Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет46/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Синтездеу кезеңі (S) - жасушаның тұқым қуалау материалы - ДНҚ 
молекуласының екі еселенуімен сипатталады. ДНҚ редупликациясы 
жартылай консервативті әдіс бойынша жүреді. Бұл кезде ДНҚ тізбектері 
бір бірінен ажырап, әр қайсысының жанында комплементарлы 
принциппен жаңа тізбектер синтезделеді. Мұның нәтижесінде ӛзара ұқсас 
қос биоспираль қалыптасады. Аналық ДНҚ молекулаларына
комплементарлы бұл ДНҚ молекулалары хромосоманың ұзына бойында 
бір уақытта емес (асинхронды) жеке фрагменттер немесе репликон 
түрінде бір хромосоманың әр түрлі аймақтарында, сонымен бірге
әртүрлі хромосомаларда түзіле бастайды. Соңынан, сол фрагменттер 
(репликондар) бір біріне жалғанып, тұтас бір молекуланы құрайды. 
Синтездік кезеңнің соңында жасушадағы тұқым қуалау материалының 
мӛлшері екі есе артады (2n 4c). Бұл кезеңде сонымен қатар, РНҚ мен 
ақуыз синтезі қарқынды жүреді, ал гистонардың мӛлшері екі есе артады. 
Соның нәтижесінде әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Бұл кезеңнің 
ұзақтылығы 3-6 сағат.
Синтезден кейінгі кезең (G
2
) – ДНҚ синтезі тоқталып, қарқынды 
түрде энергия қоры (АТФ) жинала бастайды. РНҚ мен ақуыз синтезі әрі 
қарай 
жалғасады. 
Митохондриялар 
мен 
пластидтер 
бӛлінеді. 


60 
Центриольдар екі еселенеді, ахроматин жіпшелері қалыптаса бастайды. 
Бұл ең қысқа кезең, ұзақтығы 3-4 сағатқа созылады.
Адамның тез бӛлінетін жасушаларында жүретін жасушалық цикл 
кезеңдерінің ұзақтығы: 
- G

– 9 сағат
- G
2
– 4,5 сағат
- S - 10 сағат 
- М - 0,5 сағат 
Барлығы – 24 сағат.  
 
 Бұл кӛрсетілген уақыт шамамен алынған, сондықтан басқа 
жасушаларда жасушалық цикл бұдан ұзақ болуы мүмкін. Мысалы, 
сперматогонилердің S- кезеңі 15 сағатқа созылады. Соған сәйкес 
олардың жасушалық циклы 1,5 есе ұзақ жүреді.
Егер хромосоманың гаплоидты жиынтығындағы ДНҚ-ның
мӛлшерін С деп белгілесек, онда диплоидты жасушада бӛлінуден
кейін 2С, ал синтездік кезеңнен кейін хромосомалардың диплоидты
жиынтығында ДНҚ мӛлшері 4 С болады.  
Митоз – сома жасушаларының негізгі бӛліну әдісі, мұнда ядроның 
күрделі немесе тікелей емес бӛлінуі жүреді. Митоз бірінен соң бірі 
жүретін тӛрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет