Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет30/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Рибосомалар - мебраналық құрылымы жоқ дӛңгелік пішінді, 
мӛлшерi 20-30 нм, кіші және үлкен бірліктен тұратын органоидтар. 
Рибосомалар р-РНҚ мен ақуыздан тұрады. Кiшi бiрлiгi р-РНҚ-ның бір 
молекуласынан және түрлі ақуыздардың 33 молекуласынан түзіледі. Ал 
үлкен бірлігі р-РНҚ - ның 40-қа жуық ақуыздардан тұрады. 
Рибосоманың екі жүлгесі болады, оның біреуіне полипептидтік тізбек 
тізбектеледі, ал екіншісіне м-РНҚ байланысады. м-РНҚ-ның бір
молекуласы бірнеше рибосомалрды біріктіріп, полисомалар түзеді.
Оны алғаш рет Дж.Паладе сипаттап, рибонуклеопротеидтерден 
тұрады деген. Сондықтан, оны Паладенің гранулалары деп атайды. 
Рибосома тірі ағзалардың барлығына дерлік тән органоид. Әр жасушада 
шамамен 1000-нан 10000-ға дейін рибосомалар болады. Шамамен 
диаметрі 20 нм. Рибосомалар екі класқа бӛлінеді: 70S және 80S (S-
седиментация коэфф. бірлігі). 70S рибосома ядросы жоқ прокариоттар 
жасушаларында, ал 80S рибосомалар эукариоттардың цитоплазмасында 
болады. 
Лизосомалар –  дӛңгелек пішінді, ең ұсақ, бір қабатты мембраналы 
органоид, диаметрі 0,4-0,5 мкм (37, 38 суреттер). Олардың жасушадағы 
саны жасушаның тіршілік әрекетінің қарқындылығына байланысты. 
Астың қорытылуын және жасушаның физиологиялық жойылуын
қамтамасыз етеді, қорғаныштық қызмет атқарады. Лизосомаларды 1955 
жылы биохимик ғалым Де Дюв ашқан. Осы органелланың құрамында 50-
ге тарта түрлі гидролиттік ферменттер (протеазалар, липазалар, 
фосфолипазалар, нуклеазалар, гликозидазалар, фосфатазалар, оның 


41 
ішінде қышқылды фосфотаза т.б.) бар, ол ферменттер дезактивтелген 
күйде болады. 
Бұл ферменттердің молекулалары түйіршікті эндоплазмалық тордың 
рибосомаларында синтезделінеді де, тасымалдаушы кӛпіршіктермен 
Гольджи кешеніне тасымалданып, сол жерде модификацияланады. 
Гольджи кешенінің цистерналарының жетілген бетінен алғашқы 
лизосомалар бүршіктеніп бӛлінеді. 
Жасушадағы барлық лизосомалар лизосома кеңістігін түзейді, бұл 
кеңістікте протон насосының кӛмегімен үнемі pH – 3,5-5,0 қышқылды 
орта сақталады, сондықтан олар цитоплазманы осы ферменттердің 
әсерінен қорғап тұрады. Лизосома мембранасының бүтіндігі бұзылса 
ферменттердің белсенді шабуылынан жасуша бұзылып, тіршілігін жояды.
Лизосомалар функциясы – жоғары молекулалы қосылыстар мен 
бӛлшектердің жасуша ішілік лизисі, яғни қорытылуы. Жасушадағы 
жоғары молекулалық бӛлшектерге, эндоцитоз кезінде сырттан келіп 
түскен органеллалар мен қосымшалар жатады. Мұндай ұсталынған 
бӛлшектер мембранамен қапталады. Бұл кешен фагосома деп аталады. 
Жасуша ішілік лизис үрдісі бірнеше этаптарда жүреді. Алғашқы лизосома 
фагосомамен қосылып, екінші реттегі лизосома немесе фаголизосома деп 
аталады. Екінші реттегі лизосомада ферменттердің белсенділігі 
жоғарылап жасушаға түскен полимерлерді мономерлерге дейін 
ыдыратады. Қорытылған ӛнімдер лизосома мембранасы арқылы 
цитозольге шығарылады. Қорытылмаған заттар кӛп уақытқа дейін 
лизосоманың ішінде жасушада сақталады, оларды қалдық денешіктер 
деп атайды. 
Қалдық денешіктер органелла емес, олар қосымшаларға жатады. 
Кейде фагосомадағы зат толығымен қорытылып, фагосома мембранасы 
тарап кетеді. Мембрана қалдықтары Гольджи кешеніне барып жаңа 
мембраналар түзуге қолданылады. Екінші реттегі лизосомалар ӛзара 
немесе алғашқы лизосомамен қосылыс түзулері мүмкін. Бұл жағдайда 
ӛзгеше екінші реттегі лизосомалар – мультивезикулярлы денешіктер 
пайда болады.
 Жасуша орталығы (центриоль) 
- мембраналық құрылымы жоқ екі 
центриольдан тұратын ультрамикроскопиялық органелла. Жануарлар мен 
тӛменгі сатыдағы ӛсімдіктердің жасушаларының бӛлінуіне қатысады. 
Клетка орталығын 1875 жылы Гертвиг ашқан. Эдвард ван Бенеден 
1876 жылы аскарида жұмыртқасының митоз процесін зерттеу барысында
жасуша жиегіндегі кішкене жұмыр денешіктерді байқап, оларды
«полярлы немесе орталық денешіктер» деп атаған. 


42 
Гистологиялық препараттарды темір гемотоксилинмен бояу әдісін 
ашқаннан кейін, жасуша орталығы центросома, немесе центросфера деп 
аталатын жұмыр массаның ортасында орналасқан екі хромофильді 
денешіктерден – центриольдардан тұратыны анықталды. Центриольдің 
диаметрі 0,1-0,5 мкм, ұзындығы 0,3-0,6 мкм цилиндр тәрізді денешік, 
қабырғасы бір-біріне параллель орналасқан микротүтікшелердің 9 
триплетінен тұрады. Әртүрлі жасушалардағы түтікшелердің саны 
тұрақты. Центриольдің микротүтікшелер жүйесінің формуласы 9+0 
немесе (9х3)+ 0. 
Интерфазалық жасушада бір-біріне перпендикуляр орналасқан екі 
центриоль болады. Әрбір жеке центриольді құрылымсыз немесе жіңішке 
талшықты матрикс қоршап тұрады.
Центриольдер кірпікшелер мен талшықтардың негізінде орналасып 
базальді денешіктерді құрады және бӛлініп жатқан жасушаларда бӛліну 
ұршығын қалыптастыру функциясын атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет