Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата21.01.2017
өлшемі0,8 Mb.
#2329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ұстанымдарды  басшылыққа алудың да мәні зор. 
Қазақ  пунктуациясын  оқушыларға  саналы   да  берік  игерту  ұстанымы
қазақ   пунктуациясының   қызметі   мен   негізіне   қарай   және   оқушылар   мен
мұғалімнің   жұмысына   орайластырыла   анықталады.   Жоғарыда
айтқанымыздай,   қазақ   пунктуациясы   тіліміздің   ішкі   заңдылықтарына
сүйеніп,   сөйлеуді   сөйлемдерге,   сөйлемдерді   белгілі   бір   бөліктерге   бөліп,
ажыратып жазу және оларды дұрыс, мәнерлеп нақышына келтіріп оқуға, оған
қоса жазылған ойды, оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасайды.
Қазақ   пунктуациясы   мағынаға,   грамматикаға   және   интонацияға   негізделе
қойылады. Оқушылар қазақ пунктуациясын жете білу үшін алдымен қандай
грамматикалық   заңдылықтарға   байланысты   қандай   тыныс   белгілерінің
қойылатынын, сол грамматикалық заңдылықтарды анықтайтын және   соған
орай   қандай   ережелердің   барын;   екіншіден,   қандай   тыныс   белгілерінің
мағынаға ғана негізделе қойылатыны; үшіншіден, қандай тыныс белгілерінің
интонацияға ғана негізделе қойылатынын білуі шарт. Мұнан кейін оқушылар
тыныс   белгілері   қойылып   жазылған   мәтінді   дұрыс   оқуға,   мұғалімнің
айтқанын немесе  берілген  мәтіннің тыныс белгілерін  дұрыс қойып жазуға
жаттығуы   керек.   Бұл   үшін   оқушылар   оқулықта   берілген   тыныс   белгілері
64

жайындағы   ережелерді   және   мұғалім   түсіндірген   білімді   саналы   меңгеріп,
ұсынылған   жаттығу,  дағдыландыру   жұмыстарын   үнемі   орындап   отырады.
Міне, осы айтылғандарға сүйене отырып, қазақ пунктуациясын оқушыларға
меңгертуде   басшылыққа   алатын   әдістемелік   ұстанымдары   төменгіше
саралауға болады. 
Саналылық ұстанымы. Оқушылар материалды саналы түсінулері үшін
мұғалім сабағында  қандай мақсат көздейтіндігімен алдын ала  таныстырып
отыруы   керек.   Бұл   –   оқушылар   зейіні   көзделген   мақсатқа   аударылып,
материалды   дұрыс   қабылауда,   байқағыштық   қабілетін   арттыруда   сабақтың
тиімді өтуіне өте маңызды әсер етеді. 
Саналылық   ұстанымы   білімді   игеру   барысында   өзін-өзі   бақылау
қабілеттілігін қамтиды. Өзін-өзі бақылау қабілеттілігі қоршаған өмірді жете
тануға көмектеседі. 
Саналылық   ұстанымы   оқушылардың   заттар   мен   құбылыстар
арасындағы   байланыс   пен   өзара   қатынастарын   ашуға,   оқылып   отырған
материал жөнінде өзінше ой қорытуға жетелейді. 
Белгілі мақсатты көздеп, саналы түрде ой топшылай отырып түсінген
материал жақсы нәтиже береді. Сол арқылы меңгерілген білімнің беріктігі
қамтамасыз   етіледі.   Меңгерілген   білімнің   саналылығы   оны   тәжірибелік
жұмыста дұрыс пайдалануға жағдай жасайды. 
Мұғалім   оқушыларға   сабақ   мақсатын,   ондағы   негізгі   мәселе   қайсы
екенін   айтып   береді.   Мұғалімнің   түсінігі   оқушылардың   білім   дәрежесіне,
қабылдау мүмкіндігіне, олардың сөздік қорының мөлшеріне лайық құрылуы
тиіс.   Мұғалім   материалды   догмалық   жолмен   емес,   нақтылы   дәлелдерге
негіздеп,   оқушыға   сенімді   түрде   баяндауды   көздеуі   керек.   Ғылыми
материалды   саналы   түсінуі   үшін   оқушылар   фактілерді   дұрыс   ажыратуға,
оларды   топтастыра   білуге,   бастысы   қайсысы   екенін   аңғартуға,   нендей
заңдылыққа   сүйенетінін   анық   белгілеуге   үйретіледі.   Бұлар   анализ   және
синтез деп аталатын логикалық амалдардың көмегімен жүзеге асырылады. 
Айталық, оқушы үйде де, сыныпта да грамматикалық ережені жақсы
айтып береді, бірақ сол ережеге байланысты тыныс белгіден қате жібереді.
Мұның   басты   себебі,   оқыту   әдісінің   жетілдірілмегендігінен   оқушының
тыныс белгілерінің қойылуын саналы игермегендіктен болады. 
2.   Грамматикалық   ұстаным.  Грамматикалық   ұстаным   дегеніміз   -
тыныс   белгілерін грамматикалық  ережелер негізінде  қою. Грамматикалық
ұстанымды басшылыққа алғанда, оқушылар алдымен сөйлемнің құрылысы
мен құрамын және оның түрлерін ауызша  талдай  білуі шарт. Содан  кейін
сөйлемнің құрылысы мен құрамына және оның түріне қарап, сол сөйлемді
жазарда қандай грамматикалық ережелерге сүйеніп, қандай тыныс белгілерін
қоюдың қажеттігін алдын ала ойластырып алады. Сонан кейін мұғалім сол
сөйлемді жазуды талап еткенде, белгілі бір тыныс белгілерін қою жөніндегі
өз ой қорытындысына көзі жеткеннен кейін ғана, жазу үдерісінде сөйлемнің
керек белгілерінің қойылу ерекшелігін игереді. 
Ал   кейбір   оқушылар   сөйлемді   немесе   бүкіл   мәтінді   әбден   жазып
болғанша   тыныс   белгісін   қоймайды.   Бұл   –   зиянды   машық.   Себебі   кейбір
65

синтаксистік   тұлғаны   тек   ережеге   ғана   сүйенбей,   айтылу   интонациясына
қарап   ажыратуға   тура   келеді.   Әсіресе,   қаратпа   сөз   бен   сілтеу   есімдігінен
болған бастауыштар сөйлемнің интонациясына қарап ажыратуды қажет етеді.
Оқушы   мәтінді жазып болған соң, оны қоя алмай қалуы ықтимал. Екінші
сөзбен   айтқанда,   оқушы   мәтінді   өздігінен   оқығанда,   кейбір   синтаксистік
тұлғаларды ажырата алмай және оның тыныс белгісін дұрыс қоя алмай қалуы
мүмкін. Мұндай кемшілікті болдырмас үшін тыныс белгісін сөйлемді жазу
үдеріс үстінде қоюды оқушылардан талап еткен жөн. 
Қазақ   тыныс   белгілерінің   көбі   грамматикалық   ережелерге   сүйеніліп
қойылады. Әсіресе, сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен құрмалас сөйлемнің
түрлерінің және төл сөз бен сөйлем мүшелеріне байланысты, тағы да басқа
синтаксистік   тұлғалардың   тыныс   белгілері   грамматикалық   ережелерге
негізделе  қойылады. Бұл сияқты синтаксистік тұлғалардың  тыныс белгісін
дұрыс қойып жазу үшін, оқушылар олардың өзіндік грамматикалық белгілері
игертіледі.   Мұнсыз   олар   сөйлемді   түр-түрге   бөліп   ажырата   алмайды,   сол
сияқты   сөйлемнен   бірыңғай   мүшені   немесе   төл   сөзді,   тағы   басқа   да
синтаксистік   тұлғаны,   олардың   тыныс   белгісін   дұрыс   қоя   алмайды.
Сондықтан   қазақ   тілінің   тыныс   белгісін   жете   білуде   грамматикалық
ұстанымды басшылыққа алудың мәні зор. 
Мағыналық   ұстаным.  Мағыналық   ұстаным   дегеніміз   -   сөйлемнің
тыныс   белгісін   синтаксистік   категориялар   мен   синтаксистік   тұлғалардың
мағынасына негіздей қою. Қазақ тыныс белгілерінің ішінде нүкте (. ),  сұрақ
белгісі   (?),   леп   белгісі   (!)   және   тырнақша   сияқтылар   мағынаға   негізделе
қойылады.   Хабарлы,   сұраулы,   лепті   сөйлемдердің   қандай   мағынаны
білдіретінін білмеген оқушылар олардың соңына тыныс белгісін дұрыс қоя
алмайды. 
Салалас,   сабақтас   сөйлемдердің   әр   түрінің   мағынасын   (себеп,
қарсылық, талғаулы, мезгіл, шарт тағы басқа мағына білдіретінін) білмеген
оқушылар олардың қай компоненттерінен кейін қандай тыныс белгісін (үтір,
қос нүкте, сызықша т.б. ) қоятынын игере алмайды. Сол себепті де тыныс
белгісін үйретуде мағыналық ұстанымды басшылыққа алудың мәні зор. Егер
оқушы   кейбір   тыныс   белгісі   синтаксистік   тұлғаның   мағынасына   қарай
қойылатынын білсе ғана, сол синтаксистік тұлғаларды дұрыстап жаза алады.
Мәселен, оқушы жалғаулықсыз салалас себеп мағынаны білдіретінін аңғарса
ғана,   оның   арасына   қос   нүкте   қойып   жазады.   Сол   сияқты   жалғаулықсыз
салалас   қарсылықты   мағынаны   білдіргеніне   көзі   жеткенде   ғана,   оның
арасына сызықша қойып жазады. 
Сонымен,   белгілі   бір   синтаксистік   тұлғалардың   мағынасына   қарай
тыныс белгісін қою, яғни мағыналық ұстаным, кейбір синтаксистік тұлғамен
тыныс   белгі   мағынасының   бірлігін,   немесе   бір-бірімен   тығыз   байланыста
екенін  айқындайды  және  қазақ   тілінің  тыныс   белгісін   дұрыс  қоя  білуді  іс
жүзіне асырады. 
Интонациялық   ұстаным.  Интонациялық   ұстаным   дегеніміз   -
сөйлемнің   тыныс   белгісін   синтаксистік   категориялар   мен   синтаксистік
66

тұлғалардың сазына, нақышына келтіріліп айтылуына және естілуіне қарай
қою. 
Мектепте   сөйлемдерді   және   олардың   құрамындағы   әр   сөзді,   сөйлем
мүшелерін нақышына келтіріп өз интонациясымен айтуға үйретудің мәні зор.
Егер оқушылар әр сөйлемді сазына, нақышына келтіріп айта алмаса, олар өз
ойларын тыңдаушысына әдеби тілдің нормасына сай етіп жеткізе алмайды.
Сондай-ақ айтылған ойды, естіген сөйлемдерін өз мәнінде түсіне де алмайды,
әрі оларды сауатты жаза да алмайды. Сондықтан да сөйлегенде әр сөйлемді
өз   интонациясымен   айтып,   жазғанда   сол  интонацияны   аңғартатындай   етіп
тыныс   белгілерін   қойып   жаза   білу   керек.   Әйтпесе,   сөйлеушінің   ойы
бұрмаланып,   сөйлем   алғашқы   мағынасын   жойып,   жаңа   мағына   иеленуі
мүмкін. Мәселен,  «Бұл қаланың жылқысын бағып отырған жатақ»  деген
сөйлемді   осы   жазылған   күйінде   оқысақ,   «бұл»  сөзінен   кейін   пауза   жасап
оқимыз. Өйткені сөйлемдегі ой екпіні осы сөзге түскен, сонымен бірге ол сөз
сөйлемде   бастауыш   қызметін   атқарғандықтан,   өзінен   кейінгі   сөйлем
мүшесінен дауыс ырғағы арқылы ажырай айтылып тұр. Егер сол сөйлемнің
ой   екпінін  «отырған»  сөзіне   түсіріп   айтсақ,   ол  сөз  «отырған»  сөйлемнің
бастауышы болады да, «бұл» сөзі анықтауышқа айналады. Сөйтіп, сөйлемнің
алғашқы мағынасы бүтіндей өзгереді. Бірінші сөйлемде, яғни  «бұл»  сөзінен
соң   кідіріс   жасап   айтқан   сөйлемде,   ой   белгілі   бір   адамның   белгісіз   бір
қаланың жылқысын бағатын белгісіз адам жатақ екені жайында айтылады.
Сөйтіп,   кідірістің   (паузаның)   қай   сөзден   кейін   қойылғанын   дұрыс   аңғара
алмаған   адам   тыныс   белгісін   қоя   алмайды   да,   сөйлем   білдіретін   ойды
бұрмалап   жібереді.   Міне,   осы   бір   ғана   тілдік   дерек   тыныс   белгіні   дұрыс
қоюда,   ойды   дұрыс   түсіну,  сөйлем   мағынасын   бұрмаламай   дұрыс   айтуда
интонацияның   және   интонациялық   ұстанымның   рөлінің   зор   екенін
аңғартады. 
Тыныс   белгілерін   мағынасы   мен   қызметіне   сай   оқыту   ұстанымы.
Тыныс   белгілерін   мағынасы   мен   қызметіне   сай   оқыту   ұстанымы   –
оқушылардан   тыныс   белгілері   қойылып   берілген   мәтіндерді   мәнерлеп,
нақышына   келтіріп,   түсініп,   дұрыс   оқуды   талап   ететін   ұстаным.   Бұл
ұстанымды   басшылыққа   алғанда,   оқушылар   қай   тыныс   белгісі   не   үшін
қойылатынын   біліп   қана   қоймайды,   сонымен   бірге   ауызекі   тілде   тыныс
белгісі   жайында   алған   теориялық   білімін   пайдалана   алуға   дағдыланады.
Оқушыларды   дұрыс   сөйлеуге,   дұрыс   оқуға   үйреткіміз   келсе,   әр   тыныс
белгісінің   қашан,   неліктен   қойылатынын   айтып   қана   қоймай,   әр   тыныс
белгісін   мағынасы   мен   қызметіне   сай   оқи   білуге   оқушыларды   көбірек
жаттықтыру керек. 
 Cонымен, оқушыларға қазақ пунктуациясынан терең білім, берік дағды
беру   үшін   мұғалім   оқу   үдерісінде   жоғарыда   аталған   төрт   ұстаным:
грамматикалық, мағыналық, интонациялық және тыныс белгілерін мағынасы
мен   қызметіне   сай   оқыту   ұстанымдарын   басшылыққа   алғаны   жөн.   Сол
сияқты оқушылар да осы ұстанымдарды саналы түсініп, оларды басшылыққа
алатын болса, қазақ пунктуациясынан білімі терең, дағдысы берік болады. 
67

Тұжырымдағанда,   қазақ   пунктуациясын   жете   білу   үшін   оқушылар
алдымен қай тыныс белгісі қандай жағдайда қойылатынын, әр тыныс белгісін
қою   жөніндегі   ережелерді,   заңдылықты   білуі   керек;   онан   кейін   сол
ережелерді үнемі еске сақтауы қажет; ең соңында өздері білген ережелер мен
заңдылықтарға сүйеніп, соларды дұрыс қоюға жаттығып, берік дағдылануы
шарт. Сонда ғана оқушылар кез-келген мәтіндерді дұрыс оқып, сауатты жаза
алатын болады әрі  тілін ширатып, ой өрісін кеңейте алады. 
Пунктуацияны   оқытуда,   соның   ішінде   орфографияны   оқытуға
байланысты мына әдістерді нәтижелі қолдануға болады: 1) байқау әдісі; 2)
баяндау әдісі; 3) әңгіме әдісі; 4) кітаппен жұмыс істеу әдісі; 5) жаттығу әдісі;
6) талдау-жинақтау әдісі; 7) салыстырмалы әдіс; 8) индукция-дедукция т.б. 
Тұжырымдағанда,   мұндай   әдіс-тәсілдер   арқылы   оқушылардың
өздерінше орындайтын түрлі жазба жұмыстары арқылы да тілдік ұғымдарды
меңгеру  дәрежесін   де  тексеріп   көруге  болады.  Сонымен,   оқушылардың   өз
үдерісінде   меңгерген   тілдік   ұғымдарды   жазба   жұмыстарын   орындауда
қолдана алулары, біріншіден, олардың грамматика саласындағы теориялық
білімін   тәжірибемен   тығыз   ұштастырады.   Екіншіден,   балалардың   сана
дағдысын   қалыптастырып,   оны   үнемі   өрістетіп   отыруды   бағдарлайды.
Үшіншіден, оқушылардың игеруге тиісті мәтіндерінің өзекті мәселесін ашып
көрсетіп, оны әрі ұтымды, әрі шапшаң және тиянақты етіп орындап шығуға
бейімдейді.   Төртіншіден,   оқушылардың   грамматикадан   меңгерген   білім
нәтижесі   жазба   жұмыстарын   орындауда   анық   байқалып,   олардың   білім
дәрежесі мен сауатын арттырады. 
Сондай-ақ   пунктуацияны   оқытудың   арнаулы
ұстанымдары бар:
1. Пунктуациялық   әдістеменің жеке ұстанымдары;
2.   Синтаксис   бойынша   пунктуациялық   нормаларды
игеруге қажетті білімдер;
3.   Пунктуацияны  
  игеруге   қажетті   оқу-тілдік
икемділіктер;
4. Логиканың пәндік маңызы. 
1. Пунктуация әдістемесі келесі  ұстанымдарға сүйенеді:
жалпы   дидактикалық;   әдістемелік;   жеке   өзіндік   сөйлемнің
мағынасына, құрылысына, дыбысталуына байқау жүргізу. 
2.   Пунктуациялық   әдістеменің   жеке     ұстанымдары:
семантикалық   талдау;   жартылай   синтаксистік   талдау;
сөйлемнің ритмоәуенділігін талдау. 
Семантикалық   талдауға   жататындар:   Негізгі   (басқы)
ақпараттың   қосымшасынан   бөлінуі;   Қосымша   ақпарат   түрін
анықтау,   оның   ішінде:   -   жай   сөйлем   құрамындағы
семантикалық   мағыналық   түсінік;   -   құрмалас   сөйлемдегі
предикатив   компоненттер   арасындағы   логика   пәндік
қатынас;       - біреудің сөзін тікелей беру. 
68

Сөйлемнің   логика-пәндік   ақпаратын   бақылау   нәтижесі
тыныс   белгілерімен   ажыратылатын   қатысымдық   бірліктері
өзіндік   нақты   мағынаға   ие   екенін   көрсетеді.   Олар   былай
белгіленеді:   -   предикативті-қатысымдық   мағына   –   сөйлем
түрінде;   -   қосымша   предикативті   мағына-сөйлем   шегінде
предикативті-қатысымды   мағынаны   анықтайды.   Оқушылар
бұл мағыналарды   ажырата алуы үшін синтаксистік талдау
арқылы   сөйлем   құрылымына   бақылау   жүргізеді.   Олар:   -
сөйлемнің   грамматикалық     негізін   табу;   -   сөйлемді
күрделендіретін   мағыналық   бөліктерді   табу;   -   олардың
түрлерін анықтау.            - сол арқылы тыныс белгінің себебін
анықтау. 
Сөйлемнің   интонациясын     бақылау   арқылы   тыныс
белгілерін   анықтау:   -   интонация   түрін   анықтауға   орай:   -
интонация түрінің ерекшелігін анықтауға сәйкес.  
Бұл біліктілік бойынша тыныс белгілердің интонация мен
дыбыс   сазына   байланысты   қоюды   белгілейді,   де   сауатты
жазу дағдысы қалыптасады.
3.   Синтаксис   бойынша     пунктуациялық   нормаларды
игеруге қажетті білімдер:
-   бүкіл   сөйлемнің   құрылымы   мен   интонациясына
қатысты түсініктер (грамматикалық негіз, байланыс тәсілдері
т.б. );
-   жай   сөйлемнің   күрделену   түрлерін   баяндайтын
түсініктер (бірыңғай мүшелер, жалпылауыш сөз т.б. );
-   құрмалас   сөйлемнің   құрылымы   мен   интонациясы
туралы     түсініктер(шылаулы   құрмалас   сөйлем,   шылаусыз
құрмалас сөйлем т.б. ). 
- төл сөзі бар сөйлем туралы түсінік (төл сөз, автор сөзі
т.б. ). 
4. Пунктуацияны игеруге қажетті оқу-тілдік икемділіктер
- сөйлемнің грамматикалық негізін (негіздерін) табу;
- сөйлемнің мақсатын анықтау;
- сөйлемнің мағынасына байланысты түрлерін ажырата
алу;
-   жай   сөйлемді   күрделендіретін   грамматикалық
бөліктерді табу;
- грамматикалық –мағыналық бөліктің сөйлемдегі орнын
анықтау;
- бөліктің семантикасын (мағынасын)анықтау;
- автор сөзін бөгде сөзден айыра білу. 
Сонымен   бірге   оқушылар   логика-пәндік   мағынаға
байланысты   мәселелерді   дұрыс   құрастыру   икемділігін
қалыптастыруы.   Олар   сөйлемдегі   ойдың   мәндік   белгілерін
69

тани   білу.   Олар:   уақыт;   іс-әрекет;   себеп;   салдар;   қарама-
қарсылығы т.б. 
Пунктуацияны   оқытудың   әдіс-тәсілдері.  Қазақ   тілін,   оның   ішінде
пунктуацияны   тиімді   де   нәтижелі   оқыту   үшін   әдістеме   ғылымының
негіздеріне сүйенетініміз белгілі. Бүгінде әдістеме ғылымы өз алдына зерттеу
нысаны, ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері бар дербес ғылым болса, оның даму,
қалыптасуы   А.Байтұрсынов,   Ш.Х.Сарыбаев,   Д.Әлімжанов,   Ы.Маманов,
С.Жиенбаев,   С.Рахметова,   Н.Оралбаева,   Б.Құлмағанбетова,   Ч.Арғынов,
Ә.Исабаев,   А.Әбілқаев,   Ф.Оразбаева   т.б.   сияқты   әдіскер-ғалымдардың
есімдерімен тығыз байланысты. «Әдістеме – дайын рецепт те емес, әкімшілік
нұсқау  да   емес,   тек   педагогикалық   кеңес,   жол-жоба»   [5,   2.   ]   болғанымен,
«тілдік   материалдарды   практика   жүзінде   білім   алушыларға   саналы
түсіндіріп, меңгерудің бірден-бір дұрыс жолын үйрететін және оны зерттеп,
тексеретін дидактикалық маңызы зор ғылым» [45,7], «қазақ тілінен берілетін
білім,   дағды,   білік   мөлшерін   белгілеп,   оны   игертудің   жолдары,   шарттары
туралы   ғылым»   [46,6]   ретінде   бағаланады.   Яғни   білім   беру   үдерісін
модернизациялау, инновациялау, ақпараттандыру, сол арқылы әлемдік білім
кеңістігіне ену - бүгінгі таңдағы басты мақсат болып отыр. Әлемдік білім
кеңістігіне   ену   үшін   оқыту   әдістемесін   де   басқаша   құру   міндеттеліп
отырғаны   белгілі.   Осыған   орай,   педагогика   ғылымының   лексиконына
«педагогикалық   технология»,   «оқыту   технологиясы»   деген   жаңа   ұғымдар
еніп, олар бар болмысымен оқыту үдерісінде өз нәтижесіне ере бастағанын
ғылыми-зерттеу   жұмыстары   дәлелдей   алады.   Әдістеме   ғылымы   «нені»,
«кімді»   және   «қалай   оқыту»   мәселелерін   шешуді   көздесе,   оқыту
технологиясы осыларға қоса «қалай тиімді, нәтижелі оқыту» дегенді мақсат
етеді. Яғни, оқыту технологиясының басты сипаты – бағдарланған нәтижеге
жету, нәтижелі білім беру. 
Оқыту   технологиясының   түрлері   сан   алуан.   Солардың   ішінде
пунктуацияны   оқыту   әдістемелік   (технологиялық)   негізіне     модульдік
технологияны ұсынамыз. Модульдік технологияны жоғары мектептің оқыту
үдерісіне енгізу тәжірибесі бар (Жақсылықова К., Бейсенбаева З. ). Ал орта
білім беретін қазақ мектептерінің тәжірибесіне енгізу ғылыми түрде толық
қолға   алынбағанымен,   педагогика   ғылымдарының   докторы   А.   Жапбаров:
«Соңғы   кездері   дамыта   оқытудың   модульдік   технологиясы   мектеп   өміріне
ене бастады», -деп атап көрсетеді [47, 8]. 
Модульмен оқытудың тиімділігін айқындауда ғалымдардың пікірлері әр
түрлі. Мәселен, В. Б. Закарюкин, В. И. Панченко, Л.М.Твердин модульмен
оқыту тәсілі оқытудың қалыптасқан бірліктерінен оқу мазмұнын икемді етіп
құруға   пайдалы   деп   санаса   [48,6],   дидактикалық   мақсатқа   жету   үшін
ғалымдар   модульді   «Білім   алушыға   өзіне   қолайлы   темпте   жұмыс   істеуге,
соған   лайық   оқытудың   тәсілін   таңдауға   мүмкіндік   жасау»   [49,96],   «білім
алушыға   өз   мүмкіншілігін,   соған   сәйкес   материалды   игеру   деңгейін
анықтауға көмектесу» деп тұжырымдайды [50, 8]. 
70

Дж.Д.Рассель модульмен оқытудың бір ерекшелігі – икемділік деп атап
көрсетеді.   Демек,   материалдың   ең   кіші   бірліктері   түрлі   кешендерге
топтастырылады. 
Ғылыми   зерттеулерге   (В.П.Беспалько,   М.В.Кларин,   Б.С.Блум,
П.Юцявичене, М. Чошанов) сүйене отырып, модульдік оқытудың мынадай
басты ерекшеліктерін атауға болады:
- оқыту мақсатының айқындылығы;
- нәтиженің айқындылығы;
-   оқу   материалы   оқушылардың   мүмкіншілігіне   қарай   бөлшектерге
бөлініп берілетіндігі;
- әр бөлшектің құрылымы болатындығы;
- әр бөлшектің (блок) мазмұнын толықтыруға, өзгертуге болатындығы;
-   модульге   ену,   модульден   шығу   кері   байланыстардың   іске
асыратындығы;
-   оқушы   мен   мұғалім   субъект-субъектілік   қарым-қатынаста
болатындығы;
-   мұғалім   оқушыларға   бағыт   беруші,   бақылаушы   қызметін
атқаратындығы т.б. 
- модульдік оқыту модуль бағдарламасына негізделетіндігі;
- бағдарламаны құрастыруда өзіне тән ұстанымдары болатындығы т.б. 
Тұжырымдай   келгенде,   тыныс   белгі   туралы   білім,   білік   дағдыларын
қалыптастыру барысында мынадай модульдерге топтастырып оқыту дұрыс
нәтиже береді. 
Оқушыларды пунктуациялық түсініктермен таныстыру:
1. Тыныс белгілері және олардың қызметімен таныстыру тәртібі;
2. Пунктуация – мағыналық бөлікпен таныстыру әдістемесі;
3. Тыныс белгінің қойылу варианттары;
4. Пунктуация – мағыналық бөліктердің тірек белгілерін ажырата білу
сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. 
1. Тыныс белгілері және олардың қызметімен таныстыру тәртібі.  
Бастауыш мектепте тыныс белгілері сөйлем соңында (нүкте, сұрау және
леп белгілері) үтір, құрмалас сөйлемде санақ орын алғанда («ал», «алайда»,
«не», «немесе» шылауларының алдында);
5 сыныпта – жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, қаратпа сөздің, төл
сөздің тыныс белгілері, диалогтың алдындағы сызықша;
7   сыныпта   –   есімшелі   және   көсемшелі   орамдардағы   үтірлер,
одағайдағы тыныс белгілер (үтір, леп белгісі);
8 сынып – құрмалас сөйлемдегі тыныс белгілер. 
5 сыныптан бастап оқушылардың зейінін тыныс белгілерді қолданудың
қызметтік ерекшеліктеріне аудару керек. Ол үшін бақылау әдісін қолдануға
болады: мұғалім тыныс белгілердің қызметін көрсетіп, оқушылардың өздері
оны қорытындылайды. 
2. Пунктуациялық – мағыналық бөлікпен таныстыру әдістемесі. 
М.Т.Баранов бірыңғай сөйлем мүшелерімен байланыстыруды ұсынады. 
71

Бақылау үшін мұғалім екі сөйлем алады: бірі - бірыңғай мүшелермен,
екіншісі- бірыңғай мүшелерінсіз. 
Келесі   кезекте   «пунктуациялық-мағыналық   бөлік»   түсінігін   ендіру
керек.   Бұдан   кейін   оқушылар   бұл   бөліктің   сөйлемдегі   орнын   (басында,
ортасында, соңында) анықтайды. 
Бақылау   нәтижесінде   оқушылар   пунктуациялық-мағыналық   бөлік
ауызекі   тілде   интонация   арқылы,   ал   жазба   тілде   үтірлер   арқылы   бөлінеді
деген қорытындыға келеді. 
3.   Тыныс   белгінің   (белгілердің)   қойылуы   не   қойылмау
жағдайларын игерту. Ол үшін оқушыларға ұсынылатын талаптар:
-   тыныс   белгілерін   қою   жағдайларын   айту   (өтілген   пунктуациялық
ережелер негізінде);
-   тыныс   белгісін   таңдау   жағдайларын   айту   (пунктуациялық   ережеге
сай)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет