3. Пререквизиттері: Педагогика, Мамандыққа кіріспе, Программалау I, Программалау ІІ, Информатиканың теориялық негіздері
4. Постреквизиті: Педагогикалық практика, Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны, Кәсіби практика, Математикадан сыныптан тыс жұмыстар
5. Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер:
Информатиканы оқытудың әдістемесінің негізгі түсініктерін, бағдарламалық жабдықтарды үйретудің әдіс-тәсілдерін талдау мәселелерінде құзыретті болуы керек;
Информатика бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдауға және шеше білуге қабілетті болыу керек.
6. Күтілетін нәтижелері: Аталған курсты оқығанда білім алушылар:
информатиканы оқыту әдістемесі туралы түсінік алып, білім беру мақсатындағы таралған жаңа технологияларды практика барысында қолдана біледі;
білім беру жүйесінде жұмыс істейтін маманның кәсіби қызметінде жаңа технологиялық құралдарды қолдана алады;
информатика бойынша оқыту нәтижелерін жоспарлау, оқушыларды объективті бағалау үшін, тексеру құралдарын жасау және пайдалану, информатика бойынша сабақтарды талдау және сабақты өзін-өзі талдау жүргізуді меңгереді;
- мектеп информатика курсы бойынша білім беру үдерісін жобалауға қабілетті болады;
- пәнаралық байланыстарды түсінеді;
- информатика бойынша кәсіби сөздік негіздерін, әртүрлі құралдармен информатиканы мектеп оқушыларының оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі заманғы тәсілдерін, информатиканы оқыту барысында жобалық және инновациялық қызметтерді, қазіргі оқыту құралдары мен АКТ-ны, оқу үдерісінде олардың әдістемелік тиімділігі мен мақсатқа сәйкестігін бағалай алады.