Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет7/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Цитоспектрофотометрия
– жасушалардың химиялық құамын 
зерттеу. Ол әртүрлі заттардың белгілі ұзындығы бар сәулелерді жұтуына 
негізделген және оны жұту қарқынына байланысты заттардың мӛлшерін 
анықтайды.
Цитоспектрофлуориметрия
– жасушалардағы заттарды олардың 
флуоресценция спектрлеріне байланысты анықтау.
Гистологиялық техника.
 
Гистологиялық техника дегеніміз 
гистологиялық препаратты дайындау техникасы.
Гистологиялық препараттар келесі талаптарға сай болуы тиіс: 
1.
Мӛлдір, яғни сәуле шоғырын ӛткізу үшін кесінділер ӛте жұқа 
болады.
2. Контрастты, ол үшін препараттар боялады. 
3. Ұзақ уақыт сақталуы.


10 
Гистологиялық техника бірнеше сатылардан тұрады:
1.
 
Материалды алу: 
-
операция кезінде; 
-
мәйіттерден; 
-
тәжірибелік жануарлардан; 
-
пункциондық биопсия арқылы;
-
қанды, сүйек кемігінен пункция арқылы алу;
-
мүшелердің ізін дайындау. 
2. Материалды бекіту.
Алынған гистологиялық препаратты бекіту дегеніміз химиялық және 
физикалық факторлармен әсер ету. Ол объектінің құрылымын бұзылудан 
сақтайды. Физикалық факторлар – мұздату (сұйық азотта, оттегінде және 
т.б.), жоғары қызудың әсері, рентген сәулесінің әсері. Бұл факторлар 
бактериялар мен ұлпалардың ферменттерін жойып, гистологиялық 
материалды сақтайды. Химиялық факторлардың әсері де дәл сондай, 
олардың 
қарапайым
және 
кҥрделі
түрлерін ажыратады. Қарапайым 
факторлар бір химиялық заттан тұрады (формалиннің 10-12% ерітіндісі, 
метил спирт, осмий тетраоксидінің 1-2% ерітіндісі, сірке қышқылы және 
т.б.), ондай фиксаторлар гистологиялық материалдың құрылымын 
зақымдауы мүмкін. Мысалы, формалин оны семітіп, кӛлемін кішірейтеді, 
сірке қышқылы керісінше - ісіндіреді. Сондықтан, күрделі фиксаторлар 
жиі қолданыдады. Мысалы, Буэн қоспасы, оның құрамында формалин, 
спирт, пикрин қышқылы бар; Ценкер сұйықтығының құрамында – сірке 
қышқылы, сулема, калий бихроматы, натрий сульфаты бар. 
Бекіту ұзақтығы фиксатордың қасиетіне және объектінің тығыздығы 
мен мӛлшеріне тәуелді 2 – 24 сағатқа дейін созылады. Тез фиксация 
жасау үшін мүшелер мен ұлпалардың кішірек мӛлшерін (0,5 – 2 см) 
қолданады, ал фиксатор одан 20 – 30 есе артық болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет