31
сулар мен иондар ӛтеді және К
+
, Na
+
катиондары аса жылдамдықпен ӛтсе,
ал аниондар баяу Cl
-
ӛтеді.
Мембрананың тасымалдау қызметі кейде концентрация градиентіне
кері жүруі мүмкін, оны активті тасымалдау деп айтады. Активті
тасымалдау энергия (АТФ) жұмсау арқылы ӛтеді. Белоктар, нуклеин
қышқылдары, майлар ыдырап, мономерлерге айналғаннан кейін ғана
мембранадан ӛте алады.
Кейде макромолекулалар, ірі түйіршіктер клеткаға эндоцитоз процесі
арқылы ӛтуі мүмкін. Эндоцитоз екі түрге бӛлінеді:
1.
Фагоцитоз,
2.
Пиноцитоз.
5 – сурет. Жасушадағы фагоцитоз және пиноцитоз процестері
Фагоцитоз – клеткалардың мембрана арқылы ірі түйіршіктерді
қабылдап цитоплазмаға ӛткізуі. Бұл процесті алғаш рет зерттеген орыс
ғалымы И.И.Мечников. Пиноцитоз - клеткалардың мембрана арқылы
майда ерітінділерді қабылдап цитоплазмаға ӛткізуі (5- сурет).
Пиноцитоз процесін жануарлар, жоғары сатыдағы ӛсімдіктер,
тӛменгі
саңырауқұлақтар,
қарапайымдылар,
тіпті
бактериялар
жасушаларында байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: