Лабораториялық қондырғының сипаттамасы
Бұл жұмыста тербелістерді бақылау үшін осциллограф қолданылады. Жиілігі 50 Гц, ұзақтығы импулстарды және жиілігі колибрленген импульстарды ГИ генераторы береді. Егер К кілт 1–клеммаға қосылған болса, онда осциллографқа өшетін тербелістер сигналы барады (2 – сурет), ал К кілт 2 – клеммаға қосылған болса, онда осциллограф экранынан колибрленген импульстар көрінеді (4 – сурет). Кілт 2 – клеммаға қосылған кезде осциллографтың экранынан М калибрленген импульстарының жалпы ұзындығы l – ді өлшесек, ал кілт 1 – клеммаға қосылған кезде, осы l ұзындыққа сәйкес келетін N өшетін тербеліс санын анықтасақ, онда осы тербелістің периодын былай табуға болады.
3-сурет. Қондырғының электр схемасы
4 – сурет. Калибрленген импульстардың осциллограммасы
Өшетін тербелістерді бақылау қондырғысының схемасы 3 – суретте көрсетілген.
(4.13)
Яғни өшетін тербеліс периоды жиілігі белгілі басқа тербеліспен салыстыру арқылы анықталады. Тербелмелі контурдың параметрлері мен қондырғы жайлы кейбір мәліметтер қондырғының жанында жазылған.
Жұмыстың орындау реті
1 – жаттығу. Контурдың өздік тербелісінің периодын анықтау
Қондырғының электр схемасын құрастырыңыз. Кедергілер магазиніне кедергі қойыңыз.
Осциллограф пен импульстер генераторын 220 В электр жүйесіне қосыңыз. Осциллограф сәулесін экранның ортасына келтіріңіз.
К кілтті 1 – клеммаға қосыңыз. Осциллографтың жиілігін Х және У өстері бойынша күшейту дәрежесін өзгерте отырып, 2 – суретте көрсетілгендей өшетін тербелістің орнықты бейнесін алыңыз.
Осциллографтың жиілігін өзгертпестен, кілтті 2 – клеммаға қосыңыз. Х осінен бірнеше (М) калибрленген импульстардың ұзындығы l – ді өлшеңіз.
Кілтті қайтадан 1 – клеммаға қосыңыз. l ұзындыққа сәйкес келетін өшетін тербелістердің N санын анықтаңыз.
(13) теңдеуі бойынша Т периодты есептеңіз.
Т – ны анықтау кезінде жіберілген қателікті мына формула бойынша есептеңіз:
, (14)
бұл жерде осі бойынша l ұзындыққа өлшеген кезде жіберілген қателік деп алыңыз
8. Алынған шамаларды 1 – таблицаға түсіріңіз.
1 – таблица
№
|
R, Ом
|
f,Гц
|
М
|
l, мм-
|
N
|
Т, с
|
Т, с
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 – жаттығу. Контурдағы тербелістердің өшу сипаттамаларын анықтау
1. 1 – жаттығудың 1-3 пункттерін жасап шығарыңыз.
2. 0 – ші (бастапқы) және n-ші тербелістің амплитудаларын (У осі боынша) есептеңіз. Ол үшін өлшенетін амплитуданы У осіне келтіру керек.
3. (12) формуласы бойынша өшудің логорифмдік декрементін анықтаңыз. -ны анықтау кезіндегі жіберілген қателікті
(15)
теңдеуі бойынша есептеңіз. Бұл жерде У осінің шкаласы бойынша есептеу кезіндегі қателік.
1- жаттығуда табылған периодтың мәні Т – ны және (10), (11) теңдеулерін пайдаланып және Q –дің мәндерін анықтаңыз.
Кедергілер магазиніне кедергілерін қоя отырып, 2 – жаттығудың 1-4 пункттерін қайталап шығыңыз.
Алынған шамаларды 2 таблицаға түсіндіріңіз.
2 таблица
Өшу көрсеткіші -ның кедергі R – ге байланыстылығының графигін тұрғызыңыз. Графиктен
(16)
теңдеуін пайдаланып, катушканың индуктивтігін анықтаңыз. Бұл жерде - кедергінің өсіндісіне сәйкес - ның өзгеруі.
Достарыңызбен бөлісу: |