Жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау махшатова Анель



бет1/2
Дата24.11.2023
өлшемі100,59 Kb.
#125463
  1   2
Байланысты:
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМДАРЫ-БІЛІМІН-ЖАҢАРТЫЛҒАН-МАЗМҰНЫ-ЖАҒДАЙЫНДА-МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» 1 2


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ БІЛІМІН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ


Махшатова Анель

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.


6В05302-Химия ББ 1 курс студенті. Amakhshat@mail.ru.
Білім беру мазмұнына қатысты жаңартуларды енгізу уақыт өткен сайын қоғамдағы қажеттілікті тудырады. Ол алғашында күнделікті жүргізіле беретін үрдіс ретінде көрінуі мүмкін. Дегенмен де, біздің мемлекеттегі орта білім беру моделінде, оның құрылымында, мазмұны мен жоспарында, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерінде жаңа әдістемелер керек. Оны қайта қарастыру үшін және мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы байланысты жоғары деңгейге жеткізу үшін икемделу қажет. Сол себептен, білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі іс-шаралардың барлық кешені тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған. Әсіресе, жаратылыстану ғылымдары білімін жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау бүгінгі таңда өзекті.
Жаратылыстану ғылымдарының қай-қайсысын алсақ та, өзінің құндылығын жоғатлпаған ақпараттарға толы. Балабақшадан бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін өтілетіндіктен, мұны аңғару қиынға соқпайды. Өйткені адамзаттың қоршаған орта жайлы түсінігі алғашында осы пәндердің жүйесінен бастау алады [1]. Біздің қазақтың ұлттық таным-түсінігінде аталмыш деректер бұрыннан қалыптасқан. Соның түп-тамыры арқылы дүниедегі болып жатқан өзгерістерді түсіну оңай десек болады. Сондықтан ХХІ ғасырда, яғни бүгінде жаратылыстану ғылымдарын жүйелі оқыту үшін қазақ этнопедагогикасына мән берген жөн. Егер қазақ этнопедагогикасын зерттеу барысында халықтық дәстүрлердің баға жетпес тәжірибесін қамтитын жастардың адамгершілік-экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсілдер мен құралдар жүйесін көретін болсақ, жаратылыстану ғылымын модернизациялауға жол ашылады. Оған көбінесе мыналар жатады:

  • қазақ этнопедагогикасындағы экологиялық дәстүрлер мазмұнының байлығын зерттеу;

  • халық дәстүрлерінің мазмұнына, көркем әдебиетке, өнер туындыларына жүйелі, мақсатты үндеу;

  • адамгершілік ұғымдарының мазмұнын халықтық экологиялық дәстүрлер арқылы ашу;

  • оқушылардың өз халқының экологиялық құндылықтарын интериоризациялауы;

  • жеке және ұжымдық табиғатты қорғау қызметі;

  • қазақ халқының экологиялық мәдениетін басқа халықтармен салыстыру арқылы жалпы, жеке және ерекше анықтау.

Демек, мұндай жаңартудың нәтижесі әр сабақ сайын оқушылардағы аялық білімді кеңейте түсуге септігін тигізеді және жандандырады. Яғни оқушы – жаратылысты түсінуге бағытталған білім алушы субъекті, ал мұғалім-оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы.
Осылайша, білім беру жүйесін модернизациялау – мемлекеттің ауқымды бағдарламасы ретінде көрініс табатын әрі оның шеңберінде нақты іс-шаралар жоспары әзірленетін амалдар тізбегі [2]. Тек бұрыңғыға қарағанда ғылымның кез-келген саласына қатысты ақпараттарды игеруде өте тиімді жұмыс жасайды. Мәселен жаратылыстану ғылымдарына жататын дүниетану пәнінжалпы білім беретін мектептерде модернизациялау үшін негізгі талаптарды орындау шарт. Олар:

  • білім беру мазмұнын жаңарту және оның сапасын бақылау тетіктерін жетілдіру;

  • жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеу және қабылдау;

  • мектептердің материалдық-техникалық базасын дамыту, қашықтықтан оқыту орталықтарын құру;

мұғалімдер мен мектеп басшыларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру:
-мектеп инфрақұрылымын дамыту.
Қазақстан Республикасында Конституциялық негізі бекітілген және игерудің пәндік нәтижелеріне қойылатын талаптары жекелеген объектілерді, процестер мен құбылыстарды, олардың табиғи және антропогендік әсерлер нәтижесінде өзгеруін бақылау дағдыларын, әртүрлі ақпаратты талдау және түсіндіру дағдыларын меңгеруді қамтиды. Әртүрлі табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілерді, процестер мен құбылыстарды білу және салыстыру, табиғи, антропогендік және техногендік өзгерістердің дәрежесін бағалау, сандық ақпаратты іздеу және талдау үшін оқытудың статистикалық әдісін қолдануға болады, оның негізгі міндеттері әртүрлі статистикалық деректерді таңдау және қажетті көрсеткіштерді есептеу, оларды түсіну және объективті түсіндіру. Статистикалық әдісті қолдану математиканы оқу кезінде қалыптасатын құзыреттердің болуын болжайды [4]. Әрине, ең алдымен, біз кестелерде, диаграммаларда, графиктерде, ауызша, жазбаша және аспаптық есептеу дағдыларында, әртүрлі графиктерді құруда ұсынылған сандық ақпаратпен жұмыс істей білу туралы айтып отырмыз. Көбінесе бақылаулар мен зерттеулер жүргізу кезінде нақты терминологияны қолдана отырып, қорытындыларды қысқаша ұсыну, логикалық негіздемелер мен дәлелдер келтіру қажет.
Екіншіден, көрнекілік құралдарынан бөлек жаратылыстану ғылымдарына қатысты қолданылатын сабақ жүргізуге байланысты ойындар да өз кезегінде жаңашылдыққа алып келуде. Бұл тәсіл соның ішінде физика мен информатика сабақтарында сабақтың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Белсенді әдістерді қолдану – болашағымыздың жарқын болуына деген кепілдіктің бірі. Яғни, сабақ жүргізу методикасында осыған баса назар аудару қажет. Ақпараттың күрделілігіне сай қолданылатын «миға шабуылдың», «ыстық орындықтың», «сыни ойлаудың» нәтижесінде бүгінгі таңда оқушының тез қабылдап алу функциясы дамуда. Одан бөлек мұғалімдер арасында танымал Блум пирамидасында және жеке, жұптық, топтық әдістерде үлкен мән жатқанын байқауға болады. Олардың ерекшелігі – балалардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерін дамытуға белсенді түрде атсалысуы. Ойлау қызметін қалыптастырып қана қоймай, оқушылардың өз көзқарастарын ашық айтуға және қорғауға негіз. Бұл тек қана мектеп қабырғасында емес, мектеп алды және ЖОО-ндарында да пацдаланылады. Тіпті мемлекеттік емес мекемелердің назарына іліккен. Мысалы, ҰБТ-ға дайындайтын JUZ40 білім беру орталығында жаратылыстану ғылымдарына негізделген пәндердің барлығы дерлік жұптық жұмыс негізінде орындалады. Яғни мұғалімнің берген ақпаратынан бөлек түлектерді кураторлар тексереді және кураторлармен байланыс біткен соң, оқушылар жұпқа бөлініп, бір-бірімен сабақ барысын талдайды. Сонда алынған білімнің игерілу көрсеткіші бірнеше есеге артады.
Үшіншіден, практикалық және теориялық тақырыптарды қатар алып жүретін химия, физика және биология сабақтарының ұсынылған әзірлемелерінде заттар мен құбылыстарды танудың жаратылыстану әдістерін игеруге, бақылауларды, эксперименттерді, өлшемдерді, модельдеуді оқу және зерттеу қызметінде қолдануға көп көңіл бөлінеді. Әзірленген әдістер мұғалімге оқушыларды ынталандыру мәселелерін шешуге, оларды эксперименттік зерттеулерге қызықтыруға, сабақтарда да, оқу жобалары мен зерттеулерді дайындауда да ғылыми танымға деген ұмтылысты дамытуға көмектеседі.
Қорытындылайтын болсақ, оқу құралының жеке оқу пәніне арналған әрбір бөлімінде нәтижелі оқытуды қамтамасыз ететін және пәндік және мета-пәндік нәтижелерді қалыптастыруға ықпал ететін ғылыми таным әдісін, проблемалық және зерттеушілік оқытуды, цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі сипатталатын және практикалық мысалдарды көрсету мұғалімнің қиял шеңберіне байланысты. Алайда, көрнекілік құралдарының ешқайсысы мұғалімнің орнын баса алмайтынын ескерген жөн!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет