Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау Кіріспе



бет23/24
Дата15.12.2022
өлшемі2,62 Mb.
#57573
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
dip -zhanuartanu-panine-multimedijalyq-animacija-processin-zhasau-jasavi-2010-63

Қорытынды


Қазіргі кезде мұндай әдістемелік құралдар электронды құралдар деген атаумен көпке танымал. Мемлекетіміз тарапынан электронды құралдарды даярлауға арнайы талаптар қойып отыр. Ондай талаптардың бірі электронды кітаптардағы парақ түсі, шрифт өлшемі мен түсі, анықтамалықтардың бар болуы, тестік бақылауды ұйымдастыруда тестік жүйені қолдану және т.б. болып табылады. Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді.Бұл көзқарастар еліміздегі осы бағыттағы жұмыстарды талдау, жинақтау, әртүрлі ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларда талдаулар ұйымдастыру нәтижесінен келіп шыққан.


Білім беру саласында программалу тәсілдерін оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Оқу материалы білім алушыға компьютер көмегімен тез және жылдам түсіндіріледі. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артады және шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сонымен қатар оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Білімді жоғарылатуға компьютерлік технологияның қаншама пайдасы бар. Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмді құрудан тұрады. Ал, алгоритмдерді сипаттау оны түсінуге , оқуға жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағыттан ауытқымайтын дәл әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы есптерге де түсінікті болса, екінші жағынан – программа дұрыстығын тексеру үлгісіндей бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объектілерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктердің қарастырылуы тиіс .
Одан әрі компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың программасын жасау – берілген алгоритмді компьютер программасына аударуға барып тіреледі . Мұндай жоғары деңгейдегі программалау тілдері немесе электрондық сабақтарды жасаудың жүйелік құралдары қолданылады.
Мұнан соң даяр болған оқыту программалық жабдықтамалары әдістемелік нұсқаулармен және пайдалануға қажетті ұсыныстармен толықтырылды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет