139
ретикулалық жасушалар бӛгде белокпен бірінші болып кездесіп, оны
ұстайды да макрофагтарға айналады. Мұндай қасиет бүйректің,
бүйрек үсті бездердің және кӛптеген басқа бездердің
капиллярларының эңдотелийіне тән. Жалпы қорғаныш қасиеттері бар
дәнекер ұлпасының барлық элементтерін бір тұтас аппаратқа біріктіріп,
ретикуло-эндотелиалдық жҥйе деп атайды. Бұл жүйе организмде
қорғаныш қызметін атқарады.
Тығыз дәнекер ҧлпа
Тығыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар. Оның
кұрамында жасушалар мен аморфтық зат аз, ал талшықтар басым болып
келеді және талшықтарының орналасу бағыты әртүрлі. Тығыз дәнекер ұлпа
терінің негізін, буын байламдарын, сіңірді, шандырды, желкені құрайды (6-
сурет).
Тығыз дәнекер ұлпа талшықтарының бағыты мен орналасуына
байланысты екі түрге ажыратылады:
тығыз талшықты қалыптаспаған
және
тығыз талшықты қалыптасқан дәнекер ұлпалар.
Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасында жасуша аралық заттың
талшықтар шоғыры түрлі бағыттарға қарай орналасқан және олардың
орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды. Тығыз қалыптаспаған
дәнекер ұлпасы адам мен сүтқоректілер терісінің негізін құрайды.
Коллаген талшықтарының шоғырлары түрлі бағытта орналасып, айқыш-
ұйқыш шырмалып жатады. Дәнекер ұлпасының бұл түрінде коллагендік
талшықтармен бірге эластиндік талшықтар да кездеседі (7 - сурет).
6 - сурет.
Тығыз дәнекер ҧлпа (терінің
дәнекер қабаты)
1 – ұзын коллаген
талшықтары;
2 - кӛлденең коллаген
талшықтары;
3 - фиброциттің ядросы.
(
http://anfiz.ru/books/item/f00/
s00/z0000008/st010.shtml
)
Достарыңызбен бөлісу: