Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет127/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

актин мен миозин миофиламенттері ретімен кезектесе орналасып, ашық 
түсті – изотропты, күңгірт түсті – анизотропты дикілерді түзеді.  
Жүрек етіндегі жиырылғыш элементтердің құрылымы кӛлденең салалы 
бұлшық еттер құрылымына ұқсас. Кӛлденең салалы бұлшық еттердегі 
сияқты жүрек етінің миофибрилдерінің кӛлденең жолақтары бар. Оның 
құрылымдық және қызмет атқаратын бірлігі - саркомер. Саркомер екі Z – 
сызығының арасы. Миофиламенттер митохондрияларда синтезделген 
АТФ-тің әсерінен жиырылып - қысқарады және керісінше босаңсып – 
ұзарады. Жүрек бұлшық етінің миофибрилдерінде актин миофиламеттері 
жылжып, қалың миозин миофиламенттерінің арасына ӛтіп орналасады. 
Миофиламенттердің жылжуына қосымша белоктар – тропонин мен 
тропомиозиннің ықпалы зор.  
Ӛткізгіш кардиомиоциттер – ӛте ірі жасушаларұзындығы 100 мкм, 
қалыңдығы 500 мкм, сондықтан гистологиялық препараттан оңай табылады. 


158 
Цитоплазмасында жалпы қызмет атқаратын органеллалардың біразы бар, 
бірақ олардың құрамында кӛлденең жолақтары болмайды. Негізгі 
қызметтері Пейсмекер элементтерінен (РР-жасушаларынан) жүйке 
импульсін қабылдап, оны жиырылғыш кардиомиоциттерге ӛткізеді. 
Сондықтан жиырылғыш кардиомиоциттердің арасында орналасады. 
Ӛткізгіш кардиомиоциттер үш топқа бӛлінеді І, ІІ, ІІІ. 
Секреторлы кардиомиоциттер – ерекше қызмет атқарады. Оның 
жасушалары гормон бӛліп, жиырылғыш ет жасушасының қызметіне
артериялық қан қысымына, су мен тұздың алмасуына, несептің бӛлінуіне 
әсер кӛрсетеді.  
Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады - сыртқы немесе эпикард, 
ортаңғы – миокард, ішкі – эндокард. 
Эпикард – жүректің сыртқы сероздық қабықшасы, миокардпен тығыз 
байланысқан. 
Миокард – жүректің етті қабаты, бір-бірімен байланысып, тығыз 
орналақан кӛлденең салалы ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады, 
олардың арасында борпылдақ дәнекер ұлпалар, қан тамырлары және жүйке 
талшықтары орналасқан.  
Эндокард – жүректің ішкі астары, құрамында кӛптеген эластинді 
талшықтар бар, бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан және 
эндотелийден тұрады. Жүректің жақтаулары мен қалталары эндокардтың 
қатпарлары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет