Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет45/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

сурет. Жасушалық цикл 
 
Жасушалық 
циклды 
реттейтін 
механизмінің 
бұзылуы
хромосомалардың құрылымын ӛзгертіп, қатерлі ісіктің дамуына алып 
келуі мүмкін. Сондықтан жасушалық циклды ретейтін механизмді толық 
зерттеу болашақта қатерлі ісіктерді емдеу әдістерін жетілдіруге жаңа 
мүмкіндіктер береді. 
Митоздық (пролиферациялық) цикл - бӛліну нәтижесінде пайда 
болған жасушаның, бӛлінуге дайындалып, екі жаңа жас жасушаның
түзілуімен аяқталатын процестердің жиынтығы. Бұл цикл екі кезеңнен 
тұрады: 
1) интерфаза, бұл кезеңде жасушаның белсенді ӛсуіне қажет ақуыз, 
РНҚ және басқа заттар синтезделеді және ДНҚ-ның репликациясы 
жүреді;  


59 
2) жасушаның бӛлінуі (митоз). 
Интерфаза (жасушаның бӛлінуге дайындалу фазасы) белсенді
синтез және ӛсу кезеңі. Жасушаның ӛсуіне және арнайы қызмет
атқаруына қажетті кӛптеген заттар синтезделеді. Интерфаза кезінде ДНҚ
репликациясы жүреді. Жалпы, интерфаза жануарлар, ӛсімдіктер және
микроорганизмдер үшін үш кезеңнен тұрады:  
- Синтезге дейінгі кезең - G1; 
- Синтездік кезең - S; 
- Синтезден кейінгі кезең - G2. 
 
Синтезге дейінгі кезең (G
1
) - интерфазалық жасушаның
құрылымдық ерекшеліктері қалпына келеді, жасушада қарқынды түрде 
биосинтез процестері жүреді. Митохондриялар, хлоропластар 
(ӛсімдіктерде), эндоплазмалық ретикулум, лизосомалар, Гольжди
аппараты, вакуольдер және кӛпіршіктер түзіледі. Ядрошықта рРНҚ
аРНҚ және тРНҚ синтезделіп, рибосомалар пайда болады. Жасушада 
қажетті мӛлшерде құрылымдық, функциональды ақуыздар синтезделеді, 
цитоплазма органоидтары қалыптасады және жасуша ӛсіп, оның кӛлемі 
артады, бірақ ДНҚ синтезі жүрмейді (2n 2c). Бұл ең ұзақ кезең, ұзақтығы 
10 сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет