Үшінші себеп – баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.
Түрлі ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді.
Автономды сөйлеу балада тез өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді(әдетте жарты жыл көлемінде) . Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды. Бірақ жаңа сөйлеу деңгейіне тез ауысу бала үшін жақсы жағдай кезінде ғана қалыптасуы мүмкін. Бірінші кезекте бала үлкендермен толық қарым-қатынас жасауы қажет. Егер үлкендермен қарым-қатынас жасау жеткіліксіз тұрғыда немесе керісінше балаға жақын адамдардың барлығы бала тілектерін автономды сөйлеуіне сүйеніп орындайтын болса, сөйлеу негізі баяу қалыптасады. Сонымен қатар сөйлеу негізінің баяу қалыптасуы егіздерде байқалады, себебі, олар бір-бірімен өздеріне түсінікті ортақ тілде қарым-қатынас жасайды. Балалар сөйлеу мәнерін меңгеру кезінде сөздің фонетикалық және семантикалық жақтарын қамти бастайды. Сөздерді айтуы дұрыстала бастайды, бала біртіндеп үзік және бұрмаланған сөздерді қолдануды тоқтатады.
3 жаста барлық негізгі дыбыстарды меңгереді. Бала үшін сөз заттық мән бере бастайды. Сыртқы көрінісі әр түрлі, бірақ белгілері бір немесе әрекеті жағынан ұқсас заттарды бала бір сөзбен айтатын болады.
Түсінікті сөздер саны, яғни енжар сөздік қор ерте сәбилік кезеңде тез дамиды. Екі жаста бала үлкендер айтқан барлық сөздерді түсінеді. Бұл уақытта ол үлкендердің сөзін түсініп, түсіндіре бастайды. Бала айналасындағы заттарды белсенді түрде тани бастағандықтан, амалды әрекет ол үшін маңызды, ал заттармен жаңа әрекеттерді меңгеруді үлкендердің көмегімен ғана жүзеге асыра алады. Бала әрекетін ұйымдастырушы нұсқаулы сөйлеу ерте қалыптасады. Кешірек, 2-3 жаста сөзді түсіну және айтып беру қабілеті пайда болады. Бала қоршаған заттарға байланысты сөздерді айтып беріп, оңай түсіндіреді. Мазмұнды әңгімеде немесе ертегілерде бала түсінбейтін жағдайлар кездессе, үлкендер баламен арнайы жұмыстар жүргізуі керек.
Біртіндеп сөздік қоры да дами бастайды: белсенді сөздік (түсінікті сөздеріне қарағанда баланың айтатын сөздерінің саны әрдайым аз болады), үлкендерге арналған алғашқы сұрақтары, алғашқы сөз тіркестері пайда бола бастайды. 3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 жастағы сөйлемі 2-3 сөзден тұрады.
Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды. Оның қарым-қатынас жасау аймағы кеңейеді, ол сөз арқылы тек жақын адамдарымен ғана емес, сонымен қатар басқа да танымайтын адамдармен қарым-қатынас жасай алады. Көбінесе диалог үлкендермен әрекет жасау негізінде жасалады. Бала үлкендердің сұрағына жауап береді және сұрақ қояды, өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа түскен кезде, ол басқа баланың сөзінің мазмұнына аса түсінбейді, сондықтан да балалар бір-біріне әрдайым жауап бере бермейді.
1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады. Ф – ф – ф- ф -ф – у – сіріңке, темекі, пеш, газ, шам, т.б. тамақ ішем, ет жеймін су ішемін.
2) тұрған орнына қарай
3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып тұрған саз балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бүжәй дейді.
4) дыбысы бойынша атау. Ля- ля- радио, музыка, ән. Гаф-гаф күшік , мияу-мияу мысық деген сияқты т.б.
2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым-қатынас жасау нәтижесінде сөздік қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегенін сұрайды, үлкендердің сұрағына жауап береді. Алғашқы сұрағы бұл не? Бұл қалай аталады? – деп сұрап, әр заттың өз атауы болатынын біледі.
1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың соңында баланың сөздік құрамы түсініксіз жобалық негізде болады. Екі жас соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық тұрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің белгілі бір заңдылығы болады:
60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады.
Сөзді тыңдап отырып қайталайды.
Ситуациялық сөз.
Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің дамуына байланысты.
1-ден 3-жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.
Тілдік карым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен атқаратын қызметін ажыратады.
Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде қабылдап негізгі белгілерін ажыратады.
Заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын ажыратады.
Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті әрекет етуге, дербестікке үйренеді.
Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие нәтижелерін игеретін болады, болмайды деген сөздер мәнін түсінеді.
Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді.
Өзіне және өзгелерге баға беріп, басқа біреулер үшін жауап беріп, жауапкершілік сезімі оянады.
Практикалық ойлауы дамиды. Тақпақ жаттау, ертегі, әңгіме айту, дидактикалық ойын ойнауы жүзеге асады.
Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады.