Дәріс №8. Информатика сабағына қойылатын талаптар. Сабақ жоспарын жасау. Сабаққа өз бетінше талдау жасау үлгісі.
Информатика сабағына қойылатын талаптар:
пән мазмұны оқу бағдарламасына, күнтізбелік-такырыптық жоспарға сай жасалу қажет;
сабақта дидактикалық принциптер ескерілуі керек;
- сабақ тақырыбына сай мектеп оқулығы мен әдістемелік әдебиеттер, дидактикалық материалдар, қолданбалы және ашық программалар қолданылуы қажет;
- сабақтың білімділік, дамытушылық, практикалық, тәрбиелік мақсаттары, сабақтың түрі, өту әдісі алдын ала айқындалуы қажет;
- тақырыптарды бір-бірімен байланыстыру үшін қаңдай материалдар ұсыну керек екенін алдын-ала ойластырған жөн; оны бекіту әдістерін, оқушыға білім беру мен бағалаудың, іскерлік пен дағды қалыптастырудың жолдарын алдын ала ойластыру қажет;
- тапсырма беруде оның мазмұны мен көлемінің оқушыға лайық болуына назар аудару керек. Үйге берілетін тапсырмаға міндетті түрде нұсқау беру қажет.
- сабақтың кезеңдері мен оның дидактикалық құрылымының және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеру қажет.
Сабақ жоспарын жасау Мұғалім окушының оку-танымдық іс-әрекетін басқаратыны белгілі. Сондықтан сабақты жоспарлаған кезде оқу материалының мазмұнын толық қамту, мақсатқа жету мүмкіндіктерін есепке алу ескерілу керек
Бұдан кейін сабақ жоспарынжасау кезінде сабақтың кезеңдері мен оның дидактикалық құрылымының және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеріледі.
Сабақ жоспары - мұғалім үшін міндетті құжаттардың бірі. Оны жасап сабақ өтуге даярлану мүғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Себебі, шығармашылықсыз мүғалімнің шеберлігі де болмайды.
Олай болса, мүғалім сабақты жоспарлағанда, оны жоғарыда аталған дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруды ойластыруы қажет.