«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті »
Жаратылыстану-Математика факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Шахмат ойынының ережелері
Тексерген: Сахаев Бақытжан
Орындаған: Айдарханова Нұрай
Топ: Б1-201
2023 ж.
Шахмат — логикалық ой өрісті машықтандыратын спорт түрі. Шахмат сөзі парсы тілінде "шах" патша, "мат" өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі саналады.
Шахмат спортының отаны – Үндістан. Біздің дәуірімізге дейін бір ғасыр бұрын пайда болған. Шахмат жайлы көне аңыз бар. Шахматты ойлап тапқаны үшін брамин (жасаушы) раджыдан, яғни патшадан оны жасап шығарғаны үшін азғантай ғана үстеме сұрайды: шахмат тақтасына неше бидай дәнегі сыйып кететін болса, соншалығын алып тұруы керек. Әрбір торға бір дәнектен орналастырса, ол кейіннен екі есеге көбеюі тиіс. Нәтижесінде патшаға 18446744073709551615 (18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 73 биллион 709 миллион 551 мың 615) бидай дәнегі қажет болып шығады. Бұл дегеніңіз бүкіл әлем бидай қорын бір ортаға жиыстырып қойсаңыз да, сан көрсеткіші белуардан аспайды.
Шахмат тастарының (фигураларының) атаулары, терминдер
Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады, оның 32-сі ақ түске, 32-сі қара түскебоялған. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті 16 тас (шахмат фигурасы) болады. Олар жайлы айтып кетсем,
Тақта үстіндегі шиеленіскен тартыста белгілі бір мақсат бар. Ол шахмат ойынында басты фигура болып есепте-летін корольге мат беру. Корольге мат берілуімен партия аяқталады.
Ойнаушылар кезектесіп жүреді, яғни кез келген фигураны оның жүру тәртібі бойынша бір шаршыдан екінші шаршыға жылжытады. Кезекте тек бір ғана фигураны жүруге болады. Бұл ереже тек рокировка (корольді тұрадан аттатып қою) жасағанда ғана сақталынбайды.
Ақ жағының бірінші жүрісінен кейін, қара жағы бірінші жүріс жасайды. Сөйтіп ойын осылай жалғаса береді.
Әрбір шаршыда тек бір ғана фигура тұра алады. Алайда жүрілген фигураның жолында қарсы жақтың ережеге сәйкес «жеуге» болатын фигурасы тұрса, онда оны алып, орнына өз фигурасын қояды. Бірақ фигураларды жеу міндетті емес, оны жеу керек пе, керек емес пе, оны жағдайға қарап ойнаушының өзі шешеді.
Шахмат ойнының қағаз бетіне түскен бейнесін диаграмма деп атайды. Ойында белгілі бір мақсат болғандықтан, сол мақсатты жүзеге асырудың айла тәсілдері де болады. Тақтадағы негізгі күрестің жалпы жоспарын стратегия деп, ал айла тәсілдерін тактика деп атайды.
Жалпы алғанда стратегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен байытып отырған жөн. Тактика көмекші әдіс. Алайда оның маңызы стратегиядан кем емес. Мәселен ойыншы стратегиялық жоспарды жүзеге асырам деп отырып, қарсы жақтың бір тактикалық соққысын көрмеуі , соның салдарынан мат болып жеңілуіне әкеліп соғады.
Әрбір шаршының өз аты болады. Шахмат тақтасының 8 горизонталь қатарындағы шаршылары а,b,c,d,e,f,g,h латын әріптерімен (ағылшынша емес) белгіленеді де, а, бэ, цэ, дэ, е, эф, жэ, аш деп оқылады, ал 8 вертикаль қатарындағы шаршылар 1,2,3,4,5,6,7,8 араб цифрларымен белгіленеді. Мұны шахмат нотациясы (шартты белгілері) деп атайды. Оны жатқа білген жөн. Дегенмен әр шаршы тігінен және көлденеңінен қиылысып жатқандықтан, оларды әріппен, санмен қосып белгілейді. Мысалы, «е» тік алаңы мен 6-шы көлденеңнің қиылысқан шаршысы «е6» деп аталады.
Шахмат тастарының жүрістері
Шахматты алғаш ойнау үшін шахмат фигураларының қасиеттерін білп алуымыз қажет. Шахмат фигурасының жүрісі дойбыдан мүлде басқа. Олардың сыртқы түріне қарай жүрістері мен атқаратын қызыметтері әр түрлі.
Король шахмат ойынында ең маңызды және әлсіз фигура. Оның маңыздысы тақтадағы шайқас тек осы фигура үшін болады. Ал қалған фигуралар осы фигураны ғана қорғап жүреді.
Ферзь бұл фигура шахмат ойынының тақтасында кез келген бағытқа жүре алатын ең жақсы фигура. Ферзьні кейбір шахматшылар королева (ханша) деп те атайды. Бұл негізі дұрыс емес. Ферзьні шахмат ойынында королева деу шахмат ойынының табиғатына жат ұғым деп түсінуіміз керек.
Ладья бұл ойында шаршылардаң тіке және көлденең қатарларымен жүреді.Өзі түстес фигураладың және қарсы фиугураладдың үстінен қарғи алмайды. Егер жүретін жолында королдан басқа фигуралар түрса өзінің жүріс тәртібімен жей алады.
Слон бұл фигураны сөйлеу тілімізде офицер деп атайды. Пілдер дойбы ойындағы диагноль бойынша жүреді. Піл екі – екіден болады.
Конь жүрісі күрделі фигура ат. Бірақ мұның жүрісі белгілі бір бағытқа бағынған. Ат өзінің табиғатында секіре алатын жылдам жануар. Сондықтан шахмат ойынында ат фигураладың үстінен секіріп жүре алады. Аттың жүрісін үйрену үшін мына бір заңдылықты үйрену керек. Ат өзі тұрған орнынан санағанда екі шаршы ілгері, бір шаршы не оңға, не солға жүреді. Байқасаңыз «Г» әріпі тәріздес.
Пешкалар шахмат ойынындағы ең әлсіз фигура. Пешкі алғашқы жүрісінде екі шаршы немесе бір шаршы жүреді. Егер пешкі алға қарай екі шаршы жүрсе одан кейін бір шаршымен жүреді. Егер бір түсті пешкілер диогнолы бір бірімен байланысса онда оны пешкілер тізбегі деп атайды.
Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді үйреніп, орындайтын соғыс алаңы секілді. Ойын кезінде егер шахматшы бірінші болып жүретін болса, онда ол ойынды бастау үшін 20 түрлі тәсілді пайдалана алады, ал қарсыласы жауап қайтару үшін 400 түрлі төтеп беру жолдарын қарастыра алады. Бұл дегеніміз сондай терең ой мен шыдамдылықты дамытатын спорт түрі деп айтуғада болады. Сонымен қоса, ақыл-ой мен логикалық ой өрісті машықтандыратын, әр уақытын толғаныс пен қызығушылықта ұстайтын қызықты ойын.
Достарыңызбен бөлісу: |