Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Орындаған: Нүрыш Айдана
М-087 тобы
Су ресурстары және оны қорғау.
Өндірістік және тұрмыстық қажеттерге жыл сайын 600-700 км3 су жұмсалады. Олардың ішінде 130-150 км3 гидросфераға қайтып оралмайды. Қалғандары өзен, көл, теңіз жерасты суларға қосылады.
Қалдық суларды қанша тазалағанмен, 10-20% шамасында ластаушы заттар бөлінбей сақталады. 1 рет пайдаланылған қалдық суларды тазалау үшін оларды 7-14 есе таза, оттегі мол сумен араластыру керек.
Суды ластаушы көздер:
өнеркәсіп қалдықтары;
жылу;
радиоактивті қалдықтар;
Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол биосферадағы зат алмасу процестерінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі – барлық өмір, тіршіліктің негізі екендігі белгілі. Табиғат байлықтарының бірі – су. Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін ескерген жөн. Өсімдік және жануар организмдері ұлпаларының негізгі массасын су құрайды, оның салыстармалы мөлшері 50-80%. Ал ересек адамның денесінің 65 пайызы судан тұрады. Ал балаларда бұл мөлшер 80% -ға жетеді. Адам денесіндегі ең қатты нәрсе сүйек болса, оның құрамында да 22% су бар, ал қан плазмасында - 90-92%, етте – 760%, ал адам миында 89%, 3 айлық іштегі нәрестеде 95%, ал 5 айлығында 86%, жаңа туыған балада 70% су болады екен. Кейбір есептерге қарағанда адам өз өмірінде 25 тонна шамасында су ішеді екен. Тағы да мысал келтіретін болсақ, адам су болмаса 2-3 күнде өледі екен. Ал егер сол адамға су беріп бірақ тамақ бермесе, адам 40-45 күнге шыдайды. Барлық адамдардың денесінің температурасы 36,60С болып тұрады. Ал, қатты науқастанып қалған кездің өзінде, 350С-тан төмен және 420С-дан жоғары көтерілмейді. Табиғаттағы осы ғажайып құбылысты түсіндіру қиын, бірақ бұны адам денесіндегі көп мөлшерде болатын судың арқасында деп түсінуге болады. Денедегі су мөлшері 10-12 пайызға кемісе адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-пен қолы дірілдей бастайды, 20-25 пайызға кемісе өмір сүруі тоқтайды. Бір адам 70 жылда орта есеппен 50 тонна су ішетін көрінеді, ал биологиялық қажеттіліктерді өтеу үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су керек. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп Жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен 2,5 км болар еді, әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максимальды тереңдік 11022 м (Мариан шұңғымасы).
Су түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капиллярлық қасиеті бар. Осы қасиеті топырақтағы су ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы. Судың жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін адамдар жылу тарту жүйелерінде көп пайдаланады. Су электр энергиясын алуға, жүк тасуға, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, коммуналдық-тұрмыстық қажетті өтеу үшін керек. Жер шарындағы сулар үнемі қозғалыста болып, барлық бос сулар олардың агрегаттық күйіне қарамастан жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады. Жер бетінің 71,5 пайызын су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді. Республика территориясында ұзындығы 10 км-ден асатын 8 мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішіндегі ірілері – Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле еліміздің шеткі аймақтарын басып өтеді. сонымен бірге 4 мыңнан астам бөгеттер мен бөгендер бар. Олардың жалпы көлемі 10 мың км2, су мөлшері 90 км3 шамасында. Қазақстанда екі теңіз бар. Арал теңізі және Каспий теңізі. Арал теңізі ұзындығы 428 км, ені 235 км, суының көлемі 1000 км3, ең терең жері 67 м болатын. Қазіргі көлемі жөнінде нақтылы мәлімет жоқ. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 2430 км, теңіздің ең терең жер 1025 км. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен басқа жануарлардың 854 түрлері бар.
Планетамызда су өте көп және үш агрегаттық күйде де кездеседі. Жер бетінің 71% (3/4) бөлігін су алып жатыр, оның мөлшері 1500 млн.км3 шамасында. Кейінгі мәліметтер бойынша:
- мұхит пен теңіздерде – 1350 млн.км3, құрамында 35 г/лшамасында тұз бар;
- полярлы мұздарда 30-50 млн.км3, бұл тұщы ішуге жарамды сулар, бірақ оларды пайдалану өте қиын;
- өзен мен көлдерде – 0,4 млн.км3, тұщы және кеңінен қолдануға жарайды;
- жер асты, немесе минералданған, 800 м дейінгі тереңдікке дейінгісі 4 млн.км3.
Бұдан басқа, су – балшық, гипс және т.б. тау жыныстары және минералдардың құрамына кіреді, барлық өсімдік және жануарлар организмдерінің құрамында болып, кейбір жағдайда олардың салмағының 99% -ын құрайды.
2. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микрорганизмдер;
химиялық ластану: улы және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Су бассейінінің ластануының негізгі себептері – тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндер:
тұрғын үй коммуналды шаруашылықтар;
өнеркәсіп орындары;
ауыл шаруашылығын химияландыру;
халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар – химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мысалы, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, жылы жай зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организміне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.
Негізгі ластаушы көздері мыналар:
өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
химиялық заттар және тыңайытқыштар;
тұрмыстық қалдықтар;
жер асты суымен жалғанатын құбырлар;
ірі құрылыс учаскелері;
сүзгі алаңдар, бұрғы скважиналар болып табылады.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Достарыңызбен бөлісу: |