Эксперименталдық қондырғы
Эксперименталдық қондырғының негізгі бөлігі – А және В металл сымдардан жасалған термопара. Металл сымдар 1 және 2 ұштарымен жалғанған.
Тізбекке термопарадағы ток күшін көрсететін G – гальванометрі жалғанған. Термопараның 1 – жапсары тәжірибе барысында температурасы өзгермейтін суы бар ыдысқа батырылған. 2 жапсар градуирлеу кезінде электр пешімен қыздырылатын суы бар ыдысқа батырылған. Ыдыстағы сұйықтардың температурасы Д термометрлермен өлшенеді. Құйманың балқу температурасын анықтағанда 2 – жапсар құймасы бар тигельге салынады.
3 – сурет
Жұмысты орындау реті
1 – жаттығу. Термопараны градуирлеу
Термопараның тізбегін тексеріңіз.
1 – жоспарды тәжірибе барысында температурасы өзгермейтін ыдыстағы суға батырыңыз.
2 – жапсарды электр пешке қыздырылатын суы бар ыдысқа батырыңыз.
Ыдысқа сұйықтардың температураларының теңдігін тексеріңіз.
Тең жағдайды гальвонометрдің көрсетуі нольге тең болуы керек.
Электр пешін ток көзіне (220В) қосып, 2 – жапсар орналасқан ыдысты қыздыра бастаңыз. Бұл жағдайда екі жапсардың температурасы арта бастайды да, тізбекте электр тогы пайда болады. Оны гальванометр көрсетеді.
1 – таблицаға температураның әр 5-10 с өзгерген мәніне сәйкес гальванометрдің көрсетуін жазып отырыңыз. Тәжірибені ыдыстағы су қайнағанша жалғастырыңыз.
Алынған нәтижелер бойынша термопараның градуирлеу графигін салыңыз. Ол үшін абсцисса осіне Т2–Т1 температуралар айырымын ордината осіне термоток I – ді салыңыз.
2 – тәжірибе. Құйманың балқу температурасын анықтау
2 – жапсар орналасқан суы бар ыдысты алып, оның орнына құймасы бар тигельді орналастырыңыз.
Құйманы балқығанша қыздырыңыз.
Құйма балқығын кездегі гальванометрдің көрсетуін жазып алыңыз.
Градуирлеу графигінен құйманың балқу температурасын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |