Отыра алмас ұл шыдап,
Қызың шыдап.
Жоғалғандар тізімі- ұзын шұбақ.
Қызыл кітап-
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ,- деп Қызыл кітапқа анықтама берді.
Оқулықпен жұмыс. ''Жануарлар әлемін қорғау. Қорықтар'' тақырыбын оқыту. Мәтінге жоспар құрғызу. Жоспар бойынша мазмұндату.
ІУ. 1. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?
2.Өсімдік, жануар әлемін қорғайтын халқымыздың салт- дәстүрлерін атаңдар.
3. Еліміздегі мемлекеттік қорықтарды атаңдар, картадан көрсетіңдер.
4 Шығыс Қазақстан қорықтарын атап, картадан көрсетіңдер.
Қорықтардың қызметі жайлы әңгімелеңдер.
Қазақстанның Қызыл кітабының 3-ші басылымы қашан жарық көрді? Қызыл кітаптың қандай беттері болады?
Қызыл кітапқа енген қандай жануарларды білесіңдер, атаңдар.
Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді атаңдар.
Сонымен елімізде жануарлар мен өсімдіктердің сан алуан көп түрлері тіршілік етеді, өседі. Олардың сандарының азайып кетуі, жер бетінен жойылып кету себептерімен таныстыңдар. Қызыл кітап :
У. Оқушылардың сабақтағы жауаптарын талдау жасап бағалау.
УІ. Үйге 98-100 беттерді оқу, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар жайлы қасқаша мәліметтер жинап келу. жұмысты тексеру, оқушылар жауабын бағалау, оны дәйектілеу.