«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі



бет15/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22233
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Жұмысты орындау реті


  1. Электр тізбегімен танысу.

  2. Вольтметрдің көмегімен ток көздерінің э.қ.к. ,- ні табу.

  3. және клеммаларына ток көздерінің э.қ.к. қосу (ток көздерінің э.қ.к. қосу тәртібін мұғалім айтады).

  4. Тізбектегі барлық кедегілердің потенциалдар айырмасын табу керек. Егер вольтметрдің көрсеткіші «0» нүктесінен солға қарай ауытқыса вольтметрдің клеммасындағы өткізгіштердің орнын ауыстыру керек.

  5. Ом заңын пайдаланып, барлық кедергілердегі токты табамыз.

  6. Таблицаны толтырамыз.






I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

Rn































Un































n

































  1. Мұғалімнің беруі бойынша бірнеше түйінге Кирхгофтың 1-ші ережесінің орындалуын тексеру.

  2. Мұғалімнің берген бірнеше контуры үшін Кирхгофтың 2-ші ережесінің орындалуын тексеру.


Бақылау сұрақтары


  1. Кирхгофтың 1-ші ережесін айтыңдар.

  2. Түйін дегеніміз не? Берілген тізбек түйіндері үшін қаншама тәуелсіз теңдеулер жазуға болады?

  3. Контурды айналып өту бағыты және э.қ.к.

  4. Айналып өтудегі таңбасы қалай аталады?

  5. Ток бағыты қалай таңдап алынады?

  6. Кирхгофтың 2-ші ережесін айт?

  7. Контур және тәуелсіз теңдеулер қалай алынады?

  8. Берілген жіктелген тізбек үшін есептейтін теңдеулер системасын жаз.

Әдебиеттер
1. Тобаяқов Ж Электр және магнетизм, Алматы, 1988.

2. Зисман Г.А., Тодес О.М. Курс общей физики, т.2, 1974, § 15,17.



  1. Калашников С.Г. Электричество, 1977, § 57-60, 145, 149.

  2. Савельев И.В. Курс общей физики, т.2, 1978, §34.

  3. Фриш С.Т., Тиморева А.В. Курс общей физики, А.1971.

6 Лабораториялық жұмыс



Релаксациялық тербеліс әдісімен үлкен сыйымдылықтар мен кедергілерді анықтау
Жұмыстың мақсаты: Релаксациялық генератормен танысу: генератордың жәрдемімен белгісіз сыйымдылық пен кедергілерді анықтау.
Құрал – жабдықтар: Неон шамы, потенциометр ретінде пайдаланатын реостат, секундомер, тұрақты ток көзі, вольтметр резисторлар.
Теориядан қысқаша мәлімет
Бұл жұмыста сыйымдылық пен кедергіні анықтау үшін релаксациялық тербеліс қолданылған. Релаксациялық тербелістің белгісі неон шамының жәрдемімен алынатын тізбекті кернеудің секірмелі өзгерісі.

Неон шамы ішіне бір – бірінен қашықтығы 2-3 мм анод пен катод орналасқан шыны балоннан тұрады. Неон шамының ерекшелігі – екі электродтың арасындағы потенциал айырымы белгілі бір шамаға Uж жеткенде ғана токты өткізеді. Егер потенциалдар айырымы Uж мәніне жетпесе неон диэлектрик болғандықтан лампадан ток жүрмейді (лампаның ішкі кедергісі бұл жағдайда шексіз үлкен)


Егер потенциал U>Uж айырымы қызғылт түспен жанады. Uж шамның жану потенциалы деп атайды. Шам от алған соң төмен кернеуде де жанып тұруы мүмкін. Шам Uс кернеуде сөнеді, бұл кернеуді сөну потенциалы деп атайды. Газ разрядының бұл қасиетін релаксациялық тербеліс алу үшін пайдалануға болады. Релаксациялық тербеліс генераторының схемасы 1 – суретте көрсетілген.



Релаксациалық генератордың жұмыс істеу принципін қарастырайық. Ток көзін қосқан кезде С конденсаторы зарядталып, шамның электродтардағы кернеуі өсе бастайды. Конденсатордағы кернеу Uж мәніне тең болғанда, шам арқылы ток жүріп, шам жанады. Бұл кезде конденсатор жартылай зарядталады. Шам электродтарындағы кернеу төмендеп, Uс мәніне жеткенде шам сөнеді. – разряд тоқтап конденсатор жартылай разрядталады, конденсатордың жартылай разрядталу процесі кернеудің уақытқа байланыстылығы графигі (2 – сурет) АД бөлігімен сипатталады.

2-сурет
Әрі қарай ток көзінен конденсатор қайта зарядтала бастайды, бұл жағдайда потенциал Uс сөну потенциалына дейін өседі. (ДА бөлігі: 2 – сурет). Содан соң разрядталу процесі басталады. Осы процестер қайталанып отырады.

Сонымен, конденсаторда релаксациялық тербеліс пайда болады. Процесс Т периодты қайталанады. Разрядталатын уақыт зарядталатын уақыттан көп есе аз болғандықтан , процестің периоды Т жуық шамамен .

Графиктің ДА бөлігіне сәйкес келетін кернеудің Uс-ден бастап өсуі процесін мынадай формуламен өрнектеуге болады:



(1)

мұндағы Uо ток көзінің кернеуі, R резистордың кедергісі, С конденсатордың сыйымдылығы.



Бұл өрнекті жазған кезде уақытты санау болған мезгілден басталатынын ескерсек, онда (1) өрнекті мына түрде жазуға болады.

(2)

Осы екі теңдеуден релаксациялық тербеліс периоды үшін мына өрнекті алуға болады:



(3)

Бұл формуладан генератордың тербеліс периоды кедергі мен сыйымдылықтың мәндеріне пропорционал болатыны көрінеді.



Белгісіз кедергі мен сыйымдылықты анықтау үшін эталондық сыйымдылықты пайдалану керек. Эталондық және схема қосқан кездегі периоды болсын делік.

(4)

Эталондық шаманы белгісізбен ауыстырсақ, мысалы одан тербеліс периоды өзгереді.



(5)

(5) – теңдеуі (4) – ке бөлсек, белгісіз кедергіні анықтауға болатын қатынас аламыз.



(6)

Осы сияқты белгісіз сыйымдылық үшін



(7)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет