Қардың опырылып құлауы Опырылу – ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі.
Опырылу (опырылып құлау) – тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы.
Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.
Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:
• Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.
• Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар.
• Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары.
Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:
• Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау
• Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтамаңыз
• Опырылған тік жардың қасына жоламау
• Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту
• Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек.
Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес:
• Үй құрылысын, сарай салғанда биік жерден, яғни тау жағынан бастау керек.
• Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу
• Үйдің айналасын таспен толтыру, суда жақсы көретін ағаштар, бұта, өсімдіктер отырғызу
Есіңізде болсын! Дача учаскесін көп суғару жер қыртыстарының опырылуына әкеліп соқтырады
Әр адамның негізгі парызы
Сел жүргенде, көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүріңіз
Қазгидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні мен сел тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.
Өрт • Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
• Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
• Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
• Автокөліктен шыққан жалынға;
• Күн күркірегендегі найзағайларға;
• Майланған материалдың үйкелісіне;
• Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.
Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын: • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
• Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
• Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
• Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
• Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
• Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
• Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.