Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет30/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

митохондриялардың
анық 


40 
кӛрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластар» деп атады. Бенде 1898 жылы 
бұл органоидқа 
митохондриялар
деген ат берді. Михаэлис тірі 
жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың 
жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап кӛрсетті. 
 
Гольджи аппараты
бірінің үстіне бірі жанаса орналасқан дискі 
тәрізді ірі қуыстардан (цистерналардан) тұрады. Ол қуыстардан жан-
жаққа ұштарында кӛпіршіктері бар түтікшелер тарайды. Қуыстарда 
синтез және ыдырау ӛнімдері, жасушаға түсетін және жасушадан
шығарылатын заттар жиналады.
Гольджи жиынтығын ӛткен ғасырдың соңында италия ғалымы 
Камилло Гольджи 1898 жылы жүйке жасушаларынан тауып, торлы 
жиынтыққа бірінші болып сипаттама берген. Омыртқасыз жануарлар мен 
ӛсімдіктер жасушаларында да табылған бұл жиынтықты диктиосома 
(грек. "диктиес"—тор) немесе Гольджи жиынтығы деп атаған. 
Рибосомалар'>Рибосомалар
-
 
мебраналық құрылымы жоқ дӛңгелік пішінді, 
мӛлшерi 20-30 нм, кіші және үлкен бірліктен тұратын органоидтар. 
Рибосомалар р-РНҚ мен ақуыздан тұрады. Кiшi бiрлiгi р-РНҚ-ның бір 
молекуласынан және түрлі ақуыздардың 33 молекуласынан түзіледі. Ал 
үлкен бірлігі р-РНҚ - ның 40-қа жуық ақуыздардан тұрады. 
Рибосоманың екі жүлгесі болады, оның біреуіне полипептидтік тізбек 
тізбектеледі, ал екіншісіне м-РНҚ байланысады. м-РНҚ-ның бір
молекуласы бірнеше рибосомалрды біріктіріп, полисомалар түзеді.
Оны алғаш рет Дж.Паладе сипаттап, рибонуклеопротеидтерден 
тұрады деген. Сондықтан, оны Паладенің гранулалары деп атайды. 
Рибосома
тірі ағзалардың барлығына дерлік тән органоид. Әр жасушада 
шамамен 1000-нан 10000-ға дейін рибосомалар болады. Шамамен 
диаметрі 20 нм. 
Рибосомалар
екі класқа бӛлінеді: 70S және 80S (S-
седиментация коэфф. бірлігі). 70S рибосома ядросы жоқ прокариоттар 
жасушаларында, ал 80S рибосомалар эукариоттардың цитоплазмасында 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет