Жаратылыстану институты



бет3/3
Дата18.02.2023
өлшемі27,35 Kb.
#69028
1   2   3
Байланысты:
БӨЖ Инклюзивті білім беру Нурмухаметова Дилназ

Қорытынды:
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық оқушылардың білім алуына тең қол жеткізуді қамтамасыз ететін үрдіс. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, жалпы білім бағдарламаларын қажет ететін тұлғалар.
Танымал педагог П.Шуманның пікірінше, баланың психикалық даму деңгейі неғұрлым төмен болса, мұғалімнің біліктілік деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек. Инклюзивті білім беру жағдайында бұл өте орынды айтылған пікір. Өйткені, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту барысында, біріншіден, мұғалім автономдығы жоғалады. Ол арнайы педагогпен, психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен, атаанамен және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтаса әрекет ететін болады. Өзара кәсіби қарым-қатынастың бұл түрі педагогтан барынша әмбебаптық пен икемділікті талап етеді. Туындаған мәселені сала мамандарының кеңесіне жүгіне отырып, кешенді түрде шешім қабылдау үшін ұстаз салиқалы, сындарлы ойлай білуі шарт. Екіншіден, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар категорияларының алуан түрлілігі, әрі даму деңгейінің немесе сырқат дәрежесінің әркелкілігі педагогтан терең білім, кәсіби шеберлік және асқан ыждаһаттылықты қажет етеді. Үшіншіден, ерекше дарынды оқушы, науқас бала немесе психикалық-депривация салдарымен келген баламен жұмыс сынды, қалыптан тыс құбылыспен бетпе-бет келу мұғалімге аса шыдамды, жұмсақ мінезді, мейірбан болумен қатар, зор жауапкершілік пен кең кісілік болмыс жүктейді. М.Жұмабаевтың «Білімдінің сөзі – ем, мейірімі көп, өзі – кең» деген тұжырымын инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогқа қойылар талап деп түсіну керек. Сондай-ақ, «Айналасын түгел сыйлай білген жан – құрметке лайық» қағидасын басшылыққа алу – күтілетін нәтижелерден де зор табыстарға жетелері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет