Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет119/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

 
11 – сурет. 
Эластинді шеміршек 
 
1- изогенді топтар 
2- эластинді
талшықтар 
(anatomy/tkani.shtml) 
 




146 
Талшықты шеміршек ұлпасы адам мен сүтқоректілердің
омыртқа 
аралық дискілерінде, санның жұмыр сіңірінде, жамбастың шат сүйектерінің 
байланысқан жерінде, тӛменгі жақ буынында кездеседі (12-сурет). Талшықты 
шеміршектің құрылысы гиалинді шеміршекке ұқсас, айырмашылығы 
коллаген талшықтарының шоғырлары параллель қатарлар құрап орналасқан.
Ал, шеміршек жасушалары коллаген талшықтырынан тұратын 
шоғырлар қатарларына, параллель қатар құра орналасады. Коллагенді 
талшықтар бірте-бірте сиреп, гиалинді шеміршекке ӛтеді. Жасушалары 
хондроциттер жеке және топтасып та орналасады.
Шеміршек ұлпасының физиологиялық регенерациясы ӛте баяу жүреді. 
Бұл процесс кӛбінесе шеміршек қабында (перихондр) орын алған, аз 
маманданған прехондробластар мен хондробластардың бӛлінуі арқылы 
жүзеге асырылады.
Шеміршек байламдарындағы ӛзгерістерде немесе жарақаттарда изогенді 
топтағы жасушалар - хондроциттердің алатын орны ерекше. Біріншіден, олар 
бӛлініп, 
жойылған 
шеміршектің 
орнын 
толтырады. 
Екіншіден, 
регенерациялық қызмет атқаратын шеміршектің камбиальді жасушалары – 
субхондриальді сүйек ұлпасы болып саналады. 
Шеміршек ұлпалары тіршілік барысында ӛсіп, қалыңдайды. Бұл процесс 
екі бағытта жүреді: 
1Аппозициялық – шеміршектің сыртынан ішке қарай ӛсуі, бұл процесс 
шеміршек қабындағы хондробластардың бӛлінуі арқылы жүзеге асырылады; 
2. Интерстициальді – шеміршектің іш жағынан сыртқа қарай ӛсуі, бұл 
процесс изогенді топтағы хондроциттердің кӛбеюі арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет