«жаратылыстан» институты


«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі



бет29/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары»: «Компьютердің жады түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады)»;
2) «Программалық қамтамасыз ету»: «Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру». «Ақпаратты қысу, архиватор-бағдарламалар» «Мұрағаттарды құру және ашу»;
3) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша)»;
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару»;
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу», «Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары», «Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, маркер толықтыру», «Деректер типтері», «Формулалар енгізу», «Шартты пішімдеу», «Диаграммаларды құру»;
6) «Алгоритмдер»: «Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау»;
7) «Программалау»: «Файлдарды оқу және жазу»;
8) «Эргономика»: «Пайдаланушы интерфейстерінің эргономикалығын анықтау»;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау».
8-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары»: «Процессор және оның негізгі сипаттамалары»;
2) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің өткізу қабілеті»;
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпараттың көлемін бағалаудың алфавиттік тәсілі»;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Электрондық кестелердегі деректер пішімдері», «Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер», «Функциялар графиктерін құру», «Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (қосындысы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, саны), логикалық (егер)»;
5) «Модельдеу»: «Python (пайтон) программалау ортасында модельдер құру»;
6) «Алгоритмдер»: «Алгоритм трассировкасы»;
7) «Программалау»: «Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл)»;
8) «Эргономика»: «Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері», «Электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері»;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия».
Информатика сабақтарындағы пәнаралық байланыстар білім алушылардың пәндерге қызығушылығы мен оқу сапасын арттыруға, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді, оқу пәндеріне кешенді көзқарас қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, білім алушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді, бағдарламалық материалды терең түсінуге және меңгеруге көмектеседі, білім алушыларды ғылыми-зерттеу әрекеттеріне баулиды. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін жоба әдісін қолдану пәнді оқытудың тиімділігін арттырады, пәндер бойынша оқыту сапасын арттырады.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарда білім алушылардың жобалық жұмыстарының тақырыптары мен мақсаттары жоспарланған. Сондықтан оқу жылы ішінде білім алушылардың көрсетілген тақырыптар бойынша жобалар мен шығармашылық жұмыстардың орындалуы педагогтер назарында болуы керек.
Жобалау әдісін қолданған кезде педагог дайын білім беруден гөрі білім алушылардың зерттеу, іздеу, шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Жобалық жұмысты сабақта немесе сабақтан тыс уақытта орындауға болады. Білім алушылар жаңа білім іздеу арқылы жаңа нәтижелерге қол жеткізеді, талқылайды, жоба бойынша қорытынды шығарады, жобаны жетілдіреді, нәтижені жариялайды.
Ұзақ мерзімді жоспарда бөлімшелер мен тақырыптар тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге бөлінетін сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелер арасында сағат санын бөлу практик-педагогтердің еркінде, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылуы тиіс.
5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән бойынша білім алушылардың академиялық тілін дамытуға айрықша назар аудару ұсынылады. Бағдарламалау тілі - ағылшын тілі, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде ұсынылған. Педагог білім алушылардың назарын информатика бойынша академиялық тілді қолдануға аударуы, сондай-ақ информатиканы оқуға қажетті тілдік дағдыларға көңіл бөлуі қажет. Сонымен қатар педагогтер білім алушының бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін пайдаланылатын ұғымдарды қамтитын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет