«жаратылыстан» институты


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны



бет45/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады (суретте).



Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық- әдістемелік құжаттар негізінде берілген:


• мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта);
• оқу бағдарламасы мен оқу жоспары;
• білім алушылардың білімін бағалау критерийлері;
• білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі;
• негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
• пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар;
• пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы.
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (суретте).
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.


Критериалды бағалаудың құрылымы

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия, оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.


Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр,оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады. Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау бақылауға және бағалау әсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білімалушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және «атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет