Жаратылыстану институты



бет2/3
Дата18.02.2023
өлшемі27,35 Kb.
#69028
1   2   3
Байланысты:
БӨЖ Инклюзивті білім беру Нурмухаметова Дилназ

2.2 Инклюзивті білім беруді заңнамалық қамтамасыз ету және халықаралық тәжірибе
Ел Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауында қоғамдық жаңғыру негізі адами капитал екені баса көрсетіліп, ондағы басымдық ретінде білім берудің жаңа сапасы тұжырымдалды. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алу құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жататыны Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында сипатталды. Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату үрдістерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және әлеуметтік бейімделуін, өзі өмір сүріп отырған қоғамдық ортаға кірігуін көздейді.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті ортамен қамтамасыз ету бағдары жоспарланды: 2019 жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің желісі 137 бірліктен 220 бірлікке артады және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берулер саны 57 бірліктен 85 бірлікке дейін кеңейтілетін болады. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмыс істейтін болады. Білім беру оқушының жұмысын, оның жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін күтілетін нәтижелерге негізделетін болады. Күтілетін нәтижелерді тұжырымдау оқушылардың оқу жетістіктерін шынайы бағалауға, жеке қабілеттерін ескере отырып әрбір оқушыны дамытудың жеке траекториясын айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың оқудағы білігі мен дағдыларын дамыту үшін ынтасын арттырады, білім беру үрдісінің сапасын жақсартады. Білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстандық бірегейлік» элективті курсы әзірленіп, ол жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу үрдісіне енгізіледі. Білім беру саясаты оқыту сапасындағы өңірлік сәйкессіздіктерді азайтуға бағытталатын болады. 2017 жылдан бастап мектептегі білім беру сапасын арттыру және теңсіздікті азайту мақсатында «Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту» жобасы іске асырыла бастады. Жоба 12 жылдық білім беруге көшуді қолдауды, оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуды, көп деңгейлі сараптау арқылы негізгі оқулықтардың сапасын арттыруды, орта білім берудің жаңа мазмұнының әлемдік озық білім беру жүйелері деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз етуді көздейді. Бүгінгі таңда білім алуға тең қолжетімділікті жүзеге асыру шарттарының бірі ретінде мектептері жоқ елді мекендердің балаларын тасымалдау шаралары және шағын жинақталған мектептер үшін ресурстық орталықтардың (тірек мектептері) жұмыстары жалғастырылуда. Бағдарламада 2020 жылға қарай тірек мектептерінің саны 200 бірлікке дейін жеткізілетіні атап көрсетілген. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін оқулықтар мен оқуәдістемелік кешендер, сондай-ақ көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтар кезең-кезеңімен әзірленіп, бейімдеу жүзеге асырылуда. Тұрмысы төмен және көп балалы отбасы балаларының, жетім балалардың, девиантты мінез-құлықты балалардың бұқаралық спорт түрлерімен айналысуы үшін спорт нысандарына қолжетімдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мәдениет және спорт ұйымдарына бару мақсатында демеушілер мен меценаттар есебінен жеңілдіктер (тегін абонементтер) берілуде. Балаларды қосымша білім берумен қамтуды ұлғайту мақсатында жалпы білім беретін мектептердегі үйірмелер мен секциялар саны артуда. Бұл іс-шараға ата-аналар тартыла бастады. Мектеп оқушыларын ізгілік, еріктілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық тағаттылық сынды қоғамдық акцияларға (тікелей және медиаресурстар көмегімен) қатыстыру қарқыны белең ала бастады. Олардың бойында нәрлі, ағзаға пайдалы аспен қоректену және табиғи, жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану, кеңістік заңдарына бағына отырып, табиғатпен үйлесімді өмір сүру шарттарын сіңіру – аса өзекті міндеттер. Жетім балаларды асырап алу, отбасыларға беру сынды кешенді іс-шаралар есебінен арнайы ұйымдарда тәрбиеленетін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үлесін азайту жұмыстары да елімізде инклюзивті қоғам орнату аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың бір парасы
2.3 Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нормативтік-құқықтық реттеу
Инклюзивтік білім беру үрдісін құқықтық реттеу қажеттілігі – оқыту мен тәрбиелеу сапасының, білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының құқықтарын жүзеге асырудың кепілі. Инклюзивтік білім берудің құрылымын анықтайтын нормативтік құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетілімдік қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер» туралы Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен беталыстарын, қиын өмірлік жағдаяттағы балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын анықтайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері» (2015); «Білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялық талаптар» (2014); «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер» (2013); «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» (2012).
Арнайы білім беру саласында жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары (2015):
1) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын айқындайды және ҚР азаматтарының, сондай-ақ ҚР тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы Заңда инклюзивті білім беру саласының негізгі терминдеріне анықтама берілді. Мәселен, білім алу үшін арнайы жағдайлар – мүмкіндігі шектеулі адамдардың онсыз жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өмір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер көрсетуді қоса алғанда, білім алу үшін жасалатын жағдайлар. Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нормативтік-құқықтық реттеу педагогтердің кәсіби іс-әрекеттері, сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушымен және оның ата-аналарымен өзара әрекеттестік барысында негізге алу үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет