таңдау принциптері мен мазмұны. Қазіргі кезде бастауыш мектептің жаратылыстану пәнінде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады.
Бірінші бағыт табиғат және қоршаған дүние жөнінде білім қалыптастыру. Жаратылыстану бұл интегративті курс, оның негізіне диалектикалық жүйе бірлестігі салынған ‘’табиғат – адам - қоғам’’. Бұл жүйенің құрам бөліктерінің ерекшеліктері мен қасиеттерін әртүрлі ғылымдар, география, геология, биология, химия, физика, топырақтану, экология қарастырады. Әр ғылымның элементтерін интеграциялау оқушыларда табиғат, оның құрылымдары арасындағы байланыстылық пен өзара тәуелділікті қалыптастыруға жағдай тудырады. Сондықтан білім қалыптастыруда бірінші бағытта қажет:
Оқушыларда мектепке дейін алынған бар мәліметтерді қорытындылау.
Негізгі табиғат ұғымдарын, өлі және тірі табиғат жөнінде, табиғат объектілері (су, ауа, тау жыныстары, топырақ, тірі ағзалар) және олардың қасиеттері жөнінде түсінік қалыптастыру.
Алғашқы географиялық ұғымдарды, карта және глобус туралы түсініктерін қалыптастыру.
Күн жүйесі және Жер планетасы туралы элементарлы мәліметтер беру.
Адам ағзасының құрылыс ерекшеліктерімен таныстырып, оның негізінде кейбір жеке бас гигиенасы және өмір қауіпсіздігі негіздерін қалыптастыру.
Табиғаттану бағдарламасының негізіне өлкетану принциптері алынған- туған өлке табиғатын оқыту ол денелер мен құбылыстармен тікелей таныстыру негізінде ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, бақылағыштықты дамытып,білімді тек қана оқулықтан ғана емес, қорщаған ортадан да алуды үйрету.
Екінші бағыт оқушыларға экологиялық біліммен табиғатты қорғауға тәрбиелеумен байланысты. Қай бағдарламамен оқытылатына қарамастан жаратылыстану пәнінің негізгі өзегі – табиғатты қорғау. Жұмыстың қажеттілігі мен мәнділігін түсіну үшін негізгі көңіл оқушылардың табиғатты қорғау іс-шараларына тікелей қатысуына жағдай жасау бағытында жұргізілуі керек, оқушылар:
Тірі ағзалардың өзара байланысы мен тәуелдігі және өлі табиғатпен байланысы жөнінде түсінік алады.
Негізгі табиғатты қорғау іс-шараларымен танысады, ол табиғатта өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастырады.
Балалардың қоршаған ортаға адамгершілік қарым-қатынасы қалыптасады. Оны қорғауға деген жауапкершілік сезімі тәрбиеленіп, табиғаттағы белгілі тәртіп ережелері қалыптасады. Осының барлығы жеке бастың экологиялық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты.
Қоршаған табиғатты қорғауда және қоғамның дамуында ғылым мен білімнің ролін ашуға жаратылыстануды оқыту көмектеседі. Бастауыш мектепте пәнді оқытуда оқушылар келесі білімді алады:
Планета ретінде Жер туралы, оның Күн жүйесіндегі орналасуы, Жердің қозғалуы және онымен байланысты табиғатта болатын өзгерістер туралы;
Жер сфералары, олардың негізгі қасиеттері туралы;
Табиғат құбылыстары туралы;
Планетаның тірі ағзалары, олардың өлі табиғатпен байланысы және оған тәуелділігі, тірі табиғатта болатын өзгерістер туралы;
Планетаны мекендеуші ретінде адам, оның басқа тірі ағзалармен қоғамдастығы, оның ағзасының ерекшеліктері;
Табиғаттағы экологиялық байланыстар және қоғам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтар;
Адамның шаруашылық әрекеті және табиғатты тиімді пайдалануы, оның планетадағы тіршілік алдындағы жауапкершілігі, табиғат байлығын сақтауы.
Оқу материалдарын іріктегенде оның ғылымилығы және ұғымдардың түсініктілігі ескеріледі, соған байланысты негізгі білім элементарлы түсініктер мен ұғымдар деңгейінде беріледі. Бұндай ұғымдарға денелер мен заттар туралы, су мен ауаның қасиеттері мен маңызы, минералдар, тау жыныстары мен пайдалы қазбалар, тірі табиғаттың көптүрлілігі, табиғаттағы құбылыстар мен өзгерістер жатады. Осы алғашқы пропедевтикалық ұғымдар орта мектепте жаратылыстану пәндерінің негізін саралап оқытуға негіз болып табылады.
Әрбір кезеңде алғашқы ұғымдар тереңдетіліп мазмұны толықтырылып, біртіндеп түсініктерге, келесі кезекте білімге ұласады. Осылайша жаратылыстану білімдерінің қалыптасуы келесі сызба бойынша жүреді: ‘’ұғым – түсінік – білім’’. Осындай жүйелілік білім мазмұнының тереңдеуі мен оның үйлесілімділігін қамтамасыз етеді. Пәнді оқытуда оқушылар жүргізген бақылауларын қорытындылап, бұрын алған ұғымдар, білім негізінде жаңа ұғым мен түсініктер қалыптастырады. Болашақта оқытылатын жаратылыстану пәндерінің блоктарымен бастауыштағы жаратылыстану пәнінің тығыз байланысы бар. Пәнаралық байланыс оқу пәндерінің байланыстылығын және түсініктер қалыптасуының ғылымилығын қамтамасыз етеді. Су, ауа, тау жыныстары топырақ жөніндегі ұғымдар бастауышта қалыптаса бастайды, оларды пәнаралық байланыс деп есептеуге болады. Осы заттардың қасиеттері жөніндегі білімдерін келешекте биология,