«Жарасхан Әбдірашов Дала, сенің ұлыңмын поэмасын oқытy жoлдapы»


Қазақ әдебиетінде сюжетті, эпикалық поэмалармен қатар нақты сюжеті жоқ



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.12.2023
өлшемі2,86 Mb.
#137873
түріПоэма
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зәмзәгүл слайд 2

 
Қазақ әдебиетінде сюжетті, эпикалық поэмалармен қатар нақты сюжеті жоқ,
лирикалық, публицистикалық поэмалар да кездеседі. Лирико-публицистикалық
поэмалардың алғашқы нұсқалары ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде дами
бастады. С. Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Кедей» шығармалары лирико-
публицистикалық поэма үлгісіндегі туындылар. Лирико-публицистикалық
поэмаларда автордың лирикалық ой толғанысы, публицистикалық шалқулары анық
танылады, белгілі бір сюжетке құрылмайды. Автордың, ақының өзінің сезім дүниесі,
сырлары, жанын толқытқан өмір көріністері жинақталып алдыңғы орынға шығады.
Мұнда лирикалық шегіністер, лирикалық шалқулар кең орын алады.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы лирико-публицистикалық поэманың жасқы үлгілерін
тудырған Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын», Х.Ерғалиевтің «Жылдар, жылдар»
шығармаларының ізімен жанрдың көркемдік дәстүрін М. Айтхожинаның
«Алатаудың Ақбатасы», «Абылайхан даңғылы», «Сағыныш», «Жетісу суреттері»
поэмалары жалғастырды.


Біздің нысанаға алған еңбегіміз Жарасхан Әбдірашовтың «Дала, сенің ұлыңмын» атты поэмасы. 11 сыныптың
оқушыларына арналған оқулықта берілген шығарма туралы айтпас бұрын, автордың кім екенін, ол туралы айтылған
пікірлерге тоқталып өтсем.
Жарасқан Әбдірашев – қазақ әдебиетіндегі әзіл-оспақ, эпиграмма жанрын тың өріске шығарып, жаңа биіктерге
көтерген ақын. Оны кәсіби әдеби орта ғана емес, көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Жарасқан Әбдірашев туралы
пікір айтқан ғалымдар мен сыншылар, ақындар мен жазушылар оның қазақ әдебиетінде жаңа бетбұрыс
әкелгендігін, арғы-бергі қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінен терең үйренгендігін, өзінің ақындық әлемін ашу
арқылы әдеби құбылысқа айналғандығын ашық айтады.
Жарасқан ақын шығармашылығын сан қырынан қарауға болады. Жалғыз эпиграмма жанрында ғана жазған жоқ.
Балалар әдебиеті мен аударма саласындағы еңбегін де ерекше атап өтуге болады.
Жарасқан Әбдірашев – халық тіршілігімен қатар толғанған өзекжарды туындыларында туған дала тынысы мен туған
тілдің құдіретімен үрдіс алған азамат ақын дәрежесіне көтерілді. Мұндай өрелі биіктікті алуда ақынға «көмекке
келген» - көркем айшықты сөз, шұрайлы да шұғылалы ана тілі. «Айтқысы келген сырын, танытқысы келген
шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең
қажетті бірден-бір сөз табу - шебер суреткердің қасиетті парызы» - деген З.Қабдолов. Жарасқан – тіл құнарлығы мен
ой тереңдігін, поэзия рухын қатар меңгерген тума талант иесі. Оның өлеңдерінде биік азаматтық сарын бар,
халқымен бірге қуану, халқымен бірге азаптану бар. Ана тілінің қарапайым әрі қастерлі сөздерімен жан дүниесін
тереңнен ашып, небір асыл ойларды сыр сандығынан ақтара ұсынады.
Осындай біртуар, қазақ әдебиетіне жаңалық алып келген жаңашыл ақынның шығармаларын мектеп жасындағы
жасөспірім оқушыларға оқытудың орасан зор пайдасы бар. Енді оқулықта берілген поэмасына, оны тиімді оқытудың
жолына, әдістеріне тоқталып өтсем. 
2.ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШОВ «ДАЛА СЕНІҢ ҰЛЫҢМЫН» ПOЭМACЫНЫҢ ӨЗГЕШЕЛІГІ, ПОЭМАДАҒЫ
КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕР ЖӘНЕ OНЫ OҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖOЛДAPЫ 
2.1«Дала, сенің ұлыңмын» пoэмacын oқытyдың тиімді жолдары (Зайкенова.Р, Сакенова.Р, Нурланова.Л
Қaзaқ әдeбиeті 11 cынып oқyлығы бoйынша)


Ең алдымен Зайкенова.Р, Сакенова.Р, Нурланова.ЛҚaзaқ әдeбиeті 11 cынып
oқyлығы бoйыншa «Дала, сенің ұлыңмын» пoэмacын оқыту туралы айтар болсам.
Оқулықтағы «Кеңістік пен уақыт» атты бірінші бөлімде Жарасқан Әбдірашовтың
өмірі туралы сөз етілмес бұрын «Әр ақын - өз алдына бір әлем. Оны әркім өзіне әр
қилы жағдайда ашуы мүмкін. Кейбірімен көзінді тырнап ашқандайсырлас болсаң,
кейбірін оң мен солыңды танып, осы қалай екен деген ой жетелеген уақытта
барып қана қолға аласың». [2,21] – деген пікірі берілген. Одан соң барып ақынның
қысқаша өмірбаяны берілген. Өмірбаянында ақынның туған және қайтыс болған
жылдары мен атқарған қызметтері, оқыған жоғары оқу орындары айтылған.
Келесі кезекте «зерделі ой» шартты белгісі арқылы «Әдебиетке, оның ішінде
поэзияға келген топтың, шоғырдың ең бір жарығы, ең бір сәулелісі, ең бір
жұлдыздысы Әбдіраштың Жарасқаны. Ол - алғашқы өлеңдерінен бастап ақ, өзінің
ақын екенін, ақын болғанда да, жақсы ақын екенін танытқан жігіт: Жалпы білімі,
ақындық күш-қуаты бір елдің поэзиясының ту ұстаушысы болатындай
мүмкіндігі әбден бар жігіт» деп ақын Тұманбай Молдағалиевтің Жарасқан
Әбдірашев туралы пікірі келтірілген. Бұл пікірді оқулықта келтіргеннің пайдасы
оқушылар өздері оқып, танысқалы жатқан ақын туралы кең мәлімет ала алады.
Оқушылардың ары қарай өз беттерінше ізденулеріне түрткі болады.


Дәл осылай жазушы Жақау Дәуренбектің пікірі де оқулықта берілген.
Оқушылардың таным түсінігін дамыту мақсатында оқулықта
«Пікірлесейік», «Себебін анықта», «Тобыңда талдап көр» шартты
белгілері арқылы тапсырмалар берілген. Бұл тапсырмаларды
оқушыларға орындатудағы басты мақсат оқушы өз ойын, ішкі күйін
ашық айтып, қымтырылмай жеткізуге бейімделеді. Соның ішінде
«Пікірлесейік» шартты белгісінде мынадай тапсырмалар берілген:
1.Ж.Әбдірашевтің қандай шығармаларын оқыдың? 
2. Автор шығармалары қандай жанрларда жазылған? Соның ішінде
өзіңе қай жанр жақын? Неліктен? Өз пікіріңді білдір. Бұл
тапсырмаларды оқушыларға «Үштік одақ», «Ақылдың алты қалпағы»
әдістері арқылы орындатуға болады.
«Үштік Одақ» әдісі. Әр топтан 3 оқушы шығады. Біреуі – бақылаушы,
біреуі – тыңдаушы, біреуі – сөйлеуші. Бірінші қадамда біреуі сөйлейді,
екіншісі тыңдайды, үшіншісі бақылайды. Ал екінші қадамда бірден
екеуі сөйлейді. Үшіншісі бақылайды. Біреу сөйлеп, біреу тыңдаса
тақырып өте жеңіл тыңдалады. Ал егер екеуі бірін-бірі тыңдамай
сөйлей берсе, ол түсініксіз болар еді. 
Алты қалпақтар әдісі – ойлау кезінде белгілі бір принципті пайдалану:
кенеттен ойлаудың түрлі аспектілеріне бөлек-бөлек назар аударуды
үйрену талпынысы. Нәтижесінде осы әр түрлі аспектілердің
үйлесімділігі толық көлемде ойлатады. Алты ойлау қалпақтары бағалау
және талдамалық ойлауды толықтыра түсетін шығармашылық және
құрылымдық ойлау үшін арналады.


Оқулық ары қарай «Білгенге маржан» шартты белгісі арқылы өз жалғасын
табады. Ол жерде«Ұлттық энциклопедиядан» алынған автордың
«Құлпытас» өлеңдер жинағы жайлы сөз болды. Одан соң «Міне қызық»
айдарына кезек келеді. Ол жерде Жарасқан Әбдірашевтің ең алғашқы жыр
жинағы 21 жасында шыққаны, Жазушылар одағына мүше болғаны
айтылып, режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз» фильмінде
қаламгердің кішкентай кезі, жастық шағы арқау болғаны туралы сөз етіледі.
Осы жоғарыдағы ақынның өмірі туралы деректер мен тың ақпаратардың
алынған көзі «Кітап – асыл қазына»айдарында көрсетіліп, ары қарай
«Зерделі ой»айдарымен Ұлықбек Есдәулеттің пікірімен қорытынды
жасалады.
Енді осындай біртуар, елін ерекше сүйген еріміздің «Дала, сенің
ұлыңмын» поэмасы басталады.
Поэма басталмас бұрын оқулықтың соңындағы дискіден поэма үзіндісін
тыңдатуға болады. Бұл арқылы оқушылар өздері оқиын деп жатқан
шығармамен тыңдау арқылы танысып, құлақтарына кіргізе алады.
Тыңдаудың бір пайдасы-көпшілік оқушылар дыбыс арқылы материалды
тез қағып ала алады. Мұғалімге ары қарай шығарманы түсіндіру, талдату
оңайға түседі дер едім. Дискіден поэманың үзіндісін тыңдап поэманың
желісінің қай бағытта өрбейтінін саналарына тоқи білген оқушылар,
оқулықтың оң жағындағы жоғары бөлігінде берілген Әбіш Кекілбаев
атамыздың пікіріне көз жүгіртпей өтуі мүмкін емес. Жарасқан Әбдірашев
туралы тұщымды да, құнды пікірін білдіргенін оқушылар оқи отыра
ақынның қазақ әдебиетінде елеулі орны бар екенін тереңірек түсіне алады.
Бұл оқулықта поэма толыққанды берілмеген. Одан бөлек үзіндісі де
мардымсыз берілгенін байқай аламыз.


Тек поэманың тарихы қай жылы жазылғаны тілі мен
бірсыпара мысалдар көрсетіліп 25-27 беттер аралығын
қамтыған. Туған жердің суреті деп оқулықта кең
жазира даланың, далада орналасқан балбал тастың
бейнесі көрсетіліп өткен. Поэманың мән-мағынасына,
түпкі идеясы, автордың жеткізгісі келген ойы туралы
осы 2 бетте айтылып өтіледі. Автор поэма қаһарманы
етіп өзін алады. Десе де ол өзін мына ғұмырға кеш
келгені үшін сөгетінге ұқсайды. Себебі поэмасында
мен Берлинде шайқастпадым, Рақымжан Қошқарбаев
секілді Рейхстагқа ту тікпедім, Махамбет пен Амангелді
батырлар секілді қолыма найза ұстай алмадым деп өзін
жегідей жейді. Десе де ақын фәни жалғанға кешеуретіп
келсе де артынан өшпес мұрасын қалдырып кетті. Өзі
өлсе де мұрасы өлген жоқ.


1. Поэма атауы қандай идеядан туындаған? Оның атауын басқаша қалай
өзгертер едің? «Дала» сөзінің синонимдері қандай?
2. Ақын елдің әр кездегі тарихын қалай баяндаған?
3.Жерімізді «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп атауға келісесің бе?
Пікіріңді дәлелде.
4.Авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтай отырып,
кестені толтыр.
Поэмадан қандай келелі мәселелерді байқадым?
Оны қай үзінділермен далелдей аламын?
Бұл айдардағы сұрақтарға жауапты дебат арқылы алсақ болады.
Оқушыларды 2 топқа бөліп алып, өз пікірлерін айтқызып, дәлелдеуін
сұрай аламыз.
Ал келесі «Себебін анықта» шартты белгісінде мынадай тапсырма
берілген.
1. Не себепті ақын: «Дала, сенің ұлыңмын» - дейді? Бұл
ненің символы?
2.Неліктен автор:
Бүгінінен безінген қайран ақын,
Болашаққа адымдап бара жатыр, - деген? Бұл тапсырмаға жауапты «Эссе»
арқылы алуға болады. Оқушылар осы 2 сұрақ бойынша шағын көлемде
эссе жазба жұмысын жазады. Мұғалім сол арқылы оқушылардың айтудан
бөлек жазу арөылы ойларын жеткізуін бақылай алады.


Тапсырмалар біткен соң «Әдебиет теориясы»шартты белгісі арқылы «Поэтика», «Пафос» деген ұғымдарға
анықтамалар берілген.
Поэтика (грек. poletik fehne - шығармашылық енер) - сез өнері туралы ғылым.
Пафос (грек. pathos - сезім, құмарлық) - өнер адамдарының ерекше шабыттанып, жігерленетін кезі,
құлшыныс, құштарлығы, қуатты сезімі. Ежелгі грек әдебиетінде пафосты қаламгердің шығармашылық
ойының
сын-сипатын айқындауда, туындыларында заман бейнесінің бейнелену дәрежесін бағалауда негізгі
керсеткіш ретінде таныды. Пафос арқылы ақын- жазушының қоғамдық-әлеуметтік идеалын анықтау да
қалыптасты.
«Қолданып көр» шартты белгісі арқылы «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасынан пафосқа мысал болатын
жолдарды теріп алып, пікірінді дөлелдеп жаз. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар теріп жаза
білудің де өз ерекшелігі бар екенін сезіне біледі. 
CD дискінің № 4 қосымшасында беріпген Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дапаның жеті қыры» мақаласын топтасып
оқып, зерттеу жүргізіндер. «3-1-2» әдісі бойынша жұмыс жасау арқылы тақырыпппен байланыстыра
отырып, кестені толтырындар.
Мәтін бойынша 3 факт
Мәтін бойынша 2 сұрақ
Қызығушылық танытқан 1 нәрсе
«Креативті ойлау» әдісімен өлендегі дала идеясын дамытып, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен
байланыстыра отырып, қара сөзбен толықтырып жаз. Бұл тапсырма оқушыларды креативті ойлауға
бейімдейді.


Бұл оқулықта ақынның өмірі шағын болса да жақсы, маңызды
мәліметтер берілген. Өмірбаяннан соң сұрақтар мен тапсырмалар
берілген. Бұл оқулықтың бір кемшілігі поэма үзіндісі дұрыс
берілмеген. Ал жақсы жағы автор туралы тың ақпараттар берілген. Әр
түрлі типтегі тапсырмалар қамтылған.


2.3 «Дала сенің ұлыңмын» пoэмacын oқытy (Ақтанова.А, Жундибаева.А,
Нурлыбаева.Ж Қaзaқ әдeбиeті 11 cынып oқyлығы бoйыншa)
Бұл оқулықта да ең алдымен автордың өмірбаяны, шығармалары туралы мәліметтер
берілген. Одан соң эпиграмма ұғымына анықта берілген. 
Эпиграмма (грекше epigramma - жалу) - сықақ өлең, жеке адамға арналып айтылады.
Ертеректегі грек, рим адебиетінде туған нұсқаларында тақырып ауқымы өте кең
болған. Адамның мінез құлқы іс-әрекеті, әртүрлі қоғамдық жағдайлар сыналған.
Мағжан Жұмабаевтың қаламынан шыққан қысқа эпиграмма үлгілерінде ащы сын,
сықақ, кекесін, әзіл-оспақ аралас келеді. Мысалға Райымжан Марсековке арналған
эпиграммасын алсақ та болады:
Қарны ысылып,
Жаны қысылып,
Рай-Марсек
Қашкар барды,
Сәлде салды,
Мінді есек. [3,39]
Әдебиеттанушы ғалым Мүсілім Базарбаевтың осындай пікірі берілген. Одан бөлек
Зейнолла Қабдолов пен Бақытжан Майтановтың пікірлері берілген.
Келесі кезекте поэма басталады. Басталмас бұрын Абайдың «Жастықтың оты
жалындап, Жас жүректе жанған шақ...» деген өлең қатарларынан басталады


Келесі кезекте оқу мақсаттары берілген. 
Оқу мақсаттары:
11.1.2.1 - Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау;
11.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;
11.3.2.1 - көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау.
Туған дала, тер төгу, жүрек жылуы, далаға деген махаббат.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:
өлеңді жанрлық ерекшелігіне байланысты талдау;
өлеңнен көркемдегіш құралдарды анықтау;
автор идеясындағы өмір шындығын саралау. [3,42]
қу мақсаттары осылай берілген. Одан соң кезек поэмаға беріледі. Поэма үзіндісі 2 беттен тұрады
Күмбез, қаңбақ деген сөздерге анықтама берілген.


Осылай поэма бастау алып, ары қарай таныс емес ұғымдарға анықтама беріліп болған
соң, ары қарай оқулықта тапсырмалар берілген. 
Ең алдымен:
1. Өленді мәнерлеп оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықта.
2. Yзіндіге қандай ат қояр едің?
3. Өлеңдегі басты тұлға кім? Ол туралы не білесің?
4. Ақын туған даласына деген перзенттіксүйіспеншілігін қалай білдірген?
5. Қазақ даласының поэтикалық портретін қандай сөз оралымдарымен сомдаған? Теріп
жаз.
Бұл тапсырмалардың ең алғашқысын «Мәнерлеп оқу» әдісі арқылы орындатуға болады.
Мұғалім оқушыны өлеңді нақышына келтіріп оқуға бейімдей алады. Ал екінші
тапсырма аясында айтар болсам үзіндігі ат қою ол оқушылардың ойлауына тікелей әсер
етеді. «Тақырып» әдісі арқылы оқушылар поэманы немесе өлеңді оқып бола саласымен
ойына ең бірінші келген тақырыпты айтады. Мұғалім мен сыныптастары бұл
тақырыптың шығармаға қаншалықты сай келетіндігін аңғарады.
1. Туған дала.
Менде қазір жоқ сабыр.
Енгендеймін дүниеге басқа бір.
Елжіреген жүрегімнің жылуы
Өсірердей тасқа гүл! -
деген жыр шумақтарынан байқалатын автор бейнесі туралы ойынды сыныптасыңмен
талқыла.


2. Жұптасып берілген үзіндіден көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын
тауып, талдандар. Бұл жердегі тапсырмаларды аты айтып тұрғандай жұппен
орындау қажет. Сондықтан да «Біз екеуміз» әдісі арқылы орындатуға болады –
деп ойлаймын.
2.Берілген үзіндіні тындап, ақын атаған тұлғалар туралы айтып беріндер. Уақыт: 7
минут.
Мұғалім оқушыдарға 7 минуттық үзінді тыңдату арқылы оқушыларды
шығарманы құрғақтай кітаптан оқытып қана қоймай, құлақ арқылы, дыбыс
арқылы қабылдауын жақсарта алады. Бұл тапсырманы «Әуен» әдісі арқылы
орындатуға болады.
Хрестоматияны пайдаланын, қазақ халқының өткені мен бүгінін салыстыра
отырып бағала.
Кері байланыс: «Сөйлемді аяқта»
Мен мынаны білдім
Маған қызық болғаны
Маған қиын болғаны
Мен мынаны жасай алдым
Мен мынаған таң қалдым
Бұл сөйлемдері аяқтау барысында оқушылар сабақ бойы не нәрсені білгенін,
қандай материалды игергенін байқауға болады.


абақта өтілетін «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасының
л жерде де сабақта қолданылатын оқу мақсаты тайға
нық көрсетілген.Олар:
дағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын
не қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін
ны әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және
ығын бағалау.
қ, арман, байтақ әлем, үміт.
кізу үшін:
ерекшелігін талдау;
иетіндегі туған жер туралы шығармалармен салыстыру;
және көркемдік құндылыгына баға беру.
үзіндісі тағы 2 беттен аса берілген. Арасына ауылдың
ылар бейнеленген сурет кірістірілген. Одан соң белгісіз
шу айдары бойынша. Мансап, шот сөздеріне анықтама


1. Өлеңді мәнерлеп оқы.
2. Өлең кандай көңіл күймен жазылған?
3. Ақын өзінің басты ақындық парызы деп нені санайды?
4. Ақынның туған даласының өткені мен бүгінін қатар алып, ой толғауы- ның сыры неде деп
ойлайсың?
5. Ол туған елінің қандай біртуар перзенттерін жыр арқауына айналдырған?
6. Бүгінгі күн тұрғысынан шығарма несімен өзекті?
Осылай болашақ жас тұлғаларға арналған ой дамытатын, білім шыңдайтын, жаңаны түсіндіруге
тырысатын тапсырмалар легі берілген. Оның барлығына тоқталмауды жөн көрдім. Десе де бұл
тапсырмалардан соң кестемен жқмыс әдісі арқылы кесте берілген. Жарқын ойлар зерттеу әдісі
аясында:
…Шындық үшін жынданар Біржаныңмын.
Тұншықса деп тілейтін асқақ ойлар.
жүрмін аңдап жетесіз қастан айбар!…
Азынабайлар заманы өткенменен -
Бар екен ғой әлі де Поштабайлар!
Өлшеп мынау өмірді бүгінгімен,
Салты емес пе – сыйыспау Дүбірлімен!…
«Домбырамды қолымнан алса тартып»,
Тек өзіңе шағамын мүңымды мен!…
Өнерімен танылар тамам елге -
Тағдыр әр кез ақынды салады өрге!
Сенен менің жалғыз-ақ өтінерім:
Жанымды ұқпас Жанбота бола көрме!… -
деген жыр шумақтарындағы Біржан, Азынабай, Поштабай, Жанботалар кім
екендігіне, оқиғаға қандай қатысы барына зерттеу жаса. Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушылар
өз беттерінше ғаламтордан немесе кітаптардан алып дайындалуы қажет. Мұғалім соны ескеру


2. Лирикалық қаһарманның бүгінгі танда қазаққамын мұң еткен еңселі
тұлғаға айналғанын өз көзқарасың тұрғысынан сипаттап жаз. Бұл «Дәптермен
жұмыс» әдісі арқылы тиімді орындалады.
Бұл тапсыралардан соң «Эссе» әдісі, «Зерттеу» әдісі, «Кері байланыс» әдістері
қарсаңында тапсырмалар орындатуға болады.
Осылай «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығынан деп тақырып
қорытындыланады. Мен бұл оқулық жайлы айтарым көп. Оқулықтың берілу жүйесі,
оқытуы маған ұнады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет