Жапырақ жемірі, жапырақ жегісі (Chrysomelіdae) — қатты қанаттылар отрядына жататын қоңыздардың бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 40 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 1000-ға жуық түрі бар. Ұзынша келген денесінің тұрқы 10 мм-дей. Қоңыздардың барлығы дерлік ашық түсті болады. Бұлардың сопақша дернәсілдерінің үстін безді бүртіктер жапқан. Жапырақ жемірлері өсімдіктердің жапырағымен қоректеніп, жұмыртқаларын жапырақ бетіне салады. Ал кейбір түрлері топырақ арасында немесе өсімдік ұлпасының ішінде тіршілік етеді. Жапырақ жемірі — орман, бақ, көкөніс ағаштарының зиянкестері. Мысалы, айқышгүлдер бүргесі — көкөністің, колорадо қоңызы — картоптың, астық сүлікшесі — бидайдың зиянкесі. Кейбір түрлері арамшөптерді жоюда биологиялық күрес шараларын жүргізу үшін қолданылады.
Қорытынды бөлім
Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады. Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін.