Жаратылыстану, дүниетану сабақтарында қалыптастырушы бағалау әдістеріне мысалдар келтіріңіз



бет1/2
Дата25.09.2023
өлшемі338,68 Kb.
#110172
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Жаратылыс нрглваа



  1. Жаратылыстану, дүниетану сабақтарында қалыптастырушы бағалау әдістеріне мысалдар келтіріңіз

Қалыптастырушы бағалау- бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау болып табылады, ол критерийлерге сәйкес бағалауға негізделеді және кері байланысты
меңзейді.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты- оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған.
Қалыптастырушы бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады
Қалыптастырушы бағалау. Жаратылыстану
Суретке мұқият қара. Асты қорытуға қандай мүшелер қатысады? Асқорыту мүшелерінің атауын жаз. 



Асқорытумүшелер: _____________________
· Берілген сұрақтарға сүйеніп, асқорыту жүйесінің рөлі туралы жаз. 
- Асқорыту мүшелерінен ас қандай ретпен өтеді? 
- Тамақтану арқылы ағзада не жинақталады? 
- Тамақтанудың ағза үшін қа ндай маңызы бар?
Қалай тамақтану керек?
Тапсырма 
Суретке мұқият қара. Адамның ішкі ағзаларының атауын жаз. 



Қалыптастырушы бағалау. Дүниетану 


Тапсырма .Жұпта талқылай отырып, сұрақтарға жауап бер. - Отбасы деген не?
- Отбасын не біріктіреді? - «Отбасылық құндылық» дегенді қалай түсінесің? 

Сенің отбасың қандай құндылықтарымен қымбат? «Құндылықтар картасын» толтыр. 






  1. Бөлім (ортақ) тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, жоспарлау және өткізу. 2-сынып «Дүниетану» пәнінен «Менің туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгісін құрыңыз

Жиынтық бағалау (ЖБ) талаптары:
Бөлім және ортақ тақырыптар бойынша ЖБ талаптары:
- ЖБ тапсырмаларын мұғалім өзі құрастырады;
- бөлім бойынша оқу мақсаттарын қамтиды;
- 15-20 минут аралығында өткізіледі;
- балдар дескрипторға сәйкес қойылады;
- бөлім бойынша ЖБ нәтижесі бойынша модерация өткізілмейді;
- тоқсандық бағаға әсер етеді (50%).
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген бағалау критерийлері ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
• жаратылыстану
-ғылыми пәндер
бөлімдер бойынша;
• әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
– ортақ тақырыптар бойынша;
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады
Бөлім бойынша соңғы жиынтық бағалауды тоқсан соңына дейін 1 аптадан кем емес кезеңде өткізу жоспарланады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды орындау уақытын мұғалім берілген тапсырмалар мен оны орындауға кететін орташа уақытты, жұмысты орындауды есепке ала отырып анықтайды. Сонымен бірге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 15-20 минут уақыт аралығын қамтитындай етіп жоспарлау ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – шартты, сабақтың белгілі бір кезеңін ғана алатындай, шағын көлемді бағалау жұмыстарын көрсету мақсатында енгізілген. Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттары жиынтық жұмыстың мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыстың мазмұнына меңгерген бөлім бойынша білім мен дағдылар деңгейіне жеткенін көрсетуге мүмкіндік беретін оқу мақсаттарын қамту ұсынылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік 26 ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады. Ол үшін мұғалімге көмек ретінде төмендегідей алгоритмдер ұсынылады
: 1) оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;

  1. жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;

3) ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
4) әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
5) білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет