Бейорганикалық химия пәні, оның жаратылыстану пәндер жүйесіндегі орны. Атом молекулалық ілім. Жай және күрделі заттардың мольдік эквиваленттік массалары.
Лектор: х.ғ.к., қауымдастырылған
профессор Мукатаева Ж.С.
Химиялық элемент – ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі. Әзірше бізге 111 элемент белгілі.
Атом – химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.
Атомның оң зарядталған ядродан және теріс электрондардан тұратыны белгілі. Оның негізгі қызметін оң зарядты ядро анықтайды. Ядро заряды өзгерсе атом да, оның қасиеті де өзгереді.
www.themegallery.com
Молекула – бірнеше атомнан тұратын бөлшек.
www.themegallery.com
Атомның массасы өте кішкентай. Дегенмен қазіргі кезде оны өте дәл анықтауға болады.
Іс жүзінде мұндай сандармен есептеу жүргізу, есте сақтау ыңғайсыз. Сондықтан атом массасын салыстырмалы бірлікпен өлшеу келісілген. Салыстырмалы атомдық массаның бірлігі ретінде көміртегі атомының 1/12 бөлігі алынды.
www.themegallery.com
№ 2 дәріс
Химияның негізгі стехиометриялық заңдары.
Лектор: х.ғ.к., қауымдастырылған
профессор Мукатаева Ж.С.
Химияның негізгі заңдары:
Зат массасының сақталу заңы;
энергия сақталу заңы;
құрам тұрақтылық заңы;
еселік және көлемдік қатынастар заңдары;
Авогадро заңы,
эквиваленттер заңы.
Бұл заңдар стехиометриялық заңдар деп аталады, себебі олар барлық заттардың массалары мен көлемдерін есептеуге қолданылады.
Стехиометрия –ол әрекеттесуші заттардың массалық немесе көлемдік қатынастары туралы ілім.