ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР
Жүсіпбекова Шаттық Кенбайқызы
Математика пәнінің мұғалімі, Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебі КММ, Тұрмағамбет ауылы
Қазіргі таңда білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір. Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Жаңа педагогикалық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.
Жаңа педагогикалық инновациялық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағында оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Жаңа педагогикалық инновацияны сабақта пайдаланудың тиімділігі оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; жан - жақты ізденушілігін арттырады. Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. [1]
Оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол мұғалімнен білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты жəне мол дайындықты қажет етеді. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты əрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мəселелік бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді жəне қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:
- қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланатын жекелеген əдістер мен тəсілдерді қолдануды;
- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;
- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды;
- педагогикалық диагностиканың қарапайым əдістерін қолдана отырып, қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды. Бірақ мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім жаңа педагогикалық инновация бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды болуы тиіс. Себебі, əрбір пəн мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үдерісінде пайдалану əр түрлі сипатқа ие. Қазіргі кезде сабақтарды ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Мұнда компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық және математикалық формулалар, физикалық және математикалық шамалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық кұбылыстардың динамикалык бейнесі және т.б. жатқызуға болады.
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді біріктіріп білім беру оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыруға және ақпараттық сауатты болып өсулеріне ықпал етеді. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.
Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады. Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Педагогикалық – инновациялық технологияларды математика, физика, информатика сабақтарында жаңа тақырыпты өткенде, өзіндік жұмысты тексеру кездерінде, аралық және қорытынды бақылау сабақтарында қолдану өте тиімді. Сабақ кезінде слайд - фильмдерді, бейне-сабақтарды және Kahoot!, GeoGebra бағдарламаларын пайдалану дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың көрнекілігін, тиімділігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, математика сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Ойынды сабақта қай кезде және қалай қолданса болады?
Ойын: - сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. - сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. - сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Ойын əрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нəрсе: білім, əрекет, қарым-қатынас. [2]
Заман талабына сай əр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үдеріс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді əдістердің бipi.
Kahoot! бағдарламасы – оқу мақсатында дидактикалық ойын арқылы және оның көмегімен тест, сауалнама құрастырып оқушының білім деңгейін анықтау үшін құрылған бағдарлама. Бұл бағдарлама мұғалімге лексикалық және грамматикалық білімді ерекше түрде бағалауға мүмкіндік береді. 5 «ә» сыныбына бақылау жүгізілді, бірінші аптада бағалауды көбінесе таратпа материалдары арқылы алынды. Бірақ, бірқалыпты әр оқушы өз деңгейінен аса алмады. Екінші аптада Kahoot! бағдарламасы арқылы бағалауды сынап көрді, нәтижесі жақсы. Себебі, оқушылардың жауаптары жылдам, уақытқа үлгеріп және дұрыс жауап беріп отырды. Зерттеуді қорытындылай келе, Kahoot бағдарламасы қолданылған сынып оқушылары сабаққа көбірек зейін қойып, белсенді қатысып оң нәтиже көрсетті. Бұл бағдарламаны пайдаланудың екі тиімді жағы бар: біріншіден оқытушы мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнайды, екіншіден оқушылар арасында бәсекелестік туындап, тиімді шешу жолдарын ұсынып, жаңа мәліметтер мен тақырыпты толық ашуға қызығушылығы оянады. Сонымен, сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында Kahoot бағдарламасын пайдаланған тиімді. [3]
Екінші ұсынатын бағдарлама GeoGebraны математика сабағында қолдану, бағдарламаның негізгі ерекшеліктері:
геометриялық және стереометриялық сызбаларды құру және оларды анимациялау;
екі өлшемді (2d) және үш өлшемді (3d) формадағы функциялардың грфигін салу;
браузер және ұялы телефон арқылы қолдану;
сызбаларды AR – ге көшіру.
GeoGebra бағдарламасы сабақ барысында қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы артады, уақытты тиімді пайдалана алады.
Ұстаз еңбегінің қыр сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, əсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құралжабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, əрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, əрбір мұғалімге өзіндік əдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді. Оқытудың нəтижелі болуы оны ұймдастыру əдістеріне жəне бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық əдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді. [4]
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-əрекеті тиімді болатыны əркезден-ақ мəлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үдерісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде жəне оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Айтмамбетова, Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2. Ф. Б. Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. – Алматы: 2014. – 360 бет.
3. https://create.kahoot.it/details/8bcf6cb2-d9c4-4296-a8e5-f496f831bf04
4.https://martebe.kz/zheke-t-l-any-alyptastyru-men-funkcionaldy-sauattyly-ty-damytu-ma-satynda-a-ylshyn-tili-saba-ynda-kahoot-ba-darlamasyn-tiimdi-oldanu/
Достарыңызбен бөлісу: |