Әлеуметтік нормалары - тарихқа байланысты қоғамдық болмыстың индивид қызметіне және қатынастарына, әлеуметтік топтарға, таптарға және шынайы жағдайларға сәйкес қызметті және қатынастарды ұйымдастырудың қоғамдық қажеттілігін білдіретін қоғамдық институттарына қоятын талаптары. Олар қоғамдағы жүріс-тұрыстың жалпы қағидалары болып табылады. Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, бүкіл халықаралық қауымдастыққа тән мүдделерді, құндылықтарды білдіретін әлеуметтік нормалар жалпы адами нормалар деп аталады. Бұл нормалар әділеттік және гуманизм, адам құқықтарына құрмет және т.с.с. белгілейді. Әлеуметтік нормалар қоғамда бірнеше маңызды функцияларды атқарады. Олар:
Тарихтағы ең алғашқы әлеуметтік нормалар ғұрып нормалары болып табылады. Ғұрып нормалары - көп рет немесе ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде адамдардың әдетіне айналып, осылайша олардың жүріс-тұрысын реттейтін жүріс-тұрыс қағидалары. Ғұрып - жүріс-тұрыстың қалыпты нормасы, оның орныққан нысанында орындалуы. Адам өзінің күнделікті өмірінде үнемі әдетті басшылыққа алады. Күнделікті әдеттермен салыстырғанда ғұрыптар – әлеуметтік тұрғыда маңызды құбылыстарға қатысы бар жүріс-тұрыстың жаппай үлгілері болып табылады. Мысалы, қонақжайлылық ғұрпы.
Ғұрыппен дәстүрлер де тығыз байланысты. Дәстүрлер - белгілі бір қауымдастықта ұзақ уақыт бойы сақталатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұраның тарихта қалыптасқан элементтері. Дәстүрлердің ғұрыптардан басты айырмашылығы "мәдениет" ұғымы арқылы мәдениеттің тік қиығы көрінуінде - уақыттың тік осі, бұрын болған нәрсе бүгінде де бар және болашақта да сақталуы әбден мүмкін. Осылайша; дәстүр деп, ең алдымен, мәдени нормалар мен нысандардың (тілдің, ғұрыптардың, құндылықтардың және т.с.с.) ұрпақтан ұрпаққа берілу тетігі деп түсіну керек. Ғұрыптар мен дәстүрлер ең алдымен салттарда және жораларда көрінеді. Салттар мен жоралар - белгілі бір сезімдерді туғызатын қандай да бір әлеуметтік идеяларды, нұсқамаларды, құндылықтарды және нормаларды қамтитын символдық қалыптасқан ұжымдық әрекеттердің жиынтығы.
Ғұрыптар адамгершілік және құқық нормаларын қалыптастыру негізінде жатады. Адамгершілік мағынасына ие болған ғұрыптарды әдет-ғұрып деп атайды. Әдет-ғұрыптар немесе адамгершілік нормалары - қоғамда адамгершілік түсініктеріне сәйкес орныққан жүріс-тұрыс қағидалары. Адамгершілік түсініктері - жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш, абырой, намыс және т.с.с туралы түсініктер.