«жаратылыстан» институты


Дәріс №13. Информатикадағы теория мен практика



бет57/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

Дәріс №13.
Информатикадағы теория мен практика.
Кері байланыс орнату тәсілдері.

Теория мен практиканың байланысы тек принцип қана емес, оқыту мен тәрбиелеудің негізгі заңы болып табылады. Теория мен практиканы ғылымның барлық саласында үйлестіре дамыту аса қажетті іс.


Теорияны практика жүзінде тексеруде, ғылым мен техниканың жетістіктерін практикаға енгізуде, меңгерген білімді өмірде қолдануда информатика пәні еңбек сабағынан асып түседі. Себебі, оқушылар ешқандай материалдық шығынсыз мектепке, мұғалімге, сыныпқа, өзіне қажетті пайдалы еңбек етеді. Мысалы, дидактикалық үлестірмелі материалдар дайындауда, кітапхана, мектеп құжаттары, оқушылар үлгерімі қорын жасауда теория мен практиканың айырмашылығы аз болуы мүмкін.
Информатика пәнін оқып-үйренуде теорияның ғылыми категориялары мен практикалық байланысының мәні өте үлкен. Жалпы жағдайда теория практика нәтижесін болжайды, ал практика теорияны тексеру құралы қызметін атқарады. Информатика сабағында қандай да бір бағдарламаны компьютерге енгізіп, нәтиже алу кезінде теория мен практика тығыз бірлікте болады. Компьютерлік ортада жұмыс істеу тек практикада жүзеге асырылады, өйткені теориялық сабақта оны өмірмен байланысы жоқ білімді оқушылар нашар меңгереді.
Сонымен, информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың принциптерін нақтылайды және толықтырады. Өзінің негізгі категорияларының жан-жақтылығына сәйкес басқа дербес әдістемелермен өзара тығыз байланыста болып, осы байланыстар арқылы мектептегі басқа пәндермен біртұтас даму бағытын ұстанады.


Кері байланыс орнату тәсілдері. Бақылау.
Бақылау – оқыту процесінің нәтижесін анықтау мақсатында оқу процесіндегі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын әрекет тәсілі. Дидактикада бақылау әдістерінің бірнеше түрі қолданылады. Олар ауызша, жазбаша, тест түрінде болуы мүмкін. Бақылау мақсатына қарай ағымдық, аралық, қорытынды болып бөлінеді.
Информатика сабағына тән бақылау әдістерінің бірі – компьютерлік бақылау. Бақылау компьютер әлемін мақсатты да, жүйелі түрде оқушылардың қабылдау мүмкіндігін зерттейтін әдіс. Бұл әдіс зерттеу объектісіне байланысты информация алудың ең маңызды әдістерінің бірі болғандықтан оқушыларда бақылау әрекетін қалыптастырады.
Компьютер әлемін зерттеу барлық басқа ғылымдар секілді объектілерді танып білу, оларды бақылау мен сипаттау жұмыстарынан бастау алады. Жалпы жағдайда, оқушылар үшін бақылау мұғалім тарапынан, жолдастары тарапынан, компьютер тарапынан және өзін-өзі сынау арқылы жүгізілуі мүмкін.
Информатика сабағында оқушылар компьютерде қандай да бір жұмыс нәтижесін көрсетеді. Оның дұрыс та, бұрыс та болуы мүмкін. Қалай болғанымен де алынған нәтиже оқушыға өзіс-әрекетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кейде, алынған нәтиже қате болған жағдайда «мен дұрыс орындадым, бірақ компьютер басқаша есептеді» – деген секілді оқушының өзіндік бағалауы информатикадағы бақылаудың ерекшелігін сипаттайды. Сонымен бірге, оқушылар бірін-бірі бақылау арқылы «басқаның» ойлау бағытын түсінуді үйренеді. Бұл кезде оқушы басқа адамдарға өзінің білгенін түсіндіреді, яғни білімін сөзбен жеткізіп, ойын жүйелі айтуға қалыптасады.
Компьютерлік бақылау барысында бұл жағдай басқаша сипатқа ие болады. Компьютерлік бақылау қателерді «ерекшелеп» көрсетіп, оған оқушының көңіл аударуын талап етеді. Бұл талап оқушының өзін-өзі бақылауына алып келеді және жоғары деңгейлі бақылау болып табылады. Әрқашан адам табиғатының өзіне-өзі сенуге бейім болатыны, өзін іштей жоғары бағалайтынын ескерсек, оның өзін-өзі бақылауы, өзбетінше ойлауы, өзіне сын көзбен қарай білуі оқушылардың информациялық мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді.
Бақылау жұмысының қандай мақсатта алынатынын, яғни қорытынды нәтижені білу үшін немесе оқушылардың іс-әрекет тәсілін меңгеруін анықтау үшін жүргізілетінін ажыратып алу қажет. Мүмкіндігінше бақылау нәтижелерін тексеру, талдау жасау, тұжырымдау, қорытындысын оқушыларға жеткізуге, көңіл бөлу керек. Кейде нәтиже дұрыс алынғанымен, оған жету жолында артық іс-әрекеттер жасалған болуы ықтимал. Сондықтан, оқушының іс-әрекетін бақылай білу маңызды.
Оқытуды ұйымдастыру тәсілдеріне сәйкес бақылауды ауызша және жазбаша жүргізуге болады. Жазбаша жұмыс тиянақты әрекет жасауды қажет ететіндіктен, оның нәтижесіде сапалы болады. Шын мәнінде, компьютер экранында бейнеленген текст жазбаша тілдің бір көрінісі.
Оқыту процесінде мұғалім→оқушы тура және оқушы→мұғалім кері байланысы жылдам немесе баяу жүргізілуі мүмкін. Көбінесе жылдам байланыс тиімдірек болып есептеледі. Бірақ өте жылдам байланыс шығармашылықпен ойлауға бейімі бар оқушылардың ойлауына кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, жазылған алгоритмге өзгерістер енгізе білу тиімді, әрі тез әрекет. Себебі, енгізілген өзгерістер алгоритмнің орындалуын болжау, түсіну дәрежесін көрсетеді. Егер оқушы әрбір алгоритм қадамындағы нұсқауларға мән бермей жалпы текст жөнінде айтып, өзгеріс енгізілген алгоритмді ойша орындай алмаса, онда берілген тапсырманы қайта талдап, сонан соң жалпылау қажет. Керісінше, өзгеріс енгізілген алгоритмді компьютерде, нәтижелердің өзгеру себептерін түсіндіре отырып орындау, білімді сапалы игеруді қамтамасыз етеді. Оқушыларға өзгерістер енгізу барысында өте ұқыптылық керек екенін көрсеткен жөн. Өйткені, кейде кішкене өзгертудің өзі алгоритмнің мақсатын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайларды мұғалім алдын-ала ескеріп отыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет