Жаратылыстану және география институтының директоры К. Д. Каймулдинова



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#9948
1   2   3

ТМД 

елдерінің 

даму 

болашағы. 

Экономикалық, 

саяси 

және 


басқа 

байланыстарының  даму  проблемалары  мен  болашағы.  Шикізат  базалары,  орналасу 

факторлары, ірі орталықтары.  

ТМД  елдері  өнеркәсібі  дамуы.  Өнеркәсіптің  дамуы  мен  орналасуының  басты 

географиялық  ерекшеліктері.  Өнеркәсіп  орналасуына  әсер  ететін  факторлар.  Өнеркәсіп 

орналасуының аумақтық ілгерлеушіліктері.  

 

ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ 



ГЕОГРАФИЯСЫ 

 

Дүние  жүзінің  саяси  картасы.  Әлемнің  саяси  картасының  қалыптасуы  және 

мемлекеттердің қазіргі типологиясы.Саяси картаның қалыптасу кезеңдері: ежелгі, орта 

ғасырлық,  жаңа  жеке  қазіргі  заманғы.  Дүние  жүзінің  қазіргі  саяси  картасына  қысқаша 

тарихи-географиялық  шолу.  Қазіргі  саяси  картадағы  түйінді  мәселелер.  Дүние  жүзі 

елдерін  типке  бөлу:  дамыған,  өтпелі  экономикалы  және  дмушы  елдер.  Қазіргі  саяси 

картадағы  тәуелді  елдер  мен  жер  аумақтары.  Дүние  жүзі  елдерінің  жіктеліп 

топтастырылуы. 



Халықтар  географиясы.  Халықтың  нәсілдік,  этностық  және  діни  құрамы.  Дүние 

жүзінде халықтың орналасуы. Халық тығыздығы, қоныстану ерекшеліктері. Урбандалу. 



Азаматтың  ғаламдық  проблемалары:  экологиялық  және  отын-энергетикалық 

проблемалар.Қоршаған  ортаны  қорғау  және  биосфераның  тазалығын  сақтау. 

Биосфераның  құрауыштары:  атмосфера,  гидросфера,  педосфераның  ластануы  және 

оларды қорғау шаралары. Табиғатты ұтымсыз пайдалану және антропогендік іс-әрекеттер. 

Техногендік  апаттар  және  экологиялық  жүйенің  нашарлауы.  Отын  энергетикалық 

проблема  мәселе.  Көмірсутекті  шикізат  қорларының  шектеулігі.  Атом  энергиясын  және 

сарқылмайтын  дәстүрлі  емес  энергия  көздерін  пайдалану.  Энергияны  үнемдеуші 

технология және оның тиімді жаңа түрлерін іздестіру. 

Халықаралық  еңбек  бөлінісі:  халықаралық  мамандығын  өндірістерді 

орналастырудағы  ҒТР-дың  ықпалы.Халықаралық  географиялық  еңбек  бөлінісі. 

Ғылыми – техникалық революция (ҒТР) ұғымы, оның айқындаушы белгілері. Техника мен 

технология дамуының жолдары. Өндіргіш күштерді  орналастыру факторлары. Қоғамдық 

өндіріс жүйесіндегі адамның рөлі. Қазіргі ҒТР-дің халықаралық мамандануға және жұмыс 

күшіне  әсерлері.  Ақпараттық  мәдениет  және ғылыми  техникалық  байланыстар.  ҒТР-дың 

шаруашылықтың  салалық  құрлымның  өзгерісіне  және  өндірісті  орналастырудағы 

аумақтық  құрылым  өзгерістеріне  ықпалы.  Қазақстанның  халықаралық  географиялық 

еңбек бөлінісі жүйесіндегі орны. 



Халықаралық ұйымдар. Үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар. Бүкіләлемдік 

және аймақтық ұйымдар. Біріккен Ұлттар ұйымы және олардың халықаралық мекемелері. 

Еуродақ  және  оның  маманданған  ұйымдары.  Саяси-  әскери  ұйым    (НАТО)  және 

экономикалық-салалық  ұйым(ОПЕК),  сол  сияқты  аймақтық  ұйымдарға  (АСЕАН,  Араб 

лигасы),  т.б.  сипаттама.  ТМД,  Шанхай  бірлестігі  ұйымы,  Еуразиялық  экономикалық 

ынтымақтастық, Еуразиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ), Азиядағы 

өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі  (СВМДА). 

Адамзаттың ғаламдық проблемалары: шикізат, дүниежүзілік мұхит байлығын 

және  ғарышты  игеру.  Дүниежүзілік  азық-түлік  проблемасы.  Ғаламдық  азық-түлік 

бағдарламасы.  Тамақ  құрамының  сапасы  және  энергетикалық  қоректілігі.  Шикізаттық 

проблема, минералдық ресурстардың шектеулігі және сарқылу мүмкіндігі. Шикізат қорын 

үнемдеу, оларды басқа түрлерімен алмастыру және үнемдеуші технологияларды жетілдіру 

мәселелері. Мұхитты пайдалану және адамзаттың оны игеру проблемалары: минералдық –

ресурстық, биоресурстық, энергетикалық, көліктік, рекреациялық, экологиялық, ғылыми-

танымдық бағыттары. 

Дүниежүзілік  шаруашылықтың  аграрлық  секторының  орны  мен  маңызы, 

дүние  жүзінің  өсімдік  және  шаруашылығы,  салалық  құрамы,  аграрлық  қарым-

қатынастар.Дүниежүзілік  шаруашылық  жүйесі.  Қазіргі  дүниежүзілік  шаруашылықтың 

құрлымы,  олардың  аумақтың    айырмашылықтары.  Ауыл  шаруашылығы-материалдық 

өндірістің негізгі саласы. Егін шаруашылығы: астық, бұршақ, көкөніс, бау-бақша, жеміс-

жидек,  майлы,  цитрус,  техникалық,т.б.  дақылдар.  Мүйіздігі  ірі  қара,  жылқы,  түйе,  қой-

ешкі,  шошқа,  балық,  құс,  марал,  т.б.  шаруашылықтар.  Агроөнеркәсіптік  кешен,  ауыл 

шаруашылық салаларының жеңіл және тамақ өнеркәсіптермен тығыз байланыстылығы.  



«Үлкен  жетілік»  экономикалық  блогының  дүниежүзілік  шаруашылықтағы 

рөлі  мен  маңызы.  «Үлкен  Жетілік»  құрамы,  жалпы  сипаттамасы.  Дүниежүзілік 

шаруашылықтағы  орны:  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  көлік  қызмет  көрсету 

саласындағы  алатын  үлесі.  Ұлтаралық  бірлестіктер  арқылы  «Үлкен  Жетілік»  елдерінің 

әлемдік экономикаға ықпал етуі. 



Жаңа  индустриялы  елдер.  Дүниежүзілік  шаруашылықтағы  маңызы.  Азия, 

Латын  Америкасындағы  жаңа  индустриялы  елдер,  олардың  экономикалық-әлеуметтік 

дамудағы  ерекшеліктері.  Осы  елдердің  дүние  жүзілік  шаруашылықтағы  орны  мен 

ерекшеліктері.  Бразилия,  Мексика,  Оңтүстік  Корея  елдерінің  шаруашылық  салаларының 

құрылымы мен ұқсастықтары, ерекшеліктері.     

 

 


 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ 

 

Қазақстан  территориясының  антик  дәуіріндегі  зерттелуі.Птоломей,  Страбон, 

Геродот  еңбектеріндегі  Қазақстан  аумағы  туралы  мәліметтер.  Ежелгі  карталарда  қазақ 

жерінің бейнеленуі. 

Қазақстан географиялық орны және оның  табиғатына аумақтық ерекшеліктеріне 

әсері. 


Қазақстанның  геологиялық  құрылысы.Негізгі  тектоникалық  құрылымы: 

кембрийге  дейінгі  және  эпигерциндік  платформалар,  палеозойлық  (каледондық  және 

герциндік) қатпарлы облыстар. 

Қазақстан аумағындағы кездесетін морфо-мүсіндер. 

Қазақстанның  жер  бедері  және  олардың  типтері.  Қазіргі  рельефінің  қалыптасуына 

неотектоникалық процестің әсері. 

Палеозойдағы  Қазақстан  аумағының  дамуы.Тау  жасалу  қозғалыстары  мен 

қатпарлықтар.  Жер  бедеріндегі  өзгерістер.  Теңіз  трансгрессиялары.  Палеозойлық 

құрылымдар. 

Қазақстанның  қазіргі  жер  бедері.  Қазақстанның  қазіргі  жер  бедерінің  қалыптасу 

жолдарына 

қарай 

топтастырылуы 



(тектоникалық-денудациялық, 

денудациялық, 

аккумуляциялық және аккумуляциялық-денудациялық). 

Қазақстан  аумағын  геоморфологиялық  аудандастыру.  Л.С.  Берг,  М.М. 

Өтемағанбетов, З.А. Сваричевская. 



Қазақстан  жеріндегі  атмосфералық  жауын-шашынның  таралуы.Жауын-

шашынның таралуы және оның жылдық мөлшері. Оның жыл мезгілдері бойынша өзгеруі. 

Жауын-шашынның табиғатқа әсері. 

Қазақстан территориясындағы ауа қысымының таралуы және желдердің басым 

бағыттары.  Ебі,  Сайқан,  Арыстанды-Қарабас,  Шілік,  Мұғалжар  желдері.  Желдердің 

шаруашылықтағы  маңызы.  География  ғылымы  жүйесіндегі  «Қазақстан  физикалық 

географиясының» орны мен ролі. 



Қазақстан  климаты.  Қазақстан  климатына  жалпы  сипаттама  және  климаттық 

аудандастырылуы. 



Қазақстан  аумағын  климаттық  аудандастыру.В.П.  Алисов,  Е.П.  Кузнецов, 

М.М.Өтемағанбетов схемаларындағы аудандастыру принциптері. 



Қазақстан  өзен  торы.  Ағынның  мұхитқа  құятын  және  тұйық  бассейндері. 

Өзендердің  қоректенуіне  және  молдылығына  қарай  типке  бөлінуі.  Өзендердің 

шаруашылық маңызы. 

Каспий,  Арал,  Балқаш  көлдеріне  физгеографиялық  сипаттама.Географиялық 

орны. Жағалау сызығы. Пайда болу жағдайлары. Аралдары. Климаты. Суының қасиеттері. 

Органикалық дүниесі. Экологиялық жағдайы. 

Қазақстан  тауларындағы  қазіргі  мұз  басулар.  Таралу  ерекшеліктері.  Қар 

сызығының биіктігі. Мұздықтардың өзендердің қоректенуіндегі ролі. 



Қазақстанның табиғат зоналары. Олардың қазіргі жағдайына кешенді сипаттама. 

Табиғат зоналарының таралу заңдылығы. 



Қазақстанның  жерасты  сулары.  Минералды  және  термальды  сулар.  Жерасты 

суларының шаруашылық маңызы. 



Қазақстан  аумағындағы  температураның  таралу  заңдылығы  (орташа  жылдық, 

қаңтар және шілде температуралары). География ғылымы дамуының негізгі кезеңдері. 



Қазақстанның көлдері, олардың таралу ерекшеліктері. Көл-қазан шұңқырларының 

типтері. Ащы және тұщы көлдер. Көлдердің шаруашылықтағы маңызы. 



Қазақстанның  топырақ  жамылғысы.  Оның  таралу  заңдылықтары.  Азоналдық 

және интрозоналық топырақтар. 



Қазақстан  аумағындағы  қорғалатын  аумақтар.Қазақстан  мемлекеттік  тұрғыдан 

қорғауға алынған аймақтары. Ұлттық саябақтар, табиғи қорықтары, қорықшалар, табиғат 

ескерткіштері.  

Топонимика-географиялық  атаулар  туралы  ғылым.  Халықтық  географиялық 

терминдер  негізінде  жасалған  атаулар.  Қазақстандағы  географиялық  атаулардың  негізгі 

топтары (оронимдер, ойконимдер, гидронимдер, зоонимдер,фитонимдер). Топонимдердің 

тілдік құрылымы. Ландшафттық терминдер негізінде жасалған атаулар. 



Қазақстанды физикалық-географиялық аудандастыру. Қазақстанды физикалық-

географиялық  аудандастырудың  таксономиялық  бөліктер  жүйесі.  Қазастан  тауларының 

биіктік табиғи белдеулері (Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу жотасы, Тянь-Шань). 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ 

 

Табиғат  жағдайлары  мен  табиғат  ресурстары  туралы  түсінік.  Оларғы 

экономикалық-географиялық  баға  беру.  Табиғат  ресурстарының  топтастырылуы. 

(Қазақстан мысалында). 

Қазақстан 

Республикасы 

халқы.Қазақстан 

Республикасы 

халқының 

орналасуындағы  негізгі  ерекшеліктері:  халқының  саны,  тығыздығы,  этностық  құрамы, 

еңбек ресурстары, елді мекендер типтері. 

Қазақстанның  электр  энергетикасы.  Энергия  көздері,  орналасу  факторлары, 

энергожүйелер, ірі электр станциялары. 



Қазақстанның  тамақ  өнеркәсібі.  Салалық  құрамы,  шикізат  базасы,  орналасу 

факторлары, басты орталықтары. 



Қазақстанның  химия  өнеркәсібі.  Маңызы,  салалық  құрамы,  шикізат  базасы, 

орналасу принциптері, басты орталықтары. 



Қазақстанның  агро-өнеркәсіптік  кешені.  Салалық  құрамы  мен  шикізат  базасы. 

Ауыл шаруашылық салаларының ТМД елдері экономикалық кеңістігіндегі аалатын орны. 



Қазақстанды  экономикалық-географиялық  аудандастыру.Қазіргі  құрамы. 

Қалыптасу прициптері. Әрбір ауданда қалыптасатын шаруашылықтың топтары, олардың 

мамандану жағдайлары. 

Қазақстанның  өсімдік  шаруашылығы.  Салалық  құрамы,  маңызы,  ауыл 

шаруашылығына жарамды жердің құрылымы, дақылдардың басты таралған аудандары. 



Қазақстан  Республикасының  жеңіл  өнеркәсібіне  сипаттама.Салалық  құрамы, 

Қазақстан табиғатын географиялық тұрғыдан зерттеу кезеңдері. 



Қазақстанның  қара  металлургиясы.  Шикізат  базасы,  орналасу  принциптері, 

комбинаттың түрлері, ірі орталықтары. 



Қазақстанның түсті металлургиясы: салалық құрамы, минералды шикізат базасы, 

орналасу  факторлары,  негізгі  орталықтары.  Қазақстан  мен  ТМД  экономикалық 

кеңістігіндегі оның алатын орны мен маңызы. 

Қазақстанның  машина  жасау  кешені:  маңызы,  салалық  құрамы,  қазіргі  даму 

жағдайы, ірі кәсіпорындар. 



Қазақстан өнеркәсібіне сипаттама: маңызы, салалық құрамы, оның қазіргі жетекші 

салаларының  даму  жағдайы.  Қазақстан  өнеркәсіп  салаларындағы  шетелдік  фирма  және 

компаиялар. 

Қазақстанның  мал  шаруашылығы,  қазіргі  даму  жағдайы.  Мал  түрлерінің негізгі 

таралған  аудандары,  оған  әсер  ететін  факторлар.  Тұран  Жазығы  мен  Солтүстік  Қазақ 

жазығына салыстырмалы түрде физикалық-географиялық сипаттама. 

Қазақстанның көлік кешені:  дамуының алғы шарттары, көлік түрлері, оларға тән 

ерекшеліктері. Негізгі магистралдары. 



Оңтүстік Қазақстанға экономикалық-географиялық сипаттама табиғат жағдайы 

мен ресурстарына баға беру. Шаруашылықтың маманданған салаларына сипаттама. 



Батыс  Қазақстанға  экономикалық-географиялық  сипаттама  табиғат  жағдайы 

мен  ресурстарына  баға  беру.  Экологиялық  проблемеалрының  шешілуі.  Маманданған 



шаруашылық  салаларына  сипаттама.География  ғылыми  жүйесіндегі  «Қазақстан 

экономикалық және әлеуметтік географиясының» орны мен ролі. 



Шығыс Қазақстанға экономикалық-географиялық сипаттама. Табиғат жағдайы 

мен табиғат ресурстары, шаруашылығының маманданған салалары.  



Орталық Қазақстан ауданына экономикалық-географиялық сипаттама.Табиғат 

жағдайы  мен  табиғат  ресурстарына  баға  беру,  шаруашылығының  маманданған 

салаларына сипаттама. 

Қазақстанның  рекреациялық  ресурстары.  Рекреациялық  шаруашылықты 

қалыптастырудағы ролі. 



Солтүстік  Қазақстанның  экономикалық-географиялық  сипаттама:  табиғат 

жағдайы  мен  табиғат  ресурстарына  баға  беру,  шаруашылығының  маманданған 

салаларына сипаттама. 

Жасанды көлдер. Олардың салыну себебі. Шаруашылық маңызы. Бөгендер. 

Қазақстан  Республикасының  экономикалық-географиялық  жағдайы  және 

тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістері. 

 

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Географияны  оқыту  әдістемесі  –  педагагикалық  ғылымдардың  бiрi.  Оның  оқып-

үйрену пәнi және зерттейтiн басты проблемалары. Географияны оқыту әдістемесінің басқа 

ғылымдармен:  география,  дидактика,  психологиямен    байланысы.  Географияны  оқыту 

әдістемесінің практикамен байланысы. 

Әдістеме  ғылымының  зерттеу  әдістері.  Зерттеудiң  теориялық  әдістері:  жүйелi-

құрылымдық  талдау,  типологиялық  тәсiл,  тарихи,  салыстыру,  математикалық  әдiс. 

Эмпиристiк  әдістер:  мектеп  практикасын  оқып  үйрену,  алдыңғы  қатарлы  әдістерды 

кеңейту және тарату; педагогикалық эксперимент. Әдістемелік зерттеудi құру логикасы. 

Әдістеме  ғылымының  қазiргi  кезеңдегi  даму  ерекшелiгi:  зерттеудiң  ғылыми-

теориялық  деңгеiнiң  өсуi;  экперименттiң  ұдайы  кең  түрде  пайдаланылуы;  оқушының 

оқуына  көңiл  аудару;  бiрнеше  ғылыми  ұжымдардың  бiрiккен  күшiмен  iрi  кешендi 

тақырыптарды  жоспарлау  және  жүзеге  асыру.  Оқытушылардың  географияны  оқыту 

әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстарына қатынасуы. 



 

Географияны оқыту мақсаты. орта мектептегiгеографиялық бiлiмнiң 

құрылымы мен мазмұны 

«Оқыту  мақсаты»  ұғымы.  Географияны  оқытудың  бiлiмдiк,  тәрбиелiк  және 

дамытушы  мақсаты.  Географияның  оқушыларға  экономикалық,  экологиялық,  кәсiптiк 

бағдар және политехникалық бiлiм берудегi ролi. 

«Географиялық 

бiлiм  мазмұны»  ұғымы.  Оқу  пәнi  -ғылымның  ерекше  

«педагогикалық  проекциясы».  Мектеп  географиясының  мазмұны-ұжымдық  ғылыми 

iздену  нәтижесi.  Мектеп  географиясы  құрылымы.  Бағдарламаның  бiр  бағытты-сатылы 

құрылуы. Курстардың бiр iздiлiгi, олардың мазмұндағы аса маңызды ерекшелiк. 

Бағдарлама  мен  оқулықтарды  географияны  оқытудағы  өлкетану,  политехникалық, 

экологиялық және экономикалық принциптердiң орындалуы. 

Мектеп  географиясы  курсының  мазмұнына  логикалық  талдау.  Мазмұнының  негiзгi 

компоненттерi.  Бiлiм,  оның  теориялық  және  эмпирикалық  болып  бөлiнуi;  географияның 

барлық  курстарында  теориялық  бiлiмдер  ролiнiң  күшейтiлуi.  Iскерлiк.  Мектеп 

географиясы мазмұнындағы iскерлiк өсу дәрежесiнiң себептерi. 

Дүниетану  идеясы.  Бiлiм  мазмұнындағы  шығармашылық  әрекеттiң  iс-тәжiрибесi. 

Мектеп географиясы мазмұнындағы курс аралық және пән аралық байланыстар. 

Орта  мектепке  арналған  бағдарлама-мектеп  географиясы  мазмұнын  анықтайтын 

негiзгi құжат. Бағдарламаның әдістемелік жабдықталуы. 

 

Географияны оқыту әдістері. географияны 

оқытудың жаңа технологиялары 


Географияны  оқыту  әдістемесінде  қабылданған  оқыту  әдістері  классификациясы: 

бiлiм  алу  көздерiне  және  оқушылардың  таным  iс  әрекетiне  қарай  (И.Я.Лернер  мен 

М.Н.Скаткин дидактикалық негiзiнде). Оқушыларды өз бетiнше білім алуға, оқуға үйрету, 

өсiп келе жатқан жас ұрпақтардың өзбетiнше таным әрекетiн қалыптастыруды қамтамасыз 

ету. 

Оқушылардың таным әрекеттерi сипатына қарай ажыратылатын географияны оқыту 



әдістері:  түсiндiру  –  иллюстрациялық,  репродукциялық,  проблемалық  баяндау,  iшiнара 

iздену  және  зерттеу.  Әрбiр  әдістің  мiндетi,  оқытушы  мен  оқушылардың  iс-әрекеттерi, 

география оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiгi, мысалдар. 

Оқушылардың  өз  бетiнше  жұмыс  iстеуi  үшiн  берiлетiн  типтiк  және  проблемалық 

(немесе творчестволық) тапсырмалар, олардың оқыту әдістерімен байланысы. Жекелеген 

оқыту құралдарымен (карта, цифрлық материалдар, картиналар, экран құралдарымен т. б) 

жұмыс iстеу.  

Географияны  оқыту  процесiнде  оқушылардың  бiлiм  және  өзбетiнше  таным 

iскерлiгiн игеру дәрежесi. Оларды сабаққа даярлану және өткiзу процесiнде пайдалануы. 

Оқушыларды  проблеманы  шешу  жолымен  үйрету  –  проблемалы  оқытудың  басты 

белгiсi.  Проблемалы  оқытудың  негiзгi  ұғымдары:  проблемалық  ситуация,  проблема, 

гипотеза. Географияны проблемалы оқытудың әр түрлi жолдары: оқушыларға жекеленген 

проблемалар қою және тақырыпты оқып-үйренуге түгелдей проблемалық тәсiл жасау.  

Географиядан  оқу  процесiнде  проблемаларды  енгiзу  әдiстерi.  Оқушыларды 

проблемаларды шешуге үйрету, гипотезаны тұжырымдау және тексеру. 

Мектеп  практикасындағы  оқыту  әдістері.  Iшiнара  iздену  және  зерттеу  әдістерін 

қолдану; проблемалы оқыту – география оқытушысының озат көрсеткiшi.  

Географияны  оқытудағы  қолданылатын  жаңа  технологиялар.  Гоеграфияны 

оқытудағы блоктық- модульдік технология. Мектеп география курстарының мазмұнының 

дамыта  оқыту  принцптері,  олардың  ерекшеліктері.  Сарлап  деңгейлеп  оқыту,  деңгейлік 

тапсырмалар құруға қойылатын негізгі талаптар.  

 

Географияны оқыту процесiнде оқушыларда 



бiлiм мен iскерлiк қалыптастыру 

    Теориялық 

бiлiмдер 

қалыптастыру. 

Географиялық 

ұғымдарды 

игеру 

ерекшелiктерi.  Жалпы  географиялық  ұғымдар  қалыптастырудың  индукциялық  және 



дедукциялық  жолдары,  лайықты  жолдарды  таңдау  жағдайлары.  Жеке  ұғымдарды  оқып-

үйрену  ерекшелiктерi.  Географиялық  ұғымдарды  қалыптастыру  әдiстерi,  оқушылардың 

таным белсендiлiгiн ұйымдастыру және мазмұны. 

    Оқу  материалы  мазмұны  мен  оқыту  жағдайларына  байланысты  себеп-салдар 

байланыстарын  оқып-  үйрену  әдiстерi.  Себеп  –  салдар  байланыстарын  игеру 

ерекшелiктерi  мен  көрсеткiштерi.  Себеп-салдар  байланыстарын  анықтауда  оқытудың 

негiзгi кезеңдерi. 

    Географиялық  заңдылықтар  туралы  бiлiм  қалыптастыру;  бұл  процестiң  негiзгi 

кезеңдерiнiң сипаты және оқушылардың бiлiмдi игеруiндегi ерекшелiктер. Географиялық 

заңдылықтарды ашу әдiстерi. 

    Эмпирикалық  бiлiм  қалыптастырудағы  өзгешелiктер.  Жалпы  және  жеке 

географиялық  түсiнiктер,  оларды  қалыптастыру  әдiстерi.  Географиялық  түсiнiктер    мен 

ұғымдардың  байланысы.  Мектептi  қоршаған  ортада  байқауларды  және  көрнекiлiк  оқыту 

құралдарын пайдалану. 

Оқытушы  мен  оқушылардың  педагогикалық  ролiне  байланысты  географиялық 

фактiлермен жүргiзетiн жұмыстарының мазмұны. 

Iскерлiк  пен  дағды  қалыптастыру.  Бұл  процестiң  географиялық  бiлiмдi  игерумен 

байланысы.  Iскерлiк  пен  дағды  қалыптастыру    әдiстерi;  картаның  ролi;  физикалық  және 

экономикалық 

географиялық 

объектiлерге 

сипаттама 

берудiң 

қалыптасқан 

жоспарларымен  жұмыс.  Iскерлiкке  үйретудiң  жалпы  кезеңдерi;  оларды  игеру 

көрсеткiштерi.  Бағдарламадағы  сарамандық  жұмыстарды  орындау-оқыту  процесiнде 

iскерлiк қалыптастырудың кепiлi. 


Бiлiм  мен  iскерлiк  қалыптастыру  және  географияны  оқыту  принциптерiн  жүзеге 

асыру  арасындағы  байланыс:  өлке  тану,  политехникалық,  экологиялық  және 

экономикалық.  Оқушыларда  бiлiм  мен  iскерлiк  қалыптастырудағы  география 

оқытушыларының озат iс-тәжiрибелерi. 



 

Географияны оқыту құралдары. География кабинетi 

Мектеп  географиясындағы  оқыту  құралдарының  мiндетi.  Оқыту  құралдарын  жасау 

процесiнде  еске  алынатын  негiзгi  факторлар.  Географиялық  объектiлер  мен 

құбылыстарды  бейнелеу  тәсiлi  жағынан  оқыту  құралдарын    классификациялау.  Оқыту 

құралдары негiзгi топтарының мiндетi мен пайдалану мақсаты жағынан сипаты. 

Географияны  оқытудың  материалдық  базасы.  География  кабинетi  және  оның  оқу 

тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастырудағы  маңызы.  География  кабинетiнiң  негiзгi 

элементтерi,  олардың  сипаты.  Оқытушы  мен  оқушылардың  жұмыс  орындарын 

жабдықтауға қойылатын талаптар. Оқытушы столы мен сынып тақтасының ерекшелiктерi. 

Карта,  сызба-нұсқа  және  қабырға  картиналарын  сақтауды  ұйымдастыру.  Техникалық 

оқыту құралдары комплектiсi, оларды орналастыру.  

География  оқытушысының  география  кабинетiндегi  шаруашылық  ұйымдастыру 

жұмысы  және  оның  компоненттерi.  Кабинеттi  әр  түрлi  оқыту  құралдарымен  толықтыру 

жоспарын жасау. Кабинет құрудың негiзгi кезеңдерi. 

География  кабинетiн  оқу  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  жүргiзуде  пайдалану. 

География кабинетiн жабдықтаудағы география үйiрмесiнiң ролi. 



 

Географияны оқытудың негiзгiқұралдарымен жұмыс 

Географиялық  карталардың  оқудағы  мiндетi  географиялық  бiлiмнiң  аса  маңызды 

көзi.    Картаны,  олардың  оқу  процесiндегi  ролi  бойынша  классификациялау:  қабырға, 

столға  жайылатын,  мәтiнде  берiлген  және  оқулыққа  қосымша  берiлген,  электронды 

карталар;  олардың  мазмұны  мен  пайдалану  ерекшелiктерi.  Географиялық  карталарды 

оқып  үйрену  мақсаты  және  олармен  мектеп  географиясы  курстарында  жүргiзiлген 

жұмыстар. «Картаны түсiну», «оқу» және «бiлу» ұғымдарының мазмұны. 

Картаның  мазмұны  және  картаны  түсiнудi  оқытудағы  негiзгi  әдiстерi. 

Картографиялық ұғымдар жүйесi. Картаны оқуға үйрету әдiстерi. Басты картографиялық 

iскерлiктер  және  олардың  физикалық  және  экономикалық  география  курстары  бойынша 

айырмашылығы.  Картаны  бiлудi  қамтамасыз  ететiн  оқыту  әдiстерi.  Географиядағы 

iшiнара  iздену  және  зерттеу  әдістері  мен  проблемалы  оқыту  құрамында  картамен 

жүргiзiлетiн жұмыстар. 

География  оқулықтары,  олардың  атқаратын  қызметi.  Оқулықтардың  ғылыми 

мазмұны  мен  әдістемелік  аппараттың  сипаты.  Мәтiннiң  құрылымдық  компоненттерi. 

Оқулықтың  мәтiн  және  мәтiнен  тыс  компаненттерiмен  жүргiзiлетiн  негiзгi  әдiстерi. 

Физикалық,  экономикалық  географиялардың  мазмұнын  және  оқушылардың  жас 

ерекшелiгiн  ескерiп  оқытудың  әр  сатысында  мәтiнмен  жұмыс  iстеу  әдiстерiнiң  өзгеруi. 

Оқушылардың  оқулықты  пайдалануында  творчестволық  сипаттың  күшеюi.  Оқулықпен 

жүргiзiлетiн жұмыстарға қойылатын жалпы әдістемелік талаптар. 

Қабырға  картиналары  мен  экрандық  құралдардың  негiзгi  мiндеттерi.  Қабырға 

картиналары, оқу кинофильмдер, диафильмдер, диопозитивтер және транспоранттарымен 

жүргiзiлетiн  жұмыстардың  ерекшелiктерi.  Оқытушының  оларды  пайдалануға  даярлығы. 

Географияны оқытудың әр түрлi әдістемесін пайдалану кезiнде қабырға картиналары және 

экрандық құралдармен iстелетiн жұмыстар. 

Физикалық  және  экономикалық  география  курстарындағы  статистикалық 

көрсеткiштердiң  маңызы  және  олармен  оқыту  процесiнде  жүргiзiлетiн  жұмыстар.  Берiлу 

тәсiлiне  байланысты  мектеп  географиясында  статистикалық  мәлiметтердiң  негiзгi 

топтары. Жеке (топтастырылмаған) көрсеткiштермен жұмыс жүргiзу әдiстерi. Графиктер, 

диаграммалар  және  статистикалық  таблицалардың  танымдық  мүмкiндiктерi,  оларды  оқу 

әдiстерi. Цифрлық материалдардың ерекшелiктерiн ескерiп графиктер, диаграммалар және 

статистикалық  таблицаларды  оқытудың  мазмұны  және  жүйелiлiгi.  Қазақстан 



экономикалық  және  әлеуметтiк  географиясы  курсындағы  экономикалық  есептер  және 

олардың  мақсаты.  Экономикалық  есептер  құруға  қажеттi  цифр  материалдарды  алу 

көздерi.  Географияны  оқыту  құралдарын  пайдалану  жөнiндегi  оқытушылардың  озат  iс-

тәжiрибелерi. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет