Жаралар туралы түсінік және олардың топтары. Жараланғандара алғашқы медициналық көмек көрсету



Дата19.05.2023
өлшемі296,02 Kb.
#94726
Байланысты:
айсана


Жаралар туралы түсінік және олардың топтары. Жараланғандара алғашқы медициналық көмек көрсету.
Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс);ине, біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны кездейсоқ Жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын Жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.Жабық зақымдану — бұл тері жамылғылары мен кіле-гейлі қабықтар түтастығы бүзылмайтын зақымдалу түрлері. Бүдан терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жүмсақ үлпалардың ажырауы (бүлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың түтастығы бүзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).





Жаралар кейбір аурулардың фонында қан айналымының бұзылуына байланысты дамиды, оның ішінде варикозды тамырлар, атеросклероз, тромбоз, қант диабеті.



Тәжірибелі дәрігерге баруды кейінге қалдырмағаныңыз жөн. Емдеудің ерте кезеңінде инвазивті емес әдістерді жоюға болады, яғни хирургия мен ампутациядан аулақ болуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет