Жұмыстың орындалу реті
1 – жаттығу: Белгісіз кедергіні кернеу мен ток күшін өлшеу арқылы табу.
1. Мына электрлік схеманы құрастырыңыз (3 – сурет)
3-сурет
Бұл жерде -тың орнына кедергісі белгісіз R1 резисторын жалғаңыз (Амперметрді схемаға былай етіп жалғау үшін оның кедергісі - тың кедергісінен әлдеқайда аз болуы керек).
2. Амперметр мен вольтметр бөліктерінің құнын анықтаңыз.
3. Тұрақты ток көзін () 220 В электр жүйесіне жалғаңыз.
4. Реостаттың (Р) тиегін қозғай отырып, R1 -ге берілетін кернеуді біртіндеп өзгертіңіз. Төмендегі 1-таблицаға U кернеу мен І ток күшінің әр түрлі 6 – 8 мәндерін жазыңыз
Таблица 1
5. тәуелділігінің графигін тұрғызыңыз. Бұл тәуелділік шамамен сызықтық байланыс беруі керек. Осы түзудің көлбеулігін табу арқылы ізделетін кедергіні анықтаңыз.
(7)
Мұндағы - кернеудің өзгерісіне сәйкес графиктегі токтың өзгеруі.
2–жаттығу: Кедергіні көпір тәрізді схеманың көмегімен анықтау.
2 – суретте көрсетілгендей «көпірдің» электр схемасын құрастырыңыз. - тың орнына R1 кедергіні жалғаңыз.
Ток көзін электр жүйесіне қосыңыз.
К кілтті тұйықтаңыз. Реохордтың Д тиегін жай қозғай отырып, тиектің гальванометрден жүретін ток нольге тең болатын орнын табыңыз. және бөліктердің ұзындықтарын өлшеңіз 2 - таблицаға белгілі кедергі және ұзындықтардың мәндерін жазыңыз.
Таблица 2
(6) теңдеуді пайдаланып, белгісіз кедергіні табыңыз. Табылған мәнді 2- таблицаға жазыңыз. К кілтті ағытыңыз.
4. Схемаға - тың орнына -ні жалғаңыз. үшін 3 – пунктті орындап шығыңыз.
5. Схемаға R1 және ні параллель жалғап қосыңыз. Тағы да з – пунктті орындап шығыңыз.
6. Схемаға R1 және -ні тізбектей жалғап қосыңыз. Тағы да 3 – пунктті орындап шығыңыз.
7. R1 және -нің табылған мәндерін пайдаланып, Rпар және Rтізб есептеңіз
(8)
(8) теңдеуден табылған мәндерді 5 және 6–пункттерде табылған Rпар және Rтізб мәндерімен салыстырыңыз.
8. Бір немесе екі белгісіз кедергі үшін өлшеу кезінде жіберілетін қателікті мына формула бойынша есептеп шығарыңыз:
(9)
-дің мәнін 0,005 деп алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |