«жаратылыстан» институты


Рөлдер. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады. Үй жұмысы



бет56/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

Рөлдер. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады.
Үй жұмысы. Балаларға әртүрлі үй тапсырмалары беріледі, ал жекелеген оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін.
Диалог\Сұрақтарды пайдалану. Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзінің қоятын сұрақтарын және оқушылардың берген жауаптарын саралайды. Кез келген білім алушы үшін маңызды ресурс – қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі аспектілері бар.
Бағалау. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін икемді үдеріс.
Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай ілгерілей аламыз.
Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін енгізу қажет. Мысалы: үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында, сіз тестілеуді оқушы ұнатпайтын әрекетке айналдыруға жол бермейтін әдістемелерді пайдалана аласыз. Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың білім сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Тәжірибе корсеткендей, сенімді түрде алға жылжу оқушыларды шабыттандырып, оларды қарқынды жұмыс істеуге ынталандырады. Тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттырады.
Қазіргі уақытта оқыту әдістерінің 50-ге жуық түрі мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады.Олардың ішінде кең қолданыста ие болған оқыту әдістеріне:
1) дамыта оқыту;
2) проблемалап оқыту;
3) программалап оқыту;
4) ойлау әрекетін кезеңдеп қалыптастыру;
5) танымдық қызығушылықты дамыту теориясы;
6) дидактикалық бірліктерді ірілендіру;
7) қарқынды оқытудың әдістемелік жүйесі;
8) адамгершілік педагогикасы;
9) білімді «толық игеру» технологиясы;
10) оқу процесіне компьютерді қолдану;
11) мазмұнды жалпылау теориясы;
12) оқытуды оңтайландыру;
13) оқу әрекетін белсендіру теориясы;
14) бейімдеп оқыту; т.б..
Білім берудің қазіргі технологияларына:
а) оқу-ақпарат жүйесі;
ә) шығармашылық тапсырмалар жүйесі;
б) модельдеу теориясы; т.б.
Осы бағытта ғалымдар білім беруді технологияландыру моделін жасауда ескерілуі тиіс келесі шарттарды ұсынады:
1. Тұжырымы, яғни қандай да бір ғылыми тұжырымға сүйенетіндігі немесе негізделгені.
2. Жүйелілігі, яғни оқу процесіндегі барлық бөліктердің өзара байланыстылығы.
3. Басқарылуы, яғни мақсатты айқындау, оқыту процесін жобалау, т.б
4. Тиімділігі, яғни соңғы нәтиженің оқыту стандартына сәйкес кепілділігі немесе жемісті болуы.
5. Қабылдауы, яғни оқушының қабылдау мүмкіндігінің ескерілуі.
Қазіргі кезде жалпы дилактикалық технологиялардың бір-бірінен айырмашылығы оқу және оқыту процесін ұйымдастырудың әдістері мен құралдарына байланысты оқыту жүйесінің әдістемелік кешенін анықтаудан байқалады. Екіншіден, дәстүрлі оқыту процесінің өзіне тән «дәстүрлі оқыту технологиясы» бар, олар оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу кезінде қолданылатын әдістер мен құралдар арқылы айқындалады.
Оқыту технологиясы бір жағынан оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту процесіне қажетті ақпараттық-техникалық құралдарын пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістері туралы ғылым.
Ал, оқыту мазмұны оқушыларға берілетін оқу ақпаратының құрамы, құрылымы және мазмұны ретінде, кәсіби және оқу іскерліктері мен дағдыларын, кәсіби іс- ірекетінің бастапқы тәжірибесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін есептер, тапсырмалар мен жаттығулар кешені ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет