Сабаққа өз бетінше талдау жасау үлгісі
Сабақты өтіп болғаннан соң мұғалім міндетті түрде өз бетінше талдау жасауы керек. Яғни, сабақта кандай іс-әрекеттер жүзе асырылды, қандай іс-әрекеттер орындалмады. Оның себебі не? деген сұрақтар айналасында талдау жасауы тиіс. Бұл кезде сабақты өткізу әдісі туралы қысқаша сипаттама жасалуы керек:
сабақтың түрі;
сабақтың сипаттамалық кезеңі;
сабақ мазмұнының дидактиканың ғылымилық, тізбектілік, т.б. принциптерімен сәйкес келуі;
сабақты өту әдісі мен формасының ерекшеліктері;
мұғалімнің жеке басының ерекшеліктері, оның окушылармен қарым-қатынасы;
- техникалық жабдықтармен оқытудың мақсатқа сай болуы, олардың сабақ мазмұнымен үйлесімділігі;
- оқушылар меңгерген білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру;
- сабақты қортындылау, оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын бағалау;
- үйге берілетін тапсырманың мөлшері мен қиындығы, көлемі.
Дәріс №9.
Оқыту нәтижелерін бағалау, тексеру және оны ұйымдастыру. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, құрылымы. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Оқыту процесінің міндетті компоненті, соңғы кезеңі бағалау, бақылау болып табылады (білім алу нәтижелерін тексеру).
Білімді бақылау және бағалау педагогтіқ үрдістің маңызды құрамы болып табылады. Осыған байланысты, мұғалім өткізетін іс-шараларды мәнсіз түрде емес, жүйелі түрде өткізіп, әр кезде нәтижелерін талдай отырып және білім сапасына, іскерліктері мен дағдыларына уақытылы түрде түзетулер жасау үшін тиісті шараларды қолдануы керек.
Тексеру – білім алу, даму және оқу мақсаттарына жету деңгейін меңгеруде жетістіктер мен қиыншылықтарды анықтау үрдісі.
Бақылау – жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және стандарттармен салыстыру операциясы.
Есепке алу – тексеру және бақылау көрсеткіштерін бір жүйеге келтіру, сол арқылы оқушылардың білім алу және даму процесінің қарқынын көруге болады.
Бағалау – сапалық және сандық талдаудан тұратын білім алу нәтижелері мен барысы туралы пайымдау, мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыруды ынталандыру болып табылады.
Баға қою – оқу қызметінің, жетістіктер деңгейінің нәтижелерін ресми бекітілген шкала бойынша баллмен немесе дәрежемен анықтау.
Оқушылардың білімін, ептіліктері мен дағдыларын диагностикалау оқу үрдісінің маңызды құрылымдық компоненті болып табылады. Тексеру және бақылау жүйесіне әртүрлі бақылау тәсілдерін еңгізуге болады. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:
• бақылаудың жеке түрі;
• оқыту жүйесінің барлық кезеңіндегі бақылаудың жүйелілігі, жиілігі;
• оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші функцияларының орындалуын, қорытындыларына және оның өткізілуіне оқушылардың қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ететін әртүрлі бақылау формалары;
• жан-жақтылық: бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлімін қамтуы қажет, теориялық білімнің, зияткерлік және практикалық ептіліктері мен дағдыларын тексеруді қамтамасыз етуі тиіс;
• әділдік;
• дифференциалды тәсіл;
• осы сынып оқушыларының оқу әрекетін бақылайтын мұғалімдер талаптарының біртұтастығы.
Бағалау әдістері:
- оқу тапсырмалары арқылы бағалау (пікірталастар, күнделіктер, оқытуды дамыту үшін қолданылатын барлық материалдар);
- топта, жұпта, сыныпта талқылау;
- өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;
- оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, марапаттар, жетістіктер т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |