жамбас және құйрық тұстарында қалыңырақ 
болады. Олар майларын өркештерінде 
жинайды, азық жоқ кезде сол майын 
пайдаланады.
Қос өркешті түйе (бактриан)
Бактриан түйесін Моңғолияның оңтүстік-батысы мен 
Қытайдың солтүстік-батысынан кездестіруге болады. 
Бұл өлшемі жағынан дромедар түйесіне қарағанда 
кішірек болып, арқасында екі өркеші болады. Алайда 
мұның денесі дромедар түйесінің денесіне қарағанда 
мықтырақ болып келеді. Бактриан түйесінің жүні 
қыстыгүні қалыңдау, жаздыгүні жұқалау болады. Бұл 
ерекшелігі жаздыгүндері температурасы 60° С
ыстық болып, қыстыгүндері температурасы өте 
төмен түсетін тіршілік ортасының климаттық 
ерекшеліктеріне бейімделуіне көмектеседі. Бактриан 
түйелерінің екі түр тармағы болады, олар – жабайы 
және қолға үйретілген түйелер. Жабайы бактриан 
түйелерінің өркештері үй түйелерінің өркештеріне 
қарағанда кішілеу, жүндері жұқалау болады. 
Жойылу қаупі алдындағы жануар
Жабайы бактриан түйесі – жойылу алдында 
тұрған жануар. Әлемде олардың шамамен 
1000 дарасы ғана қалған.
Түйелер
Түйелер, ламалар, альпакалар, гуанаколар және викуньялар – түйелер тобына жататын 
жұптұяқты күйіс қайыратын жануарлар. Олар түйе тұқымдасына жатады. Түйелер Азия 
мен Африканың шөлді аймақтарын мекендейді. Бактриан түйесі (қос өркешті) мен дромедар 
түйесі (жалғыз өркешті) – түйелердің ішіндегі қазіргі таңда сақталып қалған екі түрі.
30

Викунья
Викуньялар – 
түйелер тұқымдасының 
жабайы мүшелері. Оны 
Оңтүстік Америкадан 
кездестіруге болады. 
Викуньялардың жұмсақ  және 
жібектей жүндері – әлемдегі ең 
бағалы табиғи талшықтардың бірі. 
Лама
Ламалар – Оңтүстік Американың 
жергілікті түйелері. Түйенің туыстасы 
болғанымен, ламаларда өркеш болмайды. 
Ламаларды Анд халықтары қолға 
үйреткен. Олар жүкті тасу үшін 
қолданылады. Сонымен қатар ламалардың 
жүні мен еті де бағалы.
Гуанако
Гуанако – Оңтүстік Америкадағы ең үлкен жабайы 
сүтқоректілердің бірі. Бұл Анд таулары мен қыраттарында, 
Чили және Аргентинаның жазықтығы мен жағалауларында 
кездеседі. Гуанаколар – жабайы жануарлар. Альпакалар 
мен ламалар секілді бұлар қолға 
үйретілмеген. Олар 10 шақты 
үлкен ұрғашылар мен олардың 
боталарынан  тұратын топтарда 
өмір сүреді. Топты еркек 
гуанако басқарады.
Альпака
Лама секілді альпака да Оңтүстік 
Американың жергілікті жануары. 
Альпакалар ламаларға қарағанда 
кішілеу. Оларды жүнінен жемпір, 
төсеніш, басқа да бұйымдарды дайындау 
үшін өсіреді.
Көп жағдайда 
гуанаколар 
теңіз деңгейінен 
4 км-дей 
биіктікте 
кездеседі.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
31

Жылқылар
Жылқылар зебра, тарпаң, 
құланмен туыстас болып 
келеді. Олардың барлығы 
жылқы тұқымдасына 
жатады. Жылқылардың 
барлық түрі дерлік қолға 
үйретілген. Жабайы 
жылқылардың ішінде 
жойылып бара жатқан 
жалғыз түрі Пржевальский 
жылқысы болып табылады.
Жылқылардың қорегі
Жылқылар – жайылып жүріп қоректенетін  
жануарлар. Олар – шөпқоректілер. Әр түрлі 
өсімдіктермен қоректенеді. Олар күніне 7-ден 
12 кг-ға дейін азық жеп, 35-тен 40 л-ге дейін су 
ішеді. Олар целлюлозаны жақсы қорытады, бірақ  
сиырлар секілді күйіс қайырмайды. Олардың ас-
қазандары қарапайым болып келеді. Шындығы-
на келгенде, олардың асқазандары көптеген 
жануарлардың асқазандарына қарағанда кішірек.
Жылқыларды қолға үйрету
Алғаш жылқылар шамамен 
б.з.д. 2000 жылдары Вавилонда қолға 
үйретілген. Сосын Вавилоннан Мысырға 
әкелінді, одан кейін Таяу Шығыс пен 
Солтүстік Африкаға кеңінен 
тарады. Олар ауыл 
шаруашылығында жүк 
таситын көлік ретінде 
пайдаланылады.
Жылқыларды әлі күнге дейін көп елдерде жүк 
таситын көлік ретінде пайдаланады. 
Топтағы мінез­құлықтары
Жылқылар – үйір құратын жануарлар. 
Жабайы табиғатта жылқылар үйір 
болып өмір сүреді. Үйірде бие мен олардың 
құлындары және бір еркек жылқы, 
яғни айғыр болады. Айғыр өзінің үйірін 
шабуылдаушылардан, өздерінің аймағына 
кірмек болған басқа да айғырлардан 
қорғайды.
32

Араб жылқысы
Араб жылқылары – жылқылардың 
ішіндегі ең ежелгі тұқымдардың бірі. Олар 
әлемдегі ең таза қанды жылқылардың бірі 
саналады. Араб жылқылары өздерінің 
әдемілігімен, шыдамдылығымен, күші 
және қайсарлықтарымен белгілі. Әдетте 
араб жылқыларын аламан бәйгеге салу үшін 
пайдаланады. Атап айтқанда, оларды арбаға 
жегіп шабу, бәйге секілді спорттық шараларда 
қолданады.
Теннессилік жылқы
Теннессилік жылқылар Америка Құрама 
Штаттарының Теннесси штатынан шыққан. 
Олар – өте көнбіс жылқылар.  Оларды 
басқару өте оңай. Олар фермерлік іс-шара-
ларда, айдау, секіру және ойнау секілді 
мақсаттарда қолдануға өте ыңғайлы. 
Олардың өздеріне тән ерекшелігі – жорға 
екендігі. Бұл жылқылар наррагансетт 
жылқы тұқымын, канадалық жылқы, 
морган, стандарт жылқысы және таза қанды 
жылқы тұқымдарын шағылыстыру нәтижесінде 
пайда болған.
Мына жылқының түсі 
қасқа  жирен деген 
атпен белгілі. Бұған 
ерекше талғаммен 
шағылыстыру арқылы 
қол жеткізілген.
Құлан
Құлан – тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы 
жылқы. Дене тұрқы 220­260 см, шоқтығының биіктігі 
120­146 см, салмағы 190­260 кг аралығында. Түсі 
сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, 
құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары 
ақшыл келеді. Бірнеше жыл бұрын құлан Қазақстанда 
Маңғыстау облысының аумағында, Қарағанды, 
Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерінде үйір­
үйірімен топтанып жүрген. Құланды есепсіз аулау  
оның қазақ жерінде құрып кетуіне әкеліп соқты. 
Құланның саны жылдан­жылға азаюына байланысты 
қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 
енгізілген.  
Тұқымдары
Әлемде жылқылардың 300­ден 
астам тұқымдары бар. Тұқым­
дарының мұншалықты көп болу 
себебі – жылдар бойы адамдардың 
талғампаздықпен сұрыптауының 
нәтижесі. Әр түрлі тұқымдардың 
генетикалық ерекшеліктері, яғни  
түсі мен қызмет ету қабілеттері 
болады. Ең белгілі түрлеріне 
таза қанды жылқылар, суффольк 
жылқысы және араб жылқысы 
жатады.
Таза қанды жылқы
Таза қанды жылқылар – ең мықты бәйге аттары. 
Олар әлемдегі ең жүйрік жылқылар қатарына 
жатады. Таза қандылар – тықыр, мықты 
денелі жылқылар, олардың мойындары 
ұзын, арқасы мен иығы күшті болып 
келеді. Таза қанды 
жылқылар 
Англияның 
жергілікті 
жылқы ларын 
араб, бербер 
және түрік 
жылқы-
ларымен 
шағы-
лыстыру 
жолымен 
алынған. 
Суффольк жылқысы
Суффольк жылқылары – Ұлыбританиядағы 
жылқылардың ішіндегі ең ежелгі тұқымы. 
Оларды ауыл шаруашылығы мақсаттарында 
қолданады. Олар жирен түсті болады. Аяқтары 
әрі қысқа, әрі мықты және тұяқтары дөңгелек 
болып келеді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
33

Тау зебралары
Тау зебралары – Ангола, Намибия 
және Оңтүстік Африканың құрғақ, 
тастақты, таулы және қыратты 
аймақтарының жергілікті 
жануарлары. Ересек еркек зебралардың 
иық  тұсындағы биіктіктері 1­1,2 м 
болып, ұзындықтары жағынан 2 м­ге 
дейін жетеді. Әдетте олардың салмағы 
шамамен 400 кг­ға дейін болады. Тау 
зебраларының екі түр тармағы бар – 
Кап тау зебрасы және Хартман тау 
зебрасы.
Грант зебрасы – саванна 
зебраларының түр тармағы.
Хартман тау зебрасы
Зебралар
Саванна зебралары
Саванна зебралары (кәдімгі зебралар немесе 
бурчелл зебрасы деп те аталады) – зебралар 
ішіндегі ең көп тарағандары. Олар Африканың 
шығысынан батысында Анголаға дейін 
созылып жатқан жайылымдарды, саванналар 
мен бұтақты аймақтарды мекендейді. 
Саванна зебралары өмір сүру үшін 
суды көп мөлшерде қажет етеді. Егер 
де бір аймақта су тапшылығы туса, 
зебралар суы көп басқа аймаққа қоныс 
аударады. Саванна зебраларының алты 
түр тармағы бар –  бурчелл зебрасы, 
Грант зебрасы, Селоус зебрасы, 
Чепман зебрасы, Греви зебрасы 
және де жойылып кеткен квагга. 
Зебралар да жылқылар мен құландар кіретін 
тұқымдасқа жатады. Олардың ақ-қара 
жолақты терілері оларды әлемдегі ең 
оңай тануға болатын жануарлар 
қатарына жатқызады. 
Зебраларды тек Африкада 
ғана кездестіруге болады. 
Зебралардың үш түрі бар, 
олар – саванна зебралары, 
шөл зебралары және тау 
зебралары.
34

Греви 
зебрасы
Греви 
зебрасы – 
зебралар­
дың 
ішіндегі 
ең үлкен түрі 
және де жылқылар 
тұқымдасының 
ішіндегі ең үлкен 
жабайы мүшесі. Мұның иық тұсындағы биіктігі 
1,6 м­дей және де ұзындығы 2,7 м­ге, ал салмағы 450 
кг­ға дейін жетеді. Греви зебрасы Солтүстік Кения 
мен Оңтүстік және Шығыс Эфиопияның құрғақ 
жайылымдары мен саванналарын мекендейді.
Жойылу қаупі бар жануар
Греви зебрасы – жойылу қаупі бар жануар. Әлемде 
17000­дай греви зебрасы қалған. Олардың терілері 
өте әдемі болғандықтан, көбіне терілері мен еті 
үшін ауланады. 
Кап тау зебрасы
Кап тау зебрасы 1930 жылдары жойылып кету  
алдында тұр. Оларды сақтап қалудың сәті түсті, 
дегенмен де әлі де жойылу қаупі төніп тұр.  Себебі 
қорықтар мен ұлттық бақтарда олардың  бірнеше 
жүз дарасы ғана қалған.  
Квагга
Квагганың басы мен мойын тұстарында 
ерекше қоңыр және ақшыл түсті жолақтар 
болады, ал аяқтары мен құрсақ бөлігі 
ақ түсті болып келеді. Бұл Оңтүстік 
Африкада 150 жылдай бұрын көп кездесетін. 
Алайда аңшылықтың құрбанына айналып,  
жойылып кетті. Ең соңғы ересек ұрғашы 
Квагга 1883 жылдың 12 тамызында 
Амстердам зообағында өлді.
Топтағы мінез-құлықтары
Зебралар табындар деп аталатын топтарда өмір 
сүреді. Саванна зебралары мен тау зебралары 
ересек ұрғашы зебрадан (биеден) және оның 
балаларынан тұратын кіші топтарда өмір сүреді. 
Ересек еркек зебралар (айғыр) топты бастап, 
оны басқа ересек еркек зебралардан қорғайды. 
Бір жағынан Греви зебрасы нашар байланысқан 
топтарда өмір сүреді. Әдетте топтардың құрылуы 
азықтың жеткілікті болуына байланысты. Егерде 
бір жерде азық жеткілікті болса, зебралардың 
барлығы сол жерге жиналады, ал азық тапшы 
жерде зебралар үлкен аймақтарға жайылып 
кетеді.
Жолақтары
Әр түрлі зебра түрлерінің өздеріне тән жолақты 
терілері болады, тіпті бір түрдің ішіндегі 
зебралардың жолақтары ерекше болып келеді. 
Зебралардың жолақтары адамның саусақ іздері 
секілді. Екі зебраның бірдей болуы еш мүмкін 
емес. Зебралардың қара және ақ жолақтары 
камуфляж рөлін атқарады. Олардың толқынды 
жолақтары өздерін қоршап тұрған биік шөптермен 
бірге араласып, көрінбей қалуына көмектеседі. 
Көп жағдайда зебралар топ болып көшіп жүр генде 
олардың терілерінің жолақтарынан көп жырт-
қыштар айыра алмай, соңдарына онша түспейді.
Жайылып жүретін жануар
Зебралар күндерінің үштен екі бөлігін 
қоректенумен өткізеді. Негізінен, олар 
шөптермен қоректенеді, кейде құрғақшылық 
кездерінде ағаш діңдері мен жапырақтарын 
да жей береді. Кейбір зебралар сусыз бес күнге 
дейін шыдайды. Олар су іздеп бірнеше километр 
қашықтықтарға жиі кетеді. Зебра биелері 
құлындары үш-төрт айға жеткенше балаларымен 
судың көзіне жақын жерлерді мекендейді. 
Ұрпақтары
Зебраның жаңа туылған 
баласы құлыншақ 
деп аталады. Зебра 
биелері бір туғанда 
тек бір құлынды 
дүниеге әкеледі. 
Жас зебралар 
туылған соң бір 
сағаттан кейін 
аяқтарына тұрып, 
бірнеше аптадан 
соң-ақ жайыла береді.
Анасымен жүрген 
зебра құлыны
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
35

Бұғылар 
Бұғылар – күйіс қайыратын, жұптұяқты сүтқоректілер. Олар өздерінің тармақталған 
сүйекті, қуыс мүйіздерімен ерекшеленеді. Олардың мүйіздері жыл сайын түсіп, қайтадан 
өсіп отырады. Бұғылар бөкендермен бірге бұғылар тұқымдасына жатады. Бұғы мен бөкеннің 
сырт пішіндері бір-бірлеріне ұқсас келеді. Алайда бұғылардан бөкеннің айырмашылығы – 
олардың мүйіздері мәңгілік болып табылатындығында.
Түрлері
Әлемде бұғылардың 50-ден аса түрі белгілі, 
олар Америка құрлықтары, Еуропа, 
Азия және Солтүстік Африка бойында 
кездеседі. Түрлерінің ішіндегі ең үлкені – 
еуропалық бұлан. Еуропалық бұланның 
биіктігі 2 м-ге дейін жетсе, ең кіші бұғы – 
оңтүстікамерикалық пуду бұғысының биіктігі 
небәрі 0,2 м-дей ғана болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет