Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:
1. Химияның теориясын және заңдарын, негізгі түсініктерін түсіне отырып, химиялық реакциялардың жылдамдығын анықтайды.
2. Бейорганикалық химияның негізгі заңдылықтары бойынша есептерді шығара алады.Берілген тапсырмаларды дұрыс қабылдап, бір жетістікке жетуді қалайды (мәселен, химиялық теңдеулерді дұрыс жаза білу).
3. Реакция жылдамдығына температураның әсерiн зерттеп, берілген тапсырмаларды дұрыс қабылдап, бір жетістікке жетуді қалайды.
Өлшеу жұмыстарына қажетті құрал жабдықтар мен реактивтер:
Секундомер.
Термометр.
Химиялықстакандар мен пробиркалар.
Na2S2O3 -0,5 н; H2SO4 – 1 н.
Жұмыстың мақсаты: химиялық реакциялардың жылдамдығы мен механизмі, химиялық тепе-теңдік туралы білімді қалыптастыру, химиялық кинетиканың негізгі түсініктері мен заңдылықтарын, реакция жылдамдығына температура әсерін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының қажеттілігі: Химиялық реакциялардың жылдамдығын білудің теориялық және практикалық маңызы зор. Теориялық маңызы - заттардың құрылысы мен атомдардың арасындағы байланысының энергетикалық сипаттамасының реакцияласу қабілетіне әсерін анықтап, осыған орай процестің жүру механизмін ашып беруі. Практикалық пайдасы – химия өнеркәсібінде өндірілетін заттардың мөлшерін арттырудың жолдарын күні бұрын біліп, оған қажетті қондырғыларды, аппаратураларды таңдап алуға мүмкіндік туғызуы.
Пререквизитор: Жоғары математика (алгоритм, алгоритмдеу негіздері)
Достарыңызбен бөлісу: |