Жаратылыстану-география факультеті



Дата20.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#119949
Байланысты:
Гульназ практика


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Жаратылыстану-география факультеті

КҮНДЕЛІК


Химия кафедрасы

Оқу сараманы



(сараман түрі)
ХБ-11 тобының 1 курс студенті

Химия-Биология (6В01508)



(мамандығы)
Кумаргалиева Гульназ Нурбекқызы

(студенттің аты-жөні)

Орал қ., 2023 ж


1.САРАМАН КЕЗІНДЕ ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЗБАЛАР



Ай

күні

Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы

қолы

1

Мамыр

10

Практика басталысымен лабороториялық құралдар таныстырылды және құрылғылардың қызметі туралы түсіндірілді.




2

Мамыр

11

Практиканың екінші күнінде реактивтер ретпен орналастырылып,іріктелді және қысқаша тазалық жүргізілді.




3

Мамыр

12

Реактивтер атаулары жазылып сәйкес реактивке жабыстырылып, кабинетті тазалап шығумен жұмыс аяқталды.





М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Жаратылыстану-география факультеті


Химия кафердасы


ЕСЕП

Кәсіби сараман бойынша

(Сараман түрі)

Химия-Биология (6В01508)

(Мамандығы)

Орындаған: ХБ-11 тобының курс студенті Кумаргалиева Г.Н.


Университет сараман жетекшісі:Утепкалиева Г.И.

Бағасы:________


Күні:__________

Орал қ., 2023 ж.

КІРІСПЕ
«Экология мен биогеохимия сынақ зертханасында» 1-курс студенттері оқу сараманы практикасынан өткен болатын. Алғашқы күн экскурсиямен басталды, студенттерге зертхананы аралатып жаңа құрылғылар таныстырылды. Құрылғылардың атаулары мен қызметі түсіндірілді. Келесі күні студенттерге жүктелген тапсырма реагенттерді реттестіру мен орнын тазалау жұмысы болды . Барлық ұқсас реагенттер бөлініп алынып, толық ретпен орналастырылды. Сонымен қатар олардың атаулары жаңадан жазылып, орнына текшеленді. Бұл жұмыс аяқталған соң артық қалған ыдыстар жуылып, кабинет тазалану процесінен өткен болатын.

Сұйықтық анализаторының түрі ФЛЮОРАТ-02-3М



Сурет - 1
Құрылғы қоспаларды ерітіндіге өткізгеннен кейін судағы, ауадағы, топырақтағы, техникалық материалдардағы, тамақ өнімдеріндегі бейорганикалық және органикалық қоспалардың массалық концентрациясын өлшеуге арналған. Кюветпен жұмыс жасағанда абай болған жөн, егер оған қол тиіп кететін болса оның механизмі бұзылуы мүмкін.

рН – МЕТР рН –150М



Сурет - 2
Бұл құрылғы белгілі бір қолданғалы тұрған заттың сутектік көрсеткішін анықтайды.Электродтарды орналастыру барысында нұсқаулыққа қараған абзал.Электродтардың ерітіндіде болуына аса мән беру керек, себебі калий хлоридінің кристалл тұздары түзіліп кетуі мүмкін. Калий хлориді түзіліп кеткен жағдайда электродтарды дистельденген сумен жуып, фильтр қағазбен сүрту қажет. Сутегі көрсеткішін анықтау барысы нәтижесі 3 минут аралығында дайын болады.

Сулы термостат TW-2/02



Сурет-3

Термостаттың қызметті +25˚С +100˚С градусты ұстап тұру.Жұмыс жасағанда ішін сумен толтырып, термостатты ток көзіне қосады. Кейін керек температура қойылады, қызыл жарық жанады, ішіндегі керек температура өз деңгейіне жеткен кезде құрылғы автоматты түрде өзінің керек температурасын ұстап тұрады. Құрылғыны қолданып болған соң токтан міндетті түрде айырылады.

Фотоэлектрлік фотометр КФК-2

Сурет- 4 фотоэлектрлік фотометр КФК-2
Жарық сүзгілері шығаратын толқын ұзындығының нм диапазонының белгілі бір бөліктерінде сұйық ерітінділер мен қатты заттардың өткізгіштігі мен оптикалық тығыздығын өлшеуге,сондай-ақ ерітінділердегі заттардың концентрациясын анықтауға арналған.
Колориметр сумен жабдықтау кәсіпорындарында, металлургияда, химияда, тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинда және халық шаруашылығының басқа салаларында қолданылады.
Бұл құрылғымен жұмыс жасамас бұрын 15 минут алды қосып қою керек. Фотоприемникті ауыстырып өлшемес бұрын колориметр стрелкасы “0” де тұрғанын да тексеру қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ



Оқу сараманынан өту студенттерге үлкен тәжірибе алып келді. Реагенттерді дұрыс орналастырып, аттарын жазып, тазалық жұмысын жүргізу арқылы зертханада қалай жұмыс жасау керек екенін үйренді.
Жаңа таныстырылған құралдар жайында мәліметтер жинақталынып қалды.
Қорытындылай келе студенттер үшін химия пәнінен зертханада жұмыс жасау теорияны нығыздады.
Болашақ мұғалімдер ретінде өздерінің мамандығы бойынша лабороторияда өте көп мәлімет алды. Практикада үйренген білімді студенттер алдағы уақытта қолданып елімізге үлес қосарына сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет