32
плазмолеммалары гликокаликс қабаттарының ӛзара әрекеттесетін
аймағы;
2.Саңылаулы жанасу немесе нексус
0,5-3
мкм жасуша арлық
аймақты қамтиды. Кӛрші жасушалар плазмолеммалары аралығында 2-3
нм саңылау қалады. Нексус аймағындағы
кӛрші
жасушалар
плазмолеммалар-ында арнайы протеиндік кешеннен түзілген, арналары
1,5-2 нм ӛзекшелер болады. Олар плазмолеммалар аралығындағы
саңылауда бір-бірінің ұштарымен ӛзара түйісіп, әртүрліиондар мен ұсақ
молекулаларды бір жасушадан екінші жасушаға ӛткізетін ӛзектік
бірліктер — коннексондарды түзеді. Коннексондар жасушалардың зат
алмасуы мен электрлік әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Коннексондар
арқылы протеиңдер мен амин қышқылдарының ірі молекулалары ӛтпейді.
Нексус қозу процесі жұретін ұлпалар мен мүшелерде
кездеседі;
3.Тығыз жанасу
— ұлпалар жасушааралық саңылауларын қоршаған
ортадан оқшаулау арқылы, олардың ішкі ортасын сыртқы ортадан бӛледі.
Кӛрші жасушалар плазмолеммаларының интегральды протеиндері бір-
бірімен байланысып, жасуша аралық қосылу аймақтарын түзеді.
Тығыз
жанасу арқылы иондар мен молекулалар ӛте алмайды. Тығыз
жанасу эпителий жасушалары апикальды ұштары аралығында болады. Ал
эпителиоциттер плазмолеммалары аралығында, олардың механикалық
байланысын қамтамасыз ететін, жалпы диаметрі 0,5 мкм,
тығыз
жанасудың тұрі — тығыз жабысу немесе десмосома кездеседі.
Десмосома аймағындағы ені 22- 35 нм жасушааралық саңылауда
плазмолеммалар жарғақүсті қабаттарынан талшықты зат түзіледі. Оның
орталығындағы протеиндер мен мукополисахаридтерден түзілген жалпақ
тақташалар
кӛлденең
жіпшелер
арқылы
кӛрші
жасуша
плазмолеммасымен байланысып тұрады. Десмосома аймағына іргелес
кӛрші жасуша цитоплазмасы бӛлігі тығыздалып,
онда да жіпшелер
түзіледі;
Достарыңызбен бөлісу: